Уақыт – мезгіл пернесі

Тақырып  Уақыт – мезгіл пернесі                  

Құндылық  Ақиқат

Қасиеттер: Өз бойларынан ақиқат іздеу, білім іздеу, шындық пен жалғанды ажырата білу

Мұғалім:   Каримова А.А       Сынып     10 «А»          Оқушылар саны- 

Сабақ мақсаты:  Оқушыларға ақиқат арқылы  мезгілдің, уақыттың адам өміріндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

 - уақыттың маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту;

-   оқушылардың адам өміріндегі мезгіл, уақыттың осы сәттің мәнін түсіндіру, өз уақытын  дұрыс пайдалана білуге және жауапкершілік қасиеттерінің дамуына ықпал ету;

-  оқушыларды өз бойларынан ақиқат іздеу, білім іздеу, шындық пен жалғанды ажырата білуге тәрбиелеу

                                                 

Ресурстар

Слайд «Уақыт –мезгіл пернесі»,

«Тыныштық сәті»

Бейне фильм «Тапқан табысың қайда кетеді» ,

 «Қайран уақыт»  әндері.

постерлер.

 

 

 

Сабақбарысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

 - Амандасу

-  оқушыларды тексереміз

- 5 т. Тәртіп, тыныштық, талап, тазалық, татулық

- 5 оқу құрал жабдықтары (дәптер, қалам, күнделік, оқулық, түрлі – түсті қалам) 

Тыныштық сәті

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақ

барысынталқылау:

 

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы  Ә. Нұршайықовтың  «Уақыт» туралы мәтінін оқып келу.

  1.       «Уақытты мәнді өткізу» дегенді қалай түсінесіз?
  2.       Мәтіндегі уақытқа байланысты  ойлармен келісесіз бе?
  3.       Көктемнің бір күні бір жылға азық дегенді қалай түсіндіңіздер?  
  4.       Өз уақыттарыңызды сіздер тиімді пайдаланасыздар ма?

Өз уақытын дұрыс пайдалана білгенде, уақыттың қадірін түсіне білгенде, өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын адам уақытын парасаты мен  ақылын, шындық пен жалғанды ажырата  білуге,  жан дүниесін жетілдіруге, кемелдендіруге, ізденуге жұмсайды.Уақытты босқа өткізбейтін  мәдениетті адам өзінің де өзгенің де уақытын үнемдейді.

 

Дәйексөз (дәптерге жазып аламыз)

 «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені» мақал

Осы мақалдың мағынасын қалай түсінесіздер?

Сіздер өз уақыттарыңызды қалай өткізесіздер?

Өзіңізге уақытыңыз жеткіліктіме?

Күнделікті өзіңе есеп бересіз бе?

Не істедіңіз? Қанша ісіңіз  ертеңгіге қалды?

 

Әңгімелесу

  1.       Бейне фильм.  (Тапқан табысың қайда кетеді?)

Ертеде  бір шаһарда екі кісі өмір сүріпті. Олардың бірі саудагер Даулет, ал екіншісі құдық қазып ақша табатын Сабыр екен. Саудагер   ылғида көршісінің ауыр   бейнетпен су шығарып жатқанын көріп, ішінен мынандай ауыр бейнет жасап жарлы болғанша, мен секілді сауда жасап неге бай болмайды екен деп ойлайды. Бір күні ол көршісіне қашан көрсемде ауыр бейнетпен пұл тауып жүргеніңді көремін, бірақ әлі байыған жоқсың. Сонда тапқаның қайда кетеді?- деп сұрайды. Сонда жарлы табысымды төртке бөлемін. Бірінші бөлігімен қарызымды өтеймін, екінші бөлігін қарызға беремін, ал үшінші бөлігін алдыңғы күнге азыққа қалдырамын, төртінші бөлігін ғана әйеліміз екеуміз азық етеміз деп жауап беріпті. Е, онда түсінікті - депті  Даулет көршісі. Бірақ түнімен ұйықтай алмай, азанда барып айтқанын түсіндіріп беруін өтінеді. Сонда көршісі сөзінің мәнін былай – деп түсіндіріпті. Бірінші бөлігімен қарызымды өтеймін дегенім, бірінші бөлігін кәрі ата – анама беремін деп айтқаным, олар мені өмірге әкелді, өсірді. Олардың еңбегін қайтару еш мүмкін емес, перзенттік борышты ешқашан өтей алмаспын. Сонда да өтеуге тырысамын, өйткені ата – анасына жақсылық жасаған адам  пайғамбарлар мен жәннатқа кіреді деген.   Екінші бөлігін қарызға бермін дегенім балаларға жұмсағаным, олар кейін бізді бағады, яғни қарызды қайтарады. Басқаларға мейірім етпеген өздері де мейірімге бөленбейді деген.  Үшінші бөлігін алдыңғы күнге азыққа қалдырамын дегенім,  жетім жесірлерге тегін су шығарып беріп ақыретке азық жинаймын дегенім. Себебі халық игілігі үшін  су шығарып берген адамның алар сауабы, өзі өлседе артынан үзілмей барып тұрады, төртінші бөлігін әйеліміз екеуміз азық етеміз, ол түсінікті - деп жауап береді.

Осы бейне фильмнен не түсіндіңіздер?

Саудагер Даулет құдық қазушы Сабырдан нені білгісі келді?

Саудагер Даулеттің ойы қандай болды?

Құдық қазушы не деп  жауап берді?

Даулет Сабырдың жауабын түсінді ме?

Құдық қазушы Сабырдың өз жауабын  қалай деп түсіндірді?

Осы сәтті қай кейіпкер  дұрыс пайдалана білді?

Сабыр уақытты, осы сәтті  қалай бағалады?

Осы мәтіннен  қандай құндылықты көріп тұрсыздар?

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1 топ – 

 «Ұлы жаратушы уақыт берді............

Зымырап өтіп жатқан уақыт,................
Жасы бір  құрдас емес,..............

Заманына қарай заңы, ...........

2 топ - ақиқатты кірістіре отырып,  уақыт туралы өлең құрастыру.

3 топ-  осы түйіндемені оқи отырып сахналық көрініс көрсет.

Адам баласы байлығынан, бақ дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақыттының мән мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды.

 «Ұлы жаратушы уақыт берді
және оны жеткілікті етіп берді...»

Зымырап өтіп жатқан уақыт, «Қамшының сабындай қысқа ғұмыр», «түс көргендей уақыт» немесе «қас қағым сәт», - деп жатады.

Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.

Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.

Үй тапсырмасы  (оқулықта 132 беттегі А.Файзуллина)

 Түйіндеме

Уақыттың жаулары:

Түсініксіз мақсаттар

Тыңдай білмеу

«Жоқ» деп айта алмау

Асығыс шешімдер

Бәрін бірден орындауға ұмтылыу

Ұмытшақтық

Толық ақпараттың болмауы

Өзіндік тәртіптің жоқтығы

Жоспарлай білмеу

Тосын шешімдер

Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу. 

Төмендегі  түйіндемені оқып, өз тұжырымдамаларыңызды жазыңыздар.

 

Топпен ән айту

«Қайран уақыт»  М.Жүнісова орындауында ән.

Сөзі Г. Даукенованікі

Әні Ш. Сариевтікі

 

Қайран уақыт, өзіңді жолдас еттім,

Өзіңмен бірге жүріп сапар шектім.

Тірлікте қиналғанда арқа сүйеп,

Өмірдің көпірінен қатар өттім.

 

Қайырмасы:

Қадіріңді білдік пе, қайран уақыт,

Қоймайды екен бұл өмір сайраңдатып.

Күздің ызғар салқыны соғады екен,

Жаздың да жапырағын жайған бақыт,

Қадіріңді білдік пе, қайран уақыт.

 

Қайран уақыт, өзің мен қатар жүрдім,

Шұғыласын көп көрдім батар күннің. Құпиялы өмірге қадам басқан,

Әр күнімді бақытты сапар білдім.

 

қайырмасы

Қайран уақыт, кел бері сырласайық,

Көңілден шер тарқатып мұңдасалық.

Бірге жүрген күндерді біз бағалайық,

Ек і келмес дүние, бір жасалық.

 

Соңғы тыныштық сәті:

Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!

Оқушыларға алғысымды білдіремін.

 релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менің» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді. Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс.Сабақ осылай қорытындалад

 

 

 

ы.

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру