Мүсіндеу оқу іс-әрекеті жылына 32 сағат, аптасына 1 сағат

Сабақтың тақырыбы: Күн мен бұлт

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу

     

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Мүсіндеу жұмысында қолданылатын материалдармен, құралдармен таныстыру; мүсіндеудің негізі: жұмсарту, созу, құрастыру, жаю, тегістеу, жалпақтау, домалақтау тәсілдермен таныстыру; қатырмақағазға бедерлеу тәсілін орындау дағдыларын қалыптастыру.

 

Көрнекілік:

Күннің және бұлттың суреттері, жұмыс дәптері, тақтайша, көк немесе көгілдір түсті қатырмақағаз, ермексаз, кескіш тақтайша, қолорамал.

 

 Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға жұмыс істейтін орындарын дайындап, құрал-саймандарының – тақтайша, ермексаз, таяқша, қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айту. Үстел үстін, киімін бүлдірмей материалдармен ұқыпты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында тақтайшада мүсіндеу үшін қажетті материалдарды қалай қолдану керектігін түсіндіру. Ермексазбен жұмыс аяқталғаннан кейін, қолды орамалмен сүртіп, сабынмен тазалап жуу керек. Балалар жұмыс орындарын дайындайды.

Балаларды мүсіндеудің негізгі жұмсарту және есу тәсілдермен таныстыру. Бүтін ермексазды жұмсарту, есу қиын болатындықтан ермексазды кесетін арнайы кескіш таяқшамен бірнеше бөлікке бөліп алып, алдымен алақанға салып жұмсартып, сосын тақтайшада ұзын жіңішке шиыршық пайда болғанша есу керектігін көрсете отырып түсіндіру, көрсеткен бойынша өздері қайталап мүсіндеу жұмысын орындайды.

Балаларға бедерлі мүсіндеу тәсілімен жұмыс жасау жолын түсіндіру:

 

 

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

    

Жұмыс барысы:     

Көк түсті қатырмақағазға жай қарындаштың көмегімен күн мен бұлттың суретін саламыз.

Ақ және сары түсті ермексаздың кесегін жұмсартамыз.

Ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алып, әр бөлігін тақтайшаның үстіне салып ұзынша, жіңішке ширатпалар есеміз.

Ширатпаларды сұлбаның өн бойына салып, қатырмақағазға жапсырамыз.

Күн мен бұлттың ішін сәйкес түсті ермексазбен толтырып, бетін тегістеп шығамыз.

Жекелеген ширатпадан күннің сәулесін жапсырып шығамыз.

Балалар жұмыс дәптерінің көмегімен өз бетінше жұмысты орындайды.

 

 Қорытынды:

Жасалған мүсіндеу жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.  Жұмыстарды талдау, бағалау.

Дұрыс әрі тиянақты орындаған жұмыстарды атап көстету. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақты алқап

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балалардың бірнеше бөліктен тұратың заттарды біріктіріп мүсіндей алу дағдыларын бекіту; оларға мазмұн беру; мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Көрнекілік:

Саңырауқұлақ суреттері, тақтайша, ермексаз, кескіш тақтайша, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға саңырауқұлақ, олардың түрлері туралы түсінік беру. Қайда өсетіні, атауы, оның тамақ ретінде пайдалатыны, улы түрінің болатыны жайында мағлұматтар беру. Балалардан кімнің саңырауқұлақты өз көзімен көргені, жинағаны туралы сұрау. Балаларға жұмыс дәптерлеріндегі саңырауқұлақты мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін көрсете отырып түсіндіру.

 

Сергіту сәті:

Ұзын мұрты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

     

Жұмыс барысы:

Алдымен ақ және қоңыр түсті ермексаз кесегін екіге бөліп, алақан арасына салып жұмсартамыз.

Қоңыр түсті кесегін алақан арасына салып домалақтап, шарик жасаймыз. Оның ортасын басбармағымызбен басып, саңырауқұлақтың қалпағының пішініне келтіреміз.

Ақ түсті ермексазды цилиндр-шұжық пішініне келтіреміз, ол саңырауқұлақтың аяғы болады.

Енді екі бөлікті бір-біріне біріктіріп, олардың сырттарын тегістейміз.

Саңырауқұлақты жасыл түске боялған қатырма қағаздың үстіне орнатамыз.

Балалар үлгіге қарап отырып мүсіндеу жұмысын орындайды.

 

Қорытынды:

Аяқталған жұмыстардың орындалуына талдау жасап, ең жақсы жасалғандарын атап өту.

Жұмыстың орындалу сапасына назар аудару. Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, бағалау.

Сабаққа бесенді қатысқан балаларды мадақтау.

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Жапсыру (аппликация) оқу іс-әрекеті жылына 32 сағат, аптасына 1 сағат

Жапсыру (аппликация) оқу іс-әрекеті жылына 32 сағат, аптасына 1 сағат

Сабақтың тақырыбы: Үй   Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация   Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларды қайшымен дұрыс жұмыс...
Еңбекке баулу 2 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Алматыкітап баспасы С. А. Жолдасбекова, П. А. Абашева, Д. П. Мадиева, Б. Қалназаров (68 сағат)

Еңбекке баулу 2 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Алматыкітап баспасы С. А. Жолдасбекова, П. А. Абашева, Д. П. Мадиева, Б. Қалназаров (68 сағат)

Оқу ісінің меңгерушісі:   Еңбекке баулу Кабинет: Уақыты: Мұғалім: Сабақтың тақырыбы Ермексазбен  туралы  түсінік. Ермексаздан...
Күн тәртібі бойынша балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеуде апталық жоспарлау циклограммасы

Күн тәртібі бойынша балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеуде апталық жоспарлау циклограммасы

Күн тәртібі бойынша балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеуде апталық жоспарлау циклограммасы ____________айы (_________ апта)  ...
Су астындағы   тамаша әлем.

Су астындағы тамаша әлем.

Бейнелеу өнері 3 «А»...
Отбасы. Әже әлдиі

Отбасы. Әже әлдиі

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы: шығармашылық. Бөлімі: сауат ашу. Оқу іс – әрекетінің...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру