Музыка пәні мұғалімінің аспаптық дайындығы
М.Б.Жапаков
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный қазақ жалпы орта
білім беретін мектебінің музыка
пәнінің жоғары санатты мұғалімі




Музыка пәні мұғалімінің аспаптық дайындығы

Музыка пәні мұғалімінің кәсіби дайындығы міндетті түрде аспапта орындаушылықпен қатар концертмейстерлік қызмет атқаруды қажет етеді. Әр кез сабақ барысында мұғалім орындаушы, иллюстратор, сүйемелдеуші ретінде музыкалық аспапта орындаушылық қабілетін пайдаланады.
Орандыушылық жөнінде әңгіме қозғай отырып,біріншіден фортепиано аспабында орындаушылық шеберлік туралы айтып өткен жөн,себебі осы аспапты көпшілік ұстаздар өз жұмысында қолданады.Сонымен қатар домбыра, баян, аккордеон аспаптарының мамандары да фортепиано аспабын игергендері дұрыс болар еді.
Фортепиано аспабына басымдылық берілетін себебі мектептегі музыка пәні оқыту бағдарламасында белгіленген музыкалық шығармалар әдейі фортепиано аспабында орындау үшін жазылған, сондықтан мұғалім осы аспапты жиі қолданады және әншімен, хормен жұмыстану барысында оқытушы бір қолымен әуен ойнап сүйемелдесе, екінші қолымен дирижерлік қызмет атқарады. Ал осы әрекеттерге фортепиано аспабы өте қолайлы.
Мұғалімнің орындаушылық репертуарына, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты; бастауыш сыныптар, орта сыныптарға арналған музыкалық шығармалар еңгізілуі керек.
Музыкалық шығарманы орындау барысында мұғалім өзіне қатаң талап қоя отырып, музыка оқушылардың шығармашылық қиялдарын оятатынын, ассциативті-бейнелі ойлауды қалыптастыруға әсер ететінін ұмытпаған дұрыс.
Мұғалімнің кәсіби дайындығы барысындағы басты мәселелерінің бірі;
Концертмейстерлік шеберлік.
Мұғалім білуге тиіс;
- хорды және жеке орындаушыны сүйемелдеу;
- жеке орындаушыға және хорға шығарманың басталуын көрсете білу;
- өзін-өзі сүйемелдеп ән орындау;
- ноталарды тез оқи білу;
- сүйемелдеу партияларын әр түрлі тональность арқылы өзгерте білу;
- танымал әуендер мен әндерді есту арқылы орындай білу;
- шығармаларды әр түрлі аспаптарға өңдеу;
- ансамбльде ойнау;

Мұғалім тез нота оқу арқылы,әундер мен әндерді есту арқылы орындау және шығармалырдың биіктігін өзгерту арқылы кеңдеген әндік репертуар жинақтап алады,балалардың дауыстарына қиындық келтірмейді.
Ноталарды тез оқу барысында шығарманың тақырыбын , орындаушының және сүйемелдеу партиясын,музыкалық және әдеби мәтінін,музыканың мазмұнын түсіну,ырғақтың, екпіннің,құрамының өзгеруіне мән беру керек.
Мүғалімнің орындашылық қасиеті туралы айта отырып мынаны ескерген жөн; бұл жерде әнгіме оқушылар туралы болып отар, сондықтан орындау әдемі, әсерлі, бейнелі болуы шарт. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Үрмелі аспаптар оркестрі.

Үрмелі аспаптар оркестрі.

Сыныбы: 3 Сабақтың тақырыбы: Үрмелі аспаптар оркестрі. Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға үрмелі музыкалық оркестр құрамындағы аспаптармен таныстыру,...
Күймен жұмыс жүргізу

Күймен жұмыс жүргізу

5-класс оқушысы Хайролла Аянмен өткізілген ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: «Күймен жұмыс жүргізу» Сабақтың мақсаты: оқушыны шығармамен жұмыс істеу...
ҚМЖ музыка 2 сынып Қобыз және скрипка

ҚМЖ музыка 2 сынып Қобыз және скрипка

Пәні музыка cынып 2 Сабақтың тақырыбы: Қобыз және скрипка. Перне басып ойнауды жалғастыру. Мақсаты: Қобыз және...
Музыканың пайдасы мен зияны

Музыканың пайдасы мен зияны

Музыканың пайдасы мен зияны Ән дегеніміз не? Ән дегеніміз ең кең таралған музыкалық шығарма жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы....
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға музыкалық тәрбие беру

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға музыкалық тәрбие беру

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға музыкалық тәрбие беру Қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық әдіс - тәсілдер енгізу арқылы ғана,...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру