Көмектесе білейік.
Көмектесе білейік.

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі
маңыздылығын ашу.

Міндеттері: - мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы
түсінк беру;
- қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту;
- қайырымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаз, қарындаш, себет, қағаздан жасалған
гүл желектері.

Шаттық шеңбері
Балалар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, Қ.Мырза Әлидің «Не үшін?» атты өлеңін бірге айтады және қимылдар жасайды:

Екі көзің не үшін керек? (Көздерін көрсетеді.)
Жақсыларды көру үшін!
Құлақ деген не үшін керек? (Құлақтарын ұстайды.)
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек? (Қолдарын алға созып, алақандарын жаяды.)
Елге көмек беру үшін! (Қолдарын жан-жағына қарай созады.)

Жағдаяттарды талдау
Жағдаяттар суреттер арқылы беріледі. Оқушыларға суреттерді салыстырып қайсысы көмек екенін ажырату тапсырылады. Бұл жағдаяттарды талдаудың мақсаты оқушылардың өз бетінше шешім қабылдануына, көмек туралы ұғымдарын кеңейтуге, өз ойларын еркін айтуына ықпал ету. Балалар жағдаяттарды талдап өз шешімдерін сынып алдында жария етеді.

Сахналау.
Сахналық көрністі талдау. «Достық көмек»

• Сендер Алматтың орнында болсаңдар, кімнің көмегін қабылдар едіңдер?
• Қай бала Алматқа шын достық көмек көрсеткісі келді?
• Сендер «көмек», «көмектесу» дегенде нені түсінесіңдер?
• Сендер кімге, қандай жағдайда көмек көрсеттіңдер?
• Біреуге көмек көрсеткен кездеөздеріңді қалай сезіндіңдер?

Мұғалім балалардың пікірлерін тыңдап, қорытындылайды:
- Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар! Адамға қиналған сәтте қол ұшын беру, жақсы, жылы сөздер айтып демеу, жақсылық жасау – көмек деп айтылады. Көмектесу сол адамға деген жанашарлық сезімнен туады. Әділеттің Алматқа ұсынған көмегі досына немқұрайдылықпен қарамағанын, оған деген шын жанашырлығын көрсетеді. Өйткені оның көмегінің пайдасы Елжанның ұсынған көмегі сияқты ууақытша ғана емес, оның жақсы оқып кетуіне пайдасын тигізеді.

Мәтінмен жұмыс.
Қайырымыды болу, көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Арыстан мен тышқан» ертегісінің негізінде әңгіме ұйымдастырылады.

Арыстан мен тышқан
Ертегі

Бір күні арыстан ұқтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын», - дейді ол. Арыстан тышқанның «жақсылық жасармын»деген сөзіне күліп оны босатып жіберді.
Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа таңып тастайды. Тышқан арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп, арқанды тісімен қырқып: «Есіңде ме, сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді міне, тышқаннан да қайырымдылық келетінін көрдің» - депті.
Көрдің бе, кішкентай тышқан да арыстанға көмектесе алады екен.

Мұғалім ертегі мазмұны бойынша мынадай сұрақтар қоюына болады:
- Арыстан тышқанға қандай көмек көрсетті?
- Тышқан Арыстанның жақсылығын қалай қайтарды? Балалардың
жауаптары тыңдалып, қорытынды жасалады.

Ойын: «Көмектесе білейік».

Дәптермен жұмыс
Дәптердегі суретке қарап өзара көмек туралы әңгіме құрастыру ұсынылады.

Жүректен жүрекке
Мұғалім сабақ соңында балаларды жақсылыққа жетелеу мақсатында ізгі сөздермен марапаттайды. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Мақтану-мақтаншақтық емес

Мақтану-мақтаншақтық емес

«Өзіңді-өзің танысаң, істің басы» - деп Шәкәрім бабамыз айтқандай «Бөбек» қорының төрайымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен «Өзін-өзі...
«Арыстан мен тышқан» С.Торайғыров

«Арыстан мен тышқан» С.Торайғыров

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекова Айсулу Кыдыргожаевна 4 «А» сыныбына арналған ана...
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет

Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет

Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы Сабақ тақырыбы:...
Шығармашылық шаттығы

Шығармашылық шаттығы

Шығармашылық шаттығы Оқушылардың таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана алу және өзін - өзі танудың...
Табиғатқа қамқорлық

Табиғатқа қамқорлық

Табиғатқа қамқорлық Мақсаты: Балалардың “табиғат”, “қамқорлық” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - Табиғат пен адам үйлесімділігі,...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру