II. Тыныштық сәті
-Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!
Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
• Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
Дәйексөз
Мұғалім сабақтың мазмұнын дәйексөздің мағынасын түсіндіру арқылы аша түседі.
Мұғалім тақтаға «өзгеге жасаған ізетің, өзіңе жасаған құрметің» деген халық даналығы нақыл сөзін жазып қояды.
Мұғалімнің сыйы :
Рахмет ата!
Бір күні Ыбырай ата немерелерін сағынып ,балаларының амандығын білейін деп көшеден өтіп келе жатса,жолдың қиылысында бір қыз бала тұр екен.Қасына келіп;
-Бұл жерде не ғып тұрсың?деп сұрайды.
-Сізді күтіп тұрмын .Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой .
-Ой айналып кетейін,қарағым көп жаса!Атың кім қызым?
-Атым Айжан .
-Кімнің баласысың?
-Әжемнің баласымын.
Ыбырай ата немереме беремін деп алып шыққан кәмпитінен Айжанға берді.
-Үйде кішкентай інім бар.Соған беремін .Рахмет ата!деп қуана жүгіріп кетті.Ыбырай ата кішкене Айжанның тәрбиелігіне,тәртіптілігіне риза болды.
Сұрақтар;
1.Айжанның үлкенді сыйлайтынын,кішіге қамқор болатынын қандай іс*әрекетінен білдіңдер?
2.Атай Айжанға қандай ізеттілік көрсетті.?
3.Сендердің бастарыннана осындай оқиға өтті ме?
Ойын - жаттығу. «Құрмет - ізет»
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар
ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі.Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздер: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай
ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау
- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.
Рахмет!Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын.Енді,
Топпен ән айту.
Дәптермен жұмыс:
Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
1 топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.
2 топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.
. Үйге тапсырма беру
«Кешірімді бала-кішіпейіл бала» мәтінін оқып келу.
Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин)
Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстапе, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жай дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.
.
Осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды аяқтайық., Рахмет! Сау болыңдар
- gulnara1984
- 9 февраля 2015
- 3403
- 0

