Табиғатқа қамқорлық

Мектеп Ақсу  қаласы №2

Мерзiм:  

 27  Тақырып: Табиғатқа қамқорлық          

Құндылық: Қиянат жасамау.

Қасиеттер: Қамқорлық, адалдық, шыдамдылық, қоршаған ортаны қорғау.

Мұғалiм: Р.З. Букенова

Сынып:  4

Оқушылар саны: 25

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға табиғатты қорғауға, аялауға, қамқорлық жасауға   және адами қасиеттері туралы түсініктерін меңгерту.

Міндеттері:

-         Табиғатқа және қоршаған ортаны қорғау түсінігін кеңейту.

-         Табиғатқа қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту.

-         Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

  •         Оқулық;
  •         Дәптер;
  •         Күнделік;
  •         Қалам-қарындаш;
  •         Оқушы бейджі;

Сабақ барысы:

  1.      Ұйымдастыру кезеңi. Бес «Т» ережесін сақтау керек.

     Тыныштық сәтi.    « Орманға ойша серуен» 

        (Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: арқаңызды тік ұстап, отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз ормаанға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезіңініз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап, айналаңызға көз салыңыз. Табиғаттың  әсемдігі мен балғындығын сезіңініз.  Айналадағы бар нәрсені  бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыны. Орманға ене түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалындай түсті.

Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінесіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін  және кез келген уақытта оған келе алатыңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басп кетпеңіз. Міне мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырт тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңзді ашып, күлімсіреңіз.

Сабақ барысын талдау:

  1.      Үй тапсырмасын тексеру

     №27-сабақ.Оқулықтың 118бет «Табиғатқа қамқорлық» мәтінінің мазмұны сұралады;

 

   «Атаның өнегесі» әңгімесін саханалап көрсету.

    1-ші топ – «Актерлер»

  Мәтін бойынша немересі мен атасының ата жұртына барған жерін саханалау.

2-топ – «Журналистер» Сұрақтарға жауап беріңдер.

  •         Атасы немересін неліктен жол үстінде тоқтатты?
  •         «Жол жүрсең, жоралғыңды сақта» дегенді қалай түсінесіңдер?
  •         Атасы мен немересінің бұлақ көзін ашуын табиғатқа қамқорлық деп айтуға бола ма? Неліктен?
  •         Атасы мен немересінің табиғатқа қамқорлығы тағы қандай істерінен көрінеді?

3-ші топ- «Суретшілер» Атасы мен немересінің еккен ағаштарының бес жылдан кейін қандай болатынын бейнелейтін сурет беріңдер.

  1.      Дәйексөз.

Оқушылардың көңілін тақтада жазылған сөзге аудару.

«Көзіңді қалдыр-бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр-жақсы істен мұра шаша жұр, өзіңді қалдыр-бақша өсіріп жаса нұр» деген халық даналығына балалардың зейінін аударып, оның мәнін түсіндіру.

-Жол үстідегі тасты тазалау,

 бұлақ көзін ашу, бұлақтың жанына ағаш егу сияқты істер кей адамға қарапайым шаруа болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл-нағыз игілікті іс.Өйткені  мұндай істердің басқа адамдарға шарапаты,жақсылығы, пайдасы тиеді. Бұлақ суының көзін ашу арқылы өсімдіктерге су жіберіледі.Бұлақтан қаншама адамдар таза су ішеді.Ал отырғызылылған ағаштар орманға айналып, оның көлеңкесімен,таза ауасымен бүкіл халық тыныс алады.

  1.      Мұғалімнің сыйы:Әңгіме « Балапан»

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.

 Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.

 Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.

Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

·        Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

·        Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

  1.      Шығармашылық жұмыс:Табиғатқа өздерің қандай қамқорлық жасадыңдар? Сол бойынша тапсырма:

Дәптермен жұмыс:

1-тапсырма: Дәптерде «Табиғат тіл бітсе...» айдарымен берілген бос жолақтарға «Егер табиғатқа тіл бітсе, онда ол адамдарға қандай өтініштер айтуы мүмкін?» деген сұрақтарға өз ойларыңнан жауап жазыңдар.

2-тапсырма:  Жағдаятты шешу

· Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?

·  Адамның дамуына не ықпал етеді?

·  Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер бай­қадыңдар?

· Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалай­сыңдар?

Табиғатқа өздерің қандай қамқорлық жасадыңдар.(әңгімелеу.)

Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені..........

Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені..........

Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені..........

Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені..........

Керекті сөздер: Мен табиғатты сүйем,табиғат менің екінші анам, табиғат сұлулық мекені,т.б.

 

  1.   Топпен ән айту:«Бозторғайым» Е. Хасангалиев

                   Саят Медеуов - Бозторғай

Даланы мен де
Сүйемін сендей,
Бауырмал құсым!
Назыңнан әсем,
Сазыңнан әсем,
Жаңылма, құсым!

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой кең далама бауыр басқан.
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

Тауқымет тартып,
Тарықпа, жаным!
Қорықпа, жаным!
Құшағымды ашып,
Кеудеме басып,
Берейін жалын!

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

 

                                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.      Үй тапсырмасы:  «Табиғат-ана» мәтінін оқу, әңгімелеу, жұмбақтар шешу, «Туған елдің ұлымын».өлеңін оқу. 123-125 бет.

 

  1.      Сабақтың соңғы тыныштық сәті

– Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, әуеннің ырғағымен бүгінгі сабақтан алған жақсы құндылықтырыңды, жақсы әсерлеріңді, жақсы қасиеттерді жүректеріңе түйіп алыңдар.

       Бүгінгі сабаққа жақсы қатынасқандарыңыз

  үшін барлықтарыңызға рахмет!

 

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Микробиология

Микробиология

Түсінік хат Микробиология ғылым ретінде микроорганизмдердің морфологиясын, жіктелуін және физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың тіршілік...
Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүше дәрежесі. Көпмүшелерді қосу және азайту. 7 сынып.

Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүше дәрежесі. Көпмүшелерді қосу және азайту. 7 сынып.

Сабақтың тақырыбы:  Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүше дәрежесі. Көпмүшелерді қосу және азайту. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: ...
Қиық конус

Қиық конус

Сабақтың тақырыбы: Қиық конус Сабақтың мақсаттары:          Білімдік:   Қиық конустың негізгі...
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол  ауылы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық...
Ұзақ мерзімді жоспар қазақ тілі әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар қазақ тілі әдебиет

Атырау қаласы, №2 орта мектептің  орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І (ілгерінді) деңгейлі мұғалімі, жаңартылған оқыту...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру