XVIII ғасырдағы музыка өнері
Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы музыка өнері.
Сабақтын мақсаты:
а) Ғасырдағы музыка өнерін тусіндіру,Веналық және Германиялық классик композиторлар өмірінен мағлұмат беру.
ә) Оқушыларды басқа да елдің кәсіби музыкаларын құрметтеуге қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Теориялық білім беру арқылы музыкалық сауаттылығын арттыру.
Сабақтың типі:Жаңа материалды игеру.
Сабақтың түрі:Зерттеу сабақ.
Әдісі:Баяндау,түсіндіру,зерттеу,сұрақ-жауап,тест.
Көрнекілігі:Плакат,электронды оқулық,карта,магнитофон,тест,аккордеон.
Оқыту технологиясы:Сын тұрғысынан ойлау,дамыта оқыту.
Пән аралық байланыс:тарих,география,математика,информатика.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасы.
XIV- XVI ғасырлардағы музыка өнері.
3.Қайталау сұрақтары.
4.Жаңа сабақ..

Ғасырдың екінші жартысында Еуропадағы музыка өнері ұлы француз революциясы мен ағарту идеяларының әсерімен өріс алды.Түрлі марштар,батырлық әндер,қауымдық мерекелерге арналған әндер көбейді.Адамгершілік,жоғары этикалық мұраттарды,адамдар теңдігі мен қоғамға қызмет ету мақсатын дәріптейтін музыка жанрының, австро-герман симфониялық,,опера және камералық шығармашылық үрдістің негізін қалаған веналық классикалық мектептің басты өкілдері И.Гайдн,В.Моцарт,Л.Бетховендердің кәсіби музыка дамуындағы алатын орны ерекше.

Иозеф Гайдн
( 1732-1809 )

И.Гайдн-Австрияның композиторы. Ол 1732 жылы Австрия астанасы Вена қаласының түбіндегі шағын қалашықта дүниеге келген. Оның әкесі арфа аспабында жақсы ойнаған. Гайдн 5- жасқа келгенде шіркеуде месса айтқан.Оның даусының кереметтігі соншалық сол жердегі адамдар Гайднның даусын күміс қоңырау тәріздес деп сипаттама берген екен. Сөйтіп шіркеуде месса орындап жүрген бала Гайднның бір күні даусы қарлығып мүлдем жоғалып кеткен екен. Содан оны шіркеуден шығарып жібереді. Ол көптеген қиындықтарға мойын бұрмай бірнеше квартеттерін,симфонияларын т/б музыкаларын жазды. 1761 жылы Венаның бай князы Эстергаз кездесіп, өзінің музыканы сүйетіндігін ескертіп Гайднды өзінің капелласына капельмейстер етіп жұмысқа шақырады. Гайдн 30 жыл өмірін сол жерде өткізеді. Сол жерде жүріп көптеген музыкаларын дүниеге әкеледі. 1791 жылы Гайдн 60-қа толар шағында Эстергаз князь өлгеннен кейін қолына теңдік алады. Оған бала Эстергаз арнайы зейнетақы тағайындап береді. Ол-104 симфония,82 ішекті аспаптар квартеті,фортепионаға арналған 52 ,30 дан астам опера,3 оратория жане тағы басқа шығармалардын авторы.И.Гайднды ‘‘Симфония мен квартеттің атасы‘‘ деп атайды.

 И.Гайдн « Ми-бемолъ-мажорлық симфония » тыңдау.




Волъфганг Амадей Моцарт.
( 1756-1791)

В.А.Моцарт Австрияның ұлы композиторы. Ол 1756 жылы Австрияның астанасы Вена қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Моцарттың әкесі де, шешесі де музыкадан құралақан болмаған. Әкесі керемет шебер, ал шешесі әнді нақышына келтіріп өте әдемі орындайтын болған. Моцарт жастайынан сол кездегі классик композиторлардың шығармаларын оқып өсті. Симфонияның атасы Гайднды іздеп Эстергаздың капелласына барады. Сол жерде Гайдн екеуі жұмыс жасайды. Гайдн арфа аспабында, ал Моцарт скрипка аспабында ойнап, екеуі әдемі жұп болады. Аралары 25 жас болса да екеуі кәдімгі шын достардай араласты. Моцарт сол жылдары Гайднның көмегімен көптеген музыкалық шығармаларды дүниеге әкелді. Ол 50 симфония, опера, соната, квартет, квинтет, реквием және тағы басқа әр түрлі жанрларда көптеген шығармалар жазды. Оның «Фигароның үйленуі», «Дон Жуан», «Сиқырлы сыбызғы» опералары күні бүгінге дейін дүние жүзі театрларының репертуарынан түспей келеді. Сондай-ақ А. Моцарттың аспаптық шығармалары мен симфониялары қай кезеңде де тыңдаушылар жүрегіне жол тауып, тамсандырып келеді. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Музыкалық шығарманы орындау

Музыкалық шығарманы орындау

Орандыушылық жөнінде әңгіме қозғай отырып,біріншіден фортепиано аспабында орындаушылық шеберлік туралы айтып өткен жөн,себебі осы аспапты көпшілік ...
Халық музыкасының концерті

Халық музыкасының концерті

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Абай орта мектебі КММ музыка пәнінің мұғалімі: Нұрсұлтанова Әлемгүл Төлеуқызы Сабақтың тақырыбы: «Халық...
Үрмелі аспаптар оркестрі.

Үрмелі аспаптар оркестрі.

Сыныбы: 3 Сабақтың тақырыбы: Үрмелі аспаптар оркестрі. Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға үрмелі музыкалық оркестр құрамындағы аспаптармен таныстыру,...
Музыка  пәні  мұғалімінің  аспаптық  дайындығы

Музыка пәні мұғалімінің аспаптық дайындығы

М.Б.Жапаков Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің музыка пәнінің жоғары...
«Жыр және опера»

«Жыр және опера»

Сабақтың тақырыбы: «Жыр және опера» Сабақтың мақсаты: Лиро - эпостық жырлармен таныстыру және қазақ халқының тұрмыс - салт жырлары мен әдеп -...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру