Кристалдық торлар
СКО Жамбыл ауданы "Баян орта мектебі"
КММ Химия және биология пәнінің мұғалімі Умутбаева Назгуль Маратовна Тақырыбы: Кристалдық торлар
Тақырыбы: Кристалдық торлар


Мақсаты: Заттардың қасиеті кристалдық тордың типіне байланысты екенін түсіндіру

Міндеті.Білімділік: Иондық, молекулалық, атомдық және металдық кристалл торларын түсіндіре отырып, әрқайсысының ерекшелігіне көңіл аудару. Кристалл торларына байланысты заттардың қасиеттерін ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: химиялық байланыс түрлерімен қоса қойылған сұрақтарға толық жауап беру, ойларын еркін айту дағдыларын дамыту, шығармашылық белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: топтық іс әрекетке үйрету.Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге, өзіндік ой қорытуға, жан-жақтылыққа тәрбиелеу
Типі: аралас
Әдісі: диалог, сұрақ –жауап, СТО стратегиялары, АКТ – ны сабақта пайдалану арқылы дамыта оқыту
Көрнекі құралдар: натрий хлоридінің кристалдары; қант кристалдары; көміртегі (IV) оксидінің, иодтың, натрий хлоридінің, магнийдің, мұздың (H2O), графиттің, алмаздың кристалдық тор пішіндері
I. Д/к. Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы
Тренинг
Топтарға бөлу: «Веер таңдау»
I топ Иондар
II топ. Молекулалар
III топ. Атомдар
IV топ. Металдар
II. Д/к Тірек білімінің өзектілігі
1.Ыстық орындық
1.Электртерістілік деген не?
(Атомдардың өзіне электрондар тарту қабілетін электртерістілік деп атайды).
2. Ең жоғары және ең төменгі электртерістігін көрсететін элементті ата?
(электртеріктің ең үлкен шамасы фторда, ең кіші шамасы цезийде)
Отырған оқушыларға.
3. Берілген заттардағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар: KСI, Br2, HF, CI2, CaO, MgS, MgBr2, N2, SiH4, NH3, Li3N (тақтада 3 оқушы орындайды )
Иондық байланыс | Ковалентті полюссіз | Ковалентті полюсті
байланыс байланыс
« Галереяға шарлау » стратегиясы арқылы өзара тексеру
4.- Күлгін түсті кристалмын,
Медицина «құдайымын».
Жарақат алған адамның,
Өмірін сақтап қаламын.
Формуламды менің
Кәне, айтып жіберші
Және мендегі байланыс
Типін де атап берші.
( I2)
- Тынысым, ырысым,
Ол жоқ жерде
Жойылмақ жүрісім (оттек)
Сұрақ: Оттек молекуласы байланыс типі ?
- Химиялық ойын «Үшінші артықты тап» ойыны.

NaNO3 HCI NaI
CuCI2 NaCI HF
CI2 КCI2 HCI

III Д/к.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Кристалдық заттар.Кристалдың тор ұғымдарына сипаттама беру.
Көптеген қатты заттар кристалдық құрылысты болады. Мұны оңай анықтауға болады.Кез келген қатты затты (қант, күкірт) ұсатып көріңдер.Олардың сынақтарынан белгілі пішіні бар кристалдарды оңай көруге болады. Мұндай заттарды кристалдық заттар деп атайды.

I топ тапсырмасы:Иондық кристалл торын сипаттаңдар.
I топ жұмысы

II топ тапсырмасы:Молекулалық кристалл торын сипаттаңдар.

II топ. жұмысы

III топ тапсырмасы:Атомдық кристалл торын сипаттаңдар.
III топ жұмысы


IY топ тапсырмасы:Металдық кристалл торын сипаттаңдар.
IY топ жұмысы:

IY Д/к.Білімді бақылау:
1.Берілген заттардың әрқайсысының кристалдық тор типтерін анықтаңдар:

Заттың атауы Кристалдық тор типі
1.Су (қатты күйі)
2.Калий хлориді
3.Йод
4.Фосфор
5. Көміртек алмаз
6.Мыс
7.Бром
8.Темір

2.Сәйкестілік тест

1.CaCI2 А.Молекулалық
2.O2 В.Иондық
С.Металдық
4.Zn Д.Атомдық

3.Ойлан, тап:

1.Металл мен галогендерден түзілетін тұздардың ... кристалдық торы әраттас ... ... кезектесіп орналасуымен сипатталады.
2. ... кристалдық торға түйіндерінде полюсті және полюссіз байланыста молекулалар болатын тор жатады.
3. ... қабаттары бірінің үстінде бірі оңай жылжиды.
4. ... қаттылығы жағынан табиғатта кездесетін заттардың ішіндегі ең қаттысы.

Y Д/к.Үй тапсырмасын беру: §65 (1-6)

YI Д/к.Білімді бағалау ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру