Сабақтың жоспары Сыныбы: 11 "Ә"
Пәні: Химия Уақыты: 07.03.2015
Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар тарауын қайталау
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сөз-көрнекі, сарамандық
Пәнаралық байланыс: биология (жасушаның химиялық құрамы);
биологиялық химия (көмірсулардың алмасуы); медициналық биология;
Пәнішілік байланыс: функционалдық топ; изомерия; сапалық реакция; оттекті органикалық қосылыстар;
Негізгі түсініктер:
Көмірсулар, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы, физика-химиялық қасиеттері, қолданылуы. Өткен сабақпен байланысы:
Бағалау:
-сұрақтарға жауап алу
-жұмысты бағалау
-сапалы білімді бағалау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көмірсулардың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері, құрылысы, алынуы мен қолданылуы туралы білімдерін жүйелеу, бекіту; танымдық белсенділігін арттыру;
Дамытушылық: Көмірсулардың қасиеттерін білу мамандықтары бойынша арнайы пәндерді (биологиялық химия, медициналық биология) оқуда керек екендігіне назарларын аудару медицинадағы маңызына тоқтала отырып, көмірсулардың табиғаты мен химиялық қасиеттері туралы білімдерін дамыту; органикалық заттар туралы түсініктерін толықтырып, одан әрі кеңейте дамыту;
Тәрбиелік: Білім алушыларды абстракты ой қорытуға дағдыландыру, сабақ барысында тапқырлыққа, өз мамандықтарына және химия пәніне қызығуын арттыру;
Көрнекілік: Үлестірме қағаздар, плакаттар.
Уақыты
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Жұмыстың барысы
Оқушылар жақсы көңіл күймен бір-бірлеріне сәттілік тілейді
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушыларды көтеріңкі көңіл күйге шақыру Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар бір-бірлеріне сәттілік тілейді.
Қызуғышылын ояту
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, 3 топқа (Моносахаридтер, Дисахаридтер, Полисахаридтер) бөліп отырғызу;
Мұғалім сұрақтар қояды Жай және күрделі эфирлер жалпы қасиеттеріне тоқталып, реакция теңдеулерін жазады
Жаңа түсінік қалыптастыру және әрекет тәсілдері 1. Теориялық білімдерін тексеру (топтық жұмыс): тапсырмалар бойынша жауап беру, топ жетекшілері топ мүшелерінің жауаптарын тыңдап бағалайды, тақтаға шығып берілген тапсырманы қорғау.
Моносахаридтер.
1. Глюкоза мен фруктозаның табиғатта кездесуі.
2. Глюкозаның алынуы (фотосинтез және өндірісте).
3. Моносахаридтердің физикалық қасиеттері
4. Бифункционалды қосылыс ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері
5. Глюкозаның қолданылуы.
Дисахаридтер.
1. Сахарозаның табиғатта кездесуі.
2. Сахарозаның алынуы.
3. Сахарозаның физикалық қасиеттері.
4. Сахароза мен лактозаның құрылысы мен химиялық қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығы.
5. Сахарозаның қолданылуы.
Полисахаридтер.
1. Крахмалдың табиғатта кездесуі.
2. Крахмалдың алынуы (биосинтез және өндірісте)
3. Крахмалдың физикалық қасиеттері.
4. Крахмалдың химиялық қасиеттері (сапалықреакция және гидролиз).
5. Крахмалдың қолдануы.
2. «Ғажайып химия әлемі»
Тәжірибелік тапсырмалар орындалады.
Моносахаридтер.
Тәжірибе: «Күміс айна» реакциясы.
Таза пробиркаға 1 мл тамшы AgN03 құйып, тамшылап аммиак ерітіндісін қосыңдар. Пайда болған Ag2 0 (1) аммиак ерітіндісінде толық еру керек. 1-1,5 мл глюкоза ерітіндісін құйыңдар. Қоспаны қайнатпай тез қыздырыңдар. Пробиркада өзгеріс басталғанда қыздыруды тоқтатыңдар.
Сұрақтар:
Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер.
1. Қандай өзгерістер өтті?
2. Неге осы реакцияны «күміс айна» реакциясы деп атайды? Реакция теңдеуін жазыңдар
Дисахаридтер.
Тәжірибе: Глюкозаның мыс гидроксидімен әрекеттесуі
• Таза пробиркаға 3-4 мл глюкозаға ерітіндісін және натрий гидроксидінің (NaOH) ерітіндісін құйындар.( NaОН артық болу керек). 2-3 CuSО4 тамшысын қосыңдар. Қоспаны шайқап, қыздырыңдар. Мыс гидроксидінің сары тұнбасынан мыс оксидінің қызыл тұнбасы пайда болғанын байқаңдар.
Сұрақтар:
Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер:
1. Қандай заттар пайда болды?
2. Қандай өзгерістер өтті?Қызыл,сары түстер қандай заттардың белгілері? Реакция теңдеуін жазындар.
Полисахаридтер.
Тәжірибе: Крахмалдың йодпен әрекеттесуі.
• Таза пробиркаға 4-5мл су құйып, кішкене крахмал қосып, аралас тырыңдар.Пайда болған суспензияны қайнаған суға қосып араластырыңдар.
• Пайда болған клейстерді су қосып екі пробиркаға құйыңдар. Бірінші пробиркаға йод ерітіндісін, екінші пробиркаға калий йод ерітіндісін қосыңдар.
Сұрақтар:
Бақылаған құбылыстарды түсіндіріңдер.
1. Қандай өзгерістер өтті?
2. Неге көк түс йод қосқан кезде тез пайда болды, ал калий йод қосқан кезде біраз уақыт керек болды?
3. «Ой сайыс». Плакаттарда жазылған тұжырымдардың дұрыс не бұрыс екендігін анықтау керек.
Бірінші топқа берілген тапсырма:
Глюкоза жай зат;
Онда тек қана 1 функционал топ бар;
Глюкоза тотығады;
Глюкоза тотықсызданады.
Жауаптары:
Глюкоза күрделі зат;
Глюкозада алты функционал топ бар: ОН" - 5, - СОН - 1;
Иә, гидроксил топтары реакцияда эфирге айналса, альдегид тобы карбоксил тобына айналады.
Иә, альдегид тобы гидроксил тобына айналады.
Екінші топқа берілген тапсырма:
Мынау сахароза С12Н22О10;
Сахароза суда жақсы ерімейді;
Лактоза - крахмалдың изомері;
Сахарозаның жақын изомерлері – галактоза, целлюлоза, мальтоза;
Жауаптары:
Жоқ бір оттегі жетіспейді;
Сахароза суда жақсы еритін зат;
Дисахарид, сүт қанты;
Лактоза, мальтоза, целлобиоза
Үшінші топқа берілген тапсырма:
(С6Н10О5) n)
Целлюлоза - тармақталған полимерлер
Крахмалды күміс-айна реакциясы анықтайды;
Бидай дәнінде 70% , күріш дәнінде 80 % целлюлоза болады
Жауаптары:
Бұл крахмал және целлюлозаның формуласы;
Сызықтық полимердің өкілі.
Қате, йод ерітіндісімен анықтаймыз
Ағаштарда 40-50% , мақта талшықтарында 90-95 % целлюлоза болады.
4. «Есептер химиясы». Әр топ өздеріне берілген есептерді шығаруы тиіс.
1. 160г мыс (І) оксиді неше грамм глюкозаны мыс (ІІІ) гидроксидімен тотықсыздандырғанда түзіледі?
Жауабы: 200г
2. 4,32г күміс түзілген болса, глюкозамен неше грамм күміс (І) оксиді әрекеттескен?
Жауабы: 4,64г
3. Егер шығымы 75% болса, 32,4кг целлюлозадан қанша триацетилцеллюлоза алуға болады?
Жауабы: 43,2кг
Білімді жүйелеу мен қорытындылау Ал, балалар сабақты қорытындылайтын болсақ, 1.Көмірсулар қалай жіктеледі екен?
2.Олардың табиғатта таралуы қандай?
3.Өмірде қолданылуы қандай екен?
Мұғалім сұрақ қояды Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Үй тапсырмасы §22-25 Көмірсулар тарауын қайталау
Рефлексия кезеңі Сабақ сендерге ұнады ма?
Өздеріңе қажет мәлімет ала алдыңдар ма?
- Роза Бекболатова
- 9 марта 2015
- 2298
- 0


