Сабақтың тақырыбы: Қамқор болғым келеді.
Мақсаты: Балалардың қамқорлық туралы ойларын кеңейту, бір-біріне қамқорлық жасауға үйрету.
Міндеттері: - Қамқорлық ұғымы, қамқорлық жасау туралы түсініктер беру.
- Жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
- айналасына қамқор болуға деген ынтасын дамыту.
Көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта, аудио жазба, суреттер т.б.
Әдістері: Сұхбат, әңгіме, түсіндіру, ойын.
Шаттық шеңбері:
(балалар бір-біріне қарап тұрып айтады)
Мен қамқоршымын, сен қамқоршысың
Мен қамқоршымын, сен қамқоршысың.
Қайырымды жүрекпен
Мейрімді тілекпен,
Ізгілікті ниетпен
Қамқор болып өсемін.
- Балалар, біз бүгінгі сабаққа қамқорлық, адамға қамқорлық, табиғатқа қамқорлық туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесейік:
- Балалар, қамқорлық дегеніміз не?
- Сендер өз туыстарыңа, жақыңдарыңа қамқорлық жасайсындар ма? Қалай жасайсыңдар?
- Өздеріңе қандай қамқорлық көрсетесіңдер?
- Тағы да кімге қамқор болуға болады?
(балалардың ой-пікірлер)
Тынштық сәті (мультфильм көру)
Сергіту сәті «Көлеңке»
Тыңдайық-ойланайық (кідіріспен оқу)
Қамқорлық әңгімесін оқу.
Демалыс еді. Әділді анасы дүкенге жіберді. Жолда балалар күшікті ұрып жатыр екен.
Әділ:
- Бұл байғұс күшікті неге сонша ұрасыңдар? – деді.
- Бұл күшік менің қарындасыма үрді, - деді бір бала.
- Енді сол ушін бұл күшікті сонша ұру керек пе? –деді Әділ.
Балалар Әділдің сөзін тыңдамай күшікті суға лақтырып жібереді. Әділ күшікті құтқару үшін суға секіреді. Күшікті әрең құтқарып үйіне әкеледі. Анасы шошып кетті.
Әділ:
- Мама, Әйтеуір, сіз маған ренжімедіңіз бе?
Жоқ, құлыным, түсінемін ғой, - деді де маңдайынан иіскеді.
- Мамасы неге Әділге ұрыспады?
- Әділ не жасады?
- Әділ болмаса күшікке не болар еді?
- Қамқор болу деген не?
(балалардың ой-пікірі)
Ойын «Жақсы-жаман»
Балалар «жақсы» нәрсе туралы айтылғанда қолдарын жоғары көтереді, «жаман» нәрсеге қолдарын көтермейді мысалы:
- Үлкенге көмектесу
- Кішіні жәбірлеу
- Амандасу
- Үлкеннің тілін алмау
- Ағашты кесу
- Ағаш отырғызу
- Жылау
- Күлу және т.б.
Дәйексөз
«Риясыз қамқорлық – баға жетпес жақсылық»
«Мен қамқорлық көрсетемін»
Мысалы:
Егер мен құс болсам балапаныма қамқорлық көрсетер едім.
Егер мен ағаш болсам
Егер мен гүл болсам.
Егер мен үлкен адам болсам
Ойын
Балалардың белсенділіктерін арттыру үшін «ұядағы балапандар» ойыны өткізіледі.
Қортындылайық:
- Қамқоршы, болу дегеніміз не?
- Жауапкершілікті адам деп кімді айтады?
(балалардың ой-пікірі)
Жер бетінде тірі жанның бәрі бір-біріне қамқорлық көрсетеді. Қамқоршы адам әр кезде де жауапкершілікті түсініп, бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Біз бүгін сабақта қамқорлықты риясыз, яғни қайтарымсыз жасау керектігін түсіндік.
Шығармашылық тапсырма.
- Суретті мұқият қарап, кімнің кімге қамқорлық көрсетіп жатқан сызықпен бағыттап көрсетіңдер
Жүректен-жүрекке
«Мен қамқорлықты қалай түсінемін?» деген сауалға жауап айтады. Балалар оң қолдарын жүрек тұсына қойып, бәрі бірге мына өлең жолдарын айтады:
Біз әдепті баламыз,
Тату-тәтті тұрамыз.
Жүрекке жылу толтырып,
Қайырмды боламыз.
- m10121989
- 12 февраля 2015
- 4165
- 0

