Үрмелі аспаптар оркестрі.
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Үрмелі аспаптар оркестрі.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үрмелі музыкалық оркестр құрамындағы аспаптармен таныстыру, оларға түсінік беру;
Дамытушылық: Музыкалық аспаптармен таныстыра отырып, оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Музыкалық аспаптарды қадірлей, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тыңдау, ән айту.
Көрнекілігі: үрлемелі музыкалық аспаптардың суреті, нота тақтасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылармен амандасу;
2. Балаларды түгелдеу;
Балалар әнұран орындайды. Сол кезде есік қағылады.
Мұғалім: - Кіріңіз (ел бала кіреді). О, Елбала кіреғой, қайдан жүрсің?
Елбала: -Жаңа жолда кетіп бара жатқанымда, балалардың ән айтып жатқанын естіп қалып едім, олар осындама екен?
Мұғалім: - Ия, олар осы сыныпта. Кел төрлет.
Елбала: -Бұл балалар көп біледі ме? Мен жолдан көп кілттер тауып алдым, бірақ қандай кілттер нені ашатынын білмей басым қатты. (бірнеше скрипка кілттерді көрсетеді)
Мұғалім: -Балалар бұл кілттер нені ашады біздер елбалаға бірігіп көмектесейік. Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді осы сиқырлы кілтпен ноталарды ашайық.(ішіндегі жылтыраған ерекше скрипка кілтті көрсетеді). Сіздер білесіз балалар. Бұл соль кілті. Нота дыбыстарын ашады.
Елбала: - Қалған кілттерді кімде-кім сабаққа жақсы қатысып отырса, соған беріп отырамын. Кімде көп кілттер болса, ол жақсы баға алады, келістікпе?
Мұғалім: - Жарайды, келісейікпе балалар? Ендеше елбаланың қоржынында бізге деген сыйлығы бар. Соны ашайық. 1-ші «До» нотасы.
II. Үй тапсырмасы:
1. Бүгінгі заман музыкасын қалай түсінесіз?
2. Нота дегеніміз не?
3. Ертегідегі жеті баланың аттарын атап бер?
4. Музыканың ең бірінші нотасы?
5. Үрмелі музыкалық аспаптарды ата?
Мұғалім: - Жарайсыңдар, балалар. Үй тапсырмасына жақсы дайындықпен келген екенсіздер. Әрі қарай елбаланың қоржынынан сыйлық алайық. Бұл қандай нота? Дұрыс айтасыз. «Ре» нотасы.
III. Жаңа сабақ
Балалар дәптерлерімізді ашып жазайық. Бүгінгі күннің ретін және бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үрлемелі аспаптар оркестрі».
Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі — ағаштан не жезден жасалған үрлемелі және соқпалы музыка аспаптардағы орындаушылар ұжымы. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі әр қилы акустикикалық жағдайда — концерт залдарында, ашық ауада, марштарда пайдаланылады. Сондай-ақ мәдени-көпшілік, қоғамдық, спорт, салтанатты мейрам-той жиындарын өткізуде кеңінен қолданылады. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі — көпшілікке кеңінен тараған музыкалық ұжымдардың бірі.
Yрлемелі және соқпалы музыкалық аспаптар тобы б.з.б. Ежелгі Египет, Иран, Грекия, Қытай, Yндістан елдерінде салтанатты діни жиындарда және әскери жорықтарда қолданылған. Еуропада XVII ғасырда пайда болды; ал Ресейдің әскери полктеріне тұңғыш рет XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында енгізілді. XIX ғасырда жетілдірілген үрлемелі музыкалық аспаптардың пайда болуы Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрініңорындаушылық қабілетін кеңейтті. XX ғасырда Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінің 3 түрі (кіші, орташа, үлкен) қалыптасып, кейбір үлгілі әскери оркестрде және мемлекеттікYрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі құрамында 80 — 100 орындаушыға дейін болды. Оның құрамына ағаштан жасалған музыкалық аспаптар (флейта, гобой, кларнет, саксофон, фагот), жезден жасалған музыкалық аспаптар (валторна, труба, тромбон, корнет,баритон, бас және контрабас) және соқпалы музыкалық аспаптар тобы кіреді. Кейде үлкен оркестр құрамында арфа, рояль, челеста, қоңырау, там-там, маримба, вибрафон, т.б. музыкалық аспаптар да пайдаланылады. Ол мәдениет сарайлары мен музыка насихаттау кештерінде, көркемөнерпаздар үйірмелерінде қойылатын опера, балет, драма спектакльдер мен концерттерде, т.б. қолданылады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы жанынан үрлемелі аспаптар оркестрі құрылып, оның көркемдік жағын Қ.Ахметов басқарды. Бұл ұжым Франция мен Испанияда өткен үрлемелі музыка фестиваліне, ал 1998 жылы Тайваньда өткен Халықараралық музыка фестиваліне қатысты. Қазақтың мемлекеттік үрлемелі оркестрі репертуарынан Е.Рахмадиев, Б.Баяхунов, Ә.Бестібаев, Т.Қажығалиев, Б.Қыдырбек, т.б. композиторлардың шығармалары елеулі орын алады. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру