Еңбек - бәрін жеңбек
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы
№24 орта білім беретін мектебі
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
ДОСТАНОВА РАЯ ЖЕҢІСҚЫЗЫ
Сабақтың тақырыбы: Еңбек – бәрін жеңбек
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: еңбексүйгіштік, табандылық, еңбекқорлық, қамқорлық....
Мақсаты:
«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- Оқушылардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын дамыту;
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суретер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу;
Назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын түгелдеу.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім сөзі: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Қазір біз сабағымызды тыныштық сәтімен бастайық. «Нұрға бөлену»
Үй тапсырмасын сұрау
«Обал деген не?» Мәтінді оқып келу, мазмұнын айту.
Әңгімелесу
- Еңбек дегеніміз не?
- Еңбек ету адамға қажет пе?
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Адам өмір сүру үшін қажеттер: Ауа, су, тағам, нан, киім, жарық, жылу, білім, денсаулық, үй, көлік.
Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті.
Еңбек етпеген ішіп - жемейді
(халық мақалы)
Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріліп, өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор жан Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы фотосуреттер және бейнефильм көрсетіледі.
Сахналау
Қайдан келдің бауырсақ?
Ө. Тұрманжанов
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің, бауырсақ?
- Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім Нан сатқан,
- Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Дирменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер – анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
- Нан дастарқанға қандай еңбекпен келді екен?
Ас атасы – нан. – Нанды құрметтеудегі қандай тыйым сөздерді білеміз?
Көп еңбек ететін адамды
- Қызыға еңбек ететін адамды қандай адам дейміз?
Еңбекті сүйетін жанды
- Еңбекқор
- Еңбекқор болу бұл қандай қасиет?
Еңбектің адам өміріндегі алатын орны зор.
Еңбекпен өмірің жарқын. Еңбекшіл болу үлкен қасиет.

Дәйексөз
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. (Абай)
- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Мәтінмен жұмыс
Еңбексіз өмір – сүреңсіз
Мысал әңгіме
Б. Әділов.
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі. «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды,- деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!... Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді. Бір күні:
- Әй, туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынанжылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ - жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.
- Төмен секір, - деді Қара пышақ.- бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.
- Ол жерде не бар?
- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рахат!
- Ал жұмысты кім істейді?
- Жұмыс бізсіз де істеледі.
- Рахмет! – деді Сары пышақ.
- Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің – ақ жата бер, рахатыңа бата бер.
Қара пышақ, орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойы тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінеді.

*Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
*Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
* «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
- Еңбек еткен адамның өмірі – жарық.

Ой қорыту.
Ойын: «Мақалдың жалғасын тап»
Жалқаудың... тәтті,
Еңбектің... тәтті.
Еңбек етсең... мереке,
Тояды қарның.. береке
Еңбектің түбі... ерінбей
Көптің түбі... тіленбей

Шығармашылық тапсырма:
1. Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау.
2. Мамандық иелерін ата. (суреттерге қарап табу)
3. Еңбек құралдарының қолдану аясын тап.
4. Суретті құрап мақалды тауып оқы.

Үй тапсырмасы:
«Еңбек – бақыт бастауы»
Шағын әңгіме жазу
Қорыту: «Адамды адам еткен – еңбек». Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік.Адалеңбектібағалап, қадірлейік.
Топпен ән айту
Болайықшы осындай
Жақсы бала еңбекшіл ------------- Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады. ------------------ Сүйсінеді қараған,
Қиындықты жеңіл кіл, ------------- Ұқыпты деп бұл қандай,
Құшағы гүлге толады. -------------- Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым – ай.
Соңғы тыныштық сәті.
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.
Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.
«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, ешнәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру