Өзін—өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №1 қазақ орта мектебі Мерзім: 7 қараша №9
Мұғалім: Мсаугутова Нургуль Кабдрашовна
Сынып: 5 Оқушылар саны: 25 Тақырып: «Сүйіспеншілік-өмір өзегі»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Жақсы көру, ізгілік, жомарттық, кішіпейілділік
|
Мақсаты: Оқушылардың жақсы көру, мейірімділік,жақсылық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: Білімділік: Әлемдегі бар жақсылық сүйіспеншілік арқылы келетініне көз жеткіздіру.Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу. Дамытушылық: Өзіне, ата-анасына, Отанына деген сүйіспеншілікке байланысты ой-өрістерін дамыту. Тәрбиелік: Сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін ояту, жандарын нұрландыру, көңілдерін қуанышқа бөлеу, тәрбиелеу. |
Ресурстар Бейнефильм Мелодиялар
|
|
Сабақ барысы |
Ескерту |
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»Әуен: Пионино-мои чувства Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге н/е парта үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте, бірте қарқын және щұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын....Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын» Осындай НҰР, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Сұрақтар: |
|
-Балалар өткен сабақта не туралы айтып едік? -Жақсылық туралы қандай дәйексөзбен танысып едік? -Тағы қандай мақал-мәтелдермен жұмыс жасадық? «Жақсылықпен жаным дос» тақырыбы бойынша «Жақсы болу өзіңнен» өлеңін жаттау, өз ойын айту. Жақсы болу- өзіңнен, Жаман болу-өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла! Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен, шын көңілмен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді. -Ал осы жақсылықтың барлығы не арқылы жасалады? (Сүйіспеншіліктен) -Ал сүйіспеншілік, махаббат дегенде ең алдымен кім естеріңізге түседі? -Дұрыс, АНА |
|
В.Г. Белинский Виссарион Григорьевич Белинский (1811 - 1848) Дәйексөзді бірнеше оқушыға жеке-жеке және хормен айтқызу, дәптерге көшірітіп, жазғызу. -Дұрыс балалар адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі. -Неге ананың қолы ең қасиетті, аялы дейміз? -Ал ананың жүрегін ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі неге ешқашан сөнбейді дейді? -Неліктен көзінен еш уақытта еш нәрсе де қалтарыс қалмайды дейді? -Дұрыс балалар сенің жасың қаншада болсын-мейлі бес жас болсын, мейлі елу жас болсын, саған әрқашан ана керек, оның аясы, мейірімі керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөленеді. |
|
Сұрақтар: -Балалар осы бейнефильмнен нені түсіндіңдер? -Ананың риясыз махаббаты, сүйіспеншілігі балаға қалай әсер етті? «Ана махаббаты» |
|
Сынып түстер әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр бір топ өздерінің сүйіспеншілік туралы түсініктерін, оның өмірдегі көрінісін плакатқа коллаж арқылы жасайды. Әр топта жұмыс істеу материалы әр түрлі болу керек: |
|
Сөзін жазған: Ғ.Қайырбеков Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов |
|
Б.Момышұлы туралы мәліметтер оқып келу. |
|
Тыныштық тыныштық тыныштық тыныштық бар жерде, тыныштық тыныштық тыныштық тыныштық бүкіл әлемде
|
|



