сабақ ,

№4 Ертіс жалпы орта білім  беру мектебі.

Музыка пәні мұғалімі – Идрисов Жанибек Амангалиевич

Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз

5 «а» сынып.

Мақсаты: Оқушыларды қобыз аспабымен таныстыру, күй атасы - Қорқыт жайлы түсінік беру, қобызға арналған күйлерді тыңдату.
1. Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.
2. Музыкалық қабілеттерін одан әрі дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Туған жердің табиғатын сүюге, жан - жануарларға қамқор болуға баулу.
3. Музыка арқылы адал, сезімтал, адамгершілікті, салауатты, инабатты бала тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қобыз, домбыра аспаптары, слайд көрсету, үнтаспа, Қорқыттың суреті, қобыз аспабы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын элементтері, музыка тыңдау.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме балалар?
Сәлемәтсіз бе Мұғалім!

Үй тапсырмасын сұрау: (слайд)
Нені білдік?
Күйші композитор Құрманғазы
Батыс Қазақстан
Атасы Алқа
Әкесі Сағырбай
Шәкірті Дина Нұрпеисова
Күйлері «Ақсақ киік» «Адай» «Балбырауын»
Еркіндік, теңдік үшін күрескер

Исадилов Арман Құрмангызының күйін ойнайды.
балаларға сұрақ:  Қандай күй сендерге ойналды?

Жаңа сабақ: І. 
«Киелі аспап - қобыз»
(Слайд арқылы түсіндіріледі)
а) Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Скрипка аспабының атасы саналатын қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген.
Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш - қуат береді. 
Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді.
«Нарқобыз», «Қылқобыз», «Прима - қобыз» деп бөлінген топтарға тапсырма беріледі: «Алма ағашына» жауап берген сайын алма ілінеді. (1алма - 10 ұпай)

ә) «Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VIII - IX ғасырда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел, шебер күйші және жыршы болған. Кішкентай күнінен бастап көптеген аспаптарда шеберлікпен ойнаған. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.

        Қорқыттың Қорқыт деп атануы
Қорқыт дүниеге келер кезде жер дүниені қара түнек басып қатты дауыл соғып ел жұрттың үрейін ұшырады... Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Алғашында «бұл жеті басты жалмауыз болар» деп қорыққан жұрт оның адам нәсілі екенін көргеннен кейін ғана көңілдері жайланады. Содан, бұл ерекше болып өмірге келді, бәрімізді қорқытты деп, есімін Қорқыт деп қояды.
         Қорқыт жасынан өте ұғымтал, болып өседі. Ол аспаптардың бәрінде керемет ойнайды. Адам мен жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді.

Оның  күйлері «Ұшардың ұлуы», «Тарғыл тана», «Әуіппай», «Қоңыр», «Желмая», т.б.

 

 

1) Қорқыт ата кім болған (Күйші, жыршы және бақсы)
2) Қорқыттың Қорқыт деп атануы  Қорқыт дүниеге келер кезде жер дүниені қара түнек басып қатты дауыл соғып ел жұрттың үрейін ұшырады.
3) Кімді «Қобыздың атасы» деп атады? Қорқыт ата 
4) Қобыздың нағыз иесі кімдерді санаған? Бықсы

5)  Қорқыт ата қай обылыста омір сүрді ? Қызылорда

6) Қорқыттың қандай күйлерін білесін?

Үй жұмысы: Қобыз  сөзіне  сөзжұмбақ құрастыру. 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру