Домбыраны алғаш тартып үйрену
Тақырыбы: «Домбыраны алғаш тартып үйрену»

Домбыра оқытушысы:
Тұрғанбаев Нұрбек Қырымқұлұлы
1 класс оқушысы Дулатұлы Дастан

Ақтөбе – 2015жыл

Тақырыбы: «Домбыраны алғаш тартып үйрену»

Сабақтың мақсаты: оқушының аспапты ыңғайлы ұстап, дұрыс отыруын, қол қойылымдарын қалыптастыра отырып домбыра тарту шеберлігін дұрыс меңгерту.
Тәрбиелігі: оқушының өнерге деген ынта-ықыласын өсіріп, эстетикалық талғамын арттыру, музыканы дұрыс түсініп, тереңдей түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: қағыс түрлері, қол қойылымдары көрсетілген суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қол қойылымдарын қалыптастыруға арналған жаттығулар.
3. Сергіту сәті.
4. Қорытындылау.
5. Үйге тапсырма. Бағалау.
Домбыраны алғаш меңгеру барысында оқушы қолдарын еркін әрі бос қозғалтып үйренуі керек. Қағыс пен перне басуда екі қолдың үйлесімін келтіру, т.с.сияқты алғашқы ойнау тәсілдері домбыра ойнау шеберлігінің негізі болып табылады.
Домбыра тартып үйрену әуелі ашық ішектегі қағыстардан басталады. Домбыра ішегін қолмен қағып, дыбыс шығару әдісін қағыс дейді. Қағыстар бағытына қарай төменгі және жоғары қағыстар болып бөлінеді. Қағыс бағытының негізгі таңбалары былай белгіленеді.
Төмен қағыс
Жоғары бағыттағы қағыс
Домбыра тартуды әуелі төмен қағысты қағып үйренуден бастаған жөн. Себебі, ол – оң қолдың табиғи қолдың өте ыңғайлы қағыс. Сондай-ақ домбырада орындалатын ән-күйлердің көпшілігі төмен қағыспен басталады. Төмен қағыс қолдың білезік буынының қатысуымен сұқ саусақ арқылы алынады. Оқушы әуелі екі иығын босатып, домбыраны шынтақпен қыспай ұстағаны жөн. Қолды өз салмағымен бос тастай қағуы керек. Қағыс алу барысында қолдың білегі мен буынын әрлі-берлі бұрмай, оның қойылымдық қалпының өзгермеуін қадағалап, кіші тиек жағынан екінші қолмен домбыра мойнын сәл демеп отыру керек.
Жоғары қағыс төмен қағыстар сияқты бармақпен немесе сұқ саусақпен білезік буынының көмегімен қағылады.
Төмен қағыс пен жоғары қағыстың бірінен кейін бірінің кезектесіп келуі алма-кезек қағыс деп аталады.
Сергіту сәті.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма: Ноталардың 5 сызық бойындағы және перне бойындағы орналасуын жаттау. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Домбырашының орындаушылық шеберлігін жетілдіру

Домбырашының орындаушылық шеберлігін жетілдіру

Домбыра оқытушысы: Тұрғанбаев Нұрбек Қырымқұлұлы 6 класс оқушысы Хайролла Аян Ақтөбе – 2014жыл Тақырыбы: «Домбырашының орындаушылық шеберлігін...
Күймен жұмыс жүргізу

Күймен жұмыс жүргізу

5-класс оқушысы Хайролла Аянмен өткізілген ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: «Күймен жұмыс жүргізу» Сабақтың мақсаты: оқушыны шығармамен жұмыс істеу...
Домбыраның бұрауы ,қағыстар

Домбыраның бұрауы ,қағыстар

Сабақтың тақырыбы: «Домбыраның бұрауы ,қағыстар» 2 сынып оқушысы Қоңырбаева Нұршат Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыға домбыра аспабы туралы ...
Күймен жұмыс жүргізу

Күймен жұмыс жүргізу

5-класс оқушысы Хайролла Аянмен өткізілген ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: «Күймен жұмыс жүргізу» Сабақтың мақсаты: оқушыны шығармамен жұмыс істеу...
Домбыраны алғаш тартып үйрену

Домбыраны алғаш тартып үйрену

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы Бекітемін: БЖШО директордың міндетін атқарушы: _________ Ш.Н.Жеткергенова Ашық сабақ ...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру