«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» атта танымдық ойын.9-10 сынып
Мақсаты: Химия курсы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау,бекіту, оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасыру, тіл байлығын, ой ұшқырлығын, іздемпаздығын, шығармашылық қабілетін, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Өз- өзіне сенімді, жеке-жеке қиындықтан шығуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Компьютер, парақтар, ақын жазушылардың айтқан қанатты сөздері және т.б.
Ойынның барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Кіріспе сөз
Армысың, ағайын, көзкөрген, алдарыңызда жаратылыстану – математика онкүндігінің бүгінгі күніне арналған «Адам ағзасындағы химиялық элементтер» атты танымдық ойынды бастайға рұқсат етіңіздер.
Осы ойынның негізгі 9-10 сынып оқушылары қатысып, өз ой ұшқырлығын, білімдігін ортаға паш етпек. Қошеметтеп ортаға шақырайық. (музыка әуенімен шығады.)
Әрбір топ өздерін таныстырып шығады.
Біздің бүгінгі ойынымыз 7 кезеңнен тұрады.
1-кезең. «Құпия элемент»
2-кезең. «Зерек болсаң,шешіп көр»
3-кезең. «Ойлы болсаң, озып көр»
4-кезең. «Кім жылдам»
5-кезең. «Қызықты тәжірибе»
6-кезең. « Тауып айтқан –қауып айтады»
7-кезең. «Зерделілер әлемінде»
1-кезең. «Құпия элемент» шартында сұрақтар қай химиялық элементке сәйкес келетінің анықтаңдар, әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1.Жүйке жұйесінің ауруларын емдейтін дәрігер? (невролог,психиатр)
2.Қан аурулары және емдейтін дәрігерді атаныз? (қан аздық, гемофилия-гематолог)
3.Сүйек аурулары және емдейтін дәрігерді атаныз? (артрит- хирург)
4.Йод жетіспегенде болатын аурулар және емдейтін дәрігер?
(Зоб-эндокринолог)
5. Жүрек аурулары және емдейтін дәрігер?(инфаркт-кардиолог)
6. Көз аурулары және емдейтін дәрігер? (глаукома- окулист)
7.Бүйрек аурулары және емдейтін дәрігерді атаңыз? (пиелонефрит- уролог)
8.Шөптесін өсімдіктер, шаң-тозаңнан туындайтын аурулар және дәрігер? (аллергия- аллерголог)
9. Тіс аурулары және емдейтін дәрігерді атаңыз? (тіс жегі- стоматолог)
І-4 Fe-2 K-5
Ba-6 Mg-1 Se-7
Ca-3 Cr-8 F-9
2-кезең. «Зерек болсаң,шешіп көр» шарты бойынша металдар туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу.Әр дұрыс жауапқа 5- ұпай беріледі.
1. Қойдың сүті -... (қорғасын)
2. ...- ді қызған кезде соқ. (темір)
3. От көмір жейді, тот ... жейді.(темір)
4. ...-ды еріте білмеген-ірітер.
Теріні илей білмеген –шірітер.(алтын)
5.Арпа-бидай ас екен, ...-... тас екен. (алтын-күміс)
6. Мылтықөтың ...-ін айтпа, тиісін айт. (күміс)
7.Аз сөз-..., көп сөз-... (алтын, күміс)
8.... кессең ұзын кес, соға келе ұзарар, Ағаш кессең ұзын кес,шаба келе қысқарар. (темір)
9. Өнерлінің қолы...
Өленшінің сөзі ... (алтын)
10. ... Шыққан жерді белден қаз. (алтын)
11.Ақыл байлық –азбас байлық, ... байлық-тозбас байлық ( темір)
12. Асы жоқ ... аяқтан, айраны бар бар тостақ артық. (алтын)
3-кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» шартында сөзжұмбақ шешу.Әрбір дұрыс жауапқа 5-ұпайдан беріледі.
1.Күмістей ақшыл, жеңіл, тісте, бұлшықеттерде кездесетін металл. (магний)
2.Магнитті қасиеті бар, қайда кездесетін металл.(темір)
3. Көз, жұлын сүйығында,ас қорыту сөлінде, сүйек ұлпасында кездесетін сілтілік металл.( натрий)
4.Ұйқы безінің қызметін бірқалыпты деңгейде ұстайды, «жылпос» металл. (кобальт)
5.Шашта, өкпеде, мида кездеседі, электр өткізгіш металл. (алюминий)
6. Ол өте аз мөлшерде қанның ұүрамында шашта болады.Адамды ерте қартаюдан сақтайтын металл. (ванадий)
7.Қанда,бүйректе,сүйек ұлпасында кездеседі, сілтілік жер металл. (кальций)
8. Гипофизде кездесетін ең қатты металл. (хром)
.4-кезең. «Кім жылдам»
Шарты бойынша әрбір топ химиялық формуласын жазу керек.
1. Мыс сульфаты.
2. Күкірт қышқылы 10.кальций нитраты.
3. Кальций оксиді. 11мырыш гидроксиді
4. Хлор сутек. 12.бор оксиді
5. Кремний қышқылы.
6. Алюминий оксиді.
7. Фосфор оксиді.
8. Азот қышқылы.
9.Мырыш оксиді
5-кезең. «Қызықты тәжірибе» шарты бойынша мұғаліммен бірге тәжірибені орындап, түсіндіру керек. 5-ұпаймен бағалады.
6-кезең. «Тауып айтқан –қауып айтады»
Химиялық элементтер беріліп, оған периодтық жүйе бойынша сипаттама беру. 5-ұпай беріледі.
7-кезең . «Зерделілер әлемінде»Екі топқа химиялық элементтерді атап, бір адымдап отырады және 5 минут уақыт беріледі.
Сонымен қорытындылап жеңімпаз топты анықтап,сый сияпат көрсетіледі. Сау болыңыздар!
Қызылтаң орта мектебі
«Адам ағзасындағы химиялық элементтер»
атты танымдық ойын.
9-10 сынып
Дайындаған: Серкенова Г.Б.
2014-2015 оқу жылы.
- guldana 1806
- 4 марта 2015
- 2008
- 0


