Білім шыңы шақырады
Білім шыңы шақырады
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің
химия пәні мұғалімі
Шаяхметова Анаргүл Әменқызы

Тақырыбы: «Білім шыңы шақырады»
қайталау сабағы


Мақсаты: металдар тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, жүйелеу
Білімділік: Металдардың физикалық қасиетін,табиғатта таралуын есте сақтау, химиялық
қасиетін анықтай білу.
Тәрбиелік: Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып сабақта өз білімін көрсете алуға ықпал ету, өз бетімен еңбектенуге, өзін -өзі басқаруға үйрету.
Дамытушылық: Жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіріп, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, шығармашылық ізденісін дамыту
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, тесттер
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, сәйкестендіру тест, деңгейлік тапсырмалар
Пән аралық байланыс: география, қазақ әдебиеті
Конфуций кезінде : «Оқу, ал уақыт өте келе сол оқығаныңды қайталаудан артық бақыт жоқ деген екен», олай болса сабағымызды бастаймыз.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
(Оқушылармен амандасу, түгендеу)
ІІ. «Тапқырлар» ойыны
1. Тығыздығы ең көп металл
2. Ең жеңіл металл
3. Ең жұмсақ металдар
4. Сұйық металл
5. Ең қиын балқитын металл
6. Ең қатты металл
7. Адам алақанында балқитын металл
8. Жеті ғаламшарды алхимиктер жеті металға
теңеген. Осы металдарды атаңдар.
9. ”Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген
азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап
жарытпақ емес” –деген кімнің сөзі ?
10. Металлогения ғылымының негізін
қалаушылардың бірі, қазақтың ғалымы кім ?
ІІІ. «Кім жылдам” ойыны
(Металдардың химиялық қасиеттерін жазу)
ІҮ. «Геологтар сөйлейді» сәйкестендіру тестісі
1. Қорғасын ШҚО, Зырян,
2. Магний, титан, мырыш, верилий, тантал Лисаковск, Рудный,
Соколов- Сарыбай

3. Марганец Көкшетау
4. Хром, алтын Текелі, Ащысай
5. Мыс, алюминий Қаражал, Жезді
6.
7. Темір
Қалайы Жезқазған, Павлодар
Хромтау, Ақтөбе, Бақыршық

Ү. «Біліміңді сынап көр»
А) Деңгейлік тапсырмалар орындау
Б) «Құрастыру» ойыны (Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс)
Шарты: тақтаға бірнеше буындардан тұратын сөзтізбегінің кестесі ілінген. Осы буындардан бірнеше металл аттарын құрастыр.
ҮІ. «Ойлан тап» ойыны
(Металдарға байланысты жұмбақтар шешу, мақал – мәтелдердің жалғасын табу)
1. Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді. (темір)
2. Сұрғылт түсті кәдімгі металмын,
Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын.
Негізгі пәтерім 24 - ші, 6 - шы көшеде болса да,
Кендерім Мұғалжарда, тауда жатамын (хром)

3. Өзім газбын менімен демаласын,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (оттек)

1. Арпа - бидай ас екен, ...
(алтын – күміс тас екен)
2. От көмір жейді, ...
(тот темір жейді)
3. Ескі мата бөз болмас, ...
(ескі темір біз болмас.)
Металдардың ашылуы
1. Калий элементін ашқан ғалым?
2. Берилий элементін ашқан ғалым?
3. Радиоактивті элемент францийді ашқан ғалым?
4. Барий элементін ашқан ғалым?
5. Кадмий элементін ашқан ғалым?
6. Кобальт элементін ашқан ғалым?
7. Титан элементін ашқан ғалым?
ҮІІ. «Химиялық эстафета» есеп шығару.
1. Аллюминийдің күкірт қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеуін құрастырыңыз. 9г. аллюминий қышқылды «ерігенде» бөлінетін сутектің (қ.ж.) көлемін есептеңіз.
2. 10%-ті 200 г қант ерітіндісіне 20 г су қосты. Осыдан кейін қанттың массалық үлесі қалай өзгереді?
ҮІІІ. «Шығармашылық сәт» үй тапсырмасы
ІХ. Логикалық тапсырмалар
1 – тапсырма
3 химиялық элемент А, В, С ең күшті оттекті қышқыл түзетін
элементтің периодында орналасқан. А, С элементтері – бейметалдар, ал В элементі – амфотерлі.В элементі А элементімен әрекеттескенде В2А3 қосылысын түзеді. С элементінің А және В элементінен айырмашылығы оның жоғарғы оттекті
қосылысындағы валенттілігі ұшқыш сутекті қосылысындағы валенттілігіне тең.
Осы элементтерді атаңыздар.
2 – тапсырма
3 химиялық элемент А, В, С Д. И. менделеевтің периодтық жүйесінде бір периодта орналасқан А элементі - ауада ең көп таралған элемент, ал В элементі А элементінен кейінге ауадағы екінші орындадағы элемент С элементінің жоғарғы оттекті қосылысындағы валенттілігі мен ұшқыш сутекті қосылысындағы валенттілігі бірдей.
Бұл оксидте С элементінің бір атомына екі атом В элементі кіреді.
Үйге тапсырма: қайталау, «Металдардың биологиялық маңызы» деген тақырыпта реферат жазу.


Білім шыңы шақырады

презентациясы

Білім шыңы шақырады ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру