М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі
М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі
М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі

Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын, соғыс сипатын, көтеріліс басшыларының ерлік, батырлық тұлғаларын түсіндіру, өлеңде кездесетін тұрақты тіркестер, теңеу сөздерді талдау; тәрбиелік – оқушыларды елін, жерін, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, батыр киімі, қару - жарағы, шығармалар жинағы, Қазақстан картасы, «Еліміздің рәміздері» тақырыбындағы буклет, М. Қалымовтың «Исатай - Махамбет» атты суреті, үнтаспа, Жәңгір ханның суреті, хронологиялық таблица жазылған плакат бет.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.
1. Кіріспе.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын сұрау тест әдісі бойынша жүреді.
3. Жаңа сабақ өту.
М. Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған. Арабша, орысша хат таныған. Жасында Жәңгірханның ордасында жүрген. Ақын жас кезінен - ақ хан сарайындағы әділетсіздікке қарсы болып, халықтың ауыр мұңы, тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген. Махамбет ел ісіне ерте араласқан, керекті кезінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш, қабілеті мейлінше күшті, жалынды ақын.
«Тарланым» өлеңінде ауыз әдебиетінің үлгісі бар. Әсіресе жоқтау сарыны айқын көрінеді.
Өлеңдері: «Мінкен ер», «Тайманның ұлы - Исатай», «Исатай сөзі», «Исатай деген ағам бар», «Ей, Махамбет жолдасым», «Қызғыш құс» т. б
Махамбеттің 80 - ге жуық өлеңі бар, мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бірқатар өлеңдерін жинаған ақын – Шәңгерей Бөкеев.
Ең алғаш Махамбет өлеңдері 1908 жылы Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымарқызы уғылына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген.
Сонымен қатар күйші - сазгер, домбырашы. Олай дейтініміз – Махамбеттің «Жорық», «Жайық асуы», «Қайран, Нарын», «Исатайдың Ақтабаны - ай», «Кішкентай», «Ақтабан», «Жұмыр қылыш», «Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны» т. б. күйлері бар.
- Балалар, біз бүгін Махамбеттің «Соғыс» атты өлеңін өтеміз. Өлеңді оқымас бұрын сұрақтар беремін.
1. «Соғыс» деген сөзді естігенде есімізге не түседі?
2. Қандай сезімде боласың?
Махамбеттің «Соғыс» өлеңін мәнерлеп оқимын.
Хронологиялық кестені пайдалана отырып, көтерілістің шығу себебін, оқиғаның болған уақыты жайында айтылады.
Исатай мен Махамбет халықты хан - сұлтандарға, білегі жуан билерге қарсы көтереді.
Көтерілістің шығу себебі: шаруалардың шұрайлы қонысынан, жер - суынан, еркінен арылуы, хан - сұлтандар мен патша үкіметінің езгісіне, қыспағына түсіп күйзелуі болды. 1836 жылы 2 - қараша күнгі көтерілісте Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай адам хан ордасына шабуыл жасайды. 1838 жылдың шілдесінде Гекке бастаған орыс армиясымен соғысады.
Көтерілістің жеңілу себебі: 1) барлық көтерілісшілер жаппай, біртұтас біріге алмады; 2) өздерінен жақсы қаруланған, арнайы әскери дайындықтан өткен патша жазалаушы күштерімен арпалысу қиын еді.
Көтеріліс жеңіліс тауып, оның басшылары жазаланса да, бұл еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам болды. Ұлт - азаттық қозғалысының көсемдері батыр Исатай мен ақын Махамбет халықтың ыстық ықыласына бөленді. Олар халық жүрегінде мәңгі сақталар тұлға болып қала бермек.
Қосымша атқарылатын жұмыстар
1. Өлеңнен Исатайдың ерлік бейнесін суреттейтін жерді тауып, дәптерге жазу.
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында,
Зығырданы қайнайды.

Астына мінген Ақтабан
Ақбөкендей ойнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған қойдай шулайды.
2.. Өлеңнен тұрақты тіркесті тауып, білдіретін мағынасын ашу.
3. Өлеңдегі эпитет, метафора, теңеу сөздерді тауып талдау.
4. Өлең шумақтарында омоним бола алатын сөздерді табу, әр түрлі мағыналарына мысалдар келтіру.
Сабақтың қорытындысы.
- Сонымен, балалар, Исатай мен Махамбеттің арманы орындалды ма?
Бүгінде Исатай мен Махамбет арманы мүлтіксіз жүзеге асуда. Келешек ұрпақ Махамбеттің аманатын орындалады. Талай ғасырлар бойы темір құрсауда болған қазақ халқы ел жастарының бірігуімен тәуелсіздігін алды (1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы айтылады.) ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Сабақтың мақсаты: - Қазақстандағы 1986 жылы желтоқсан оқиғаларының себептері, салалары туралы түсінік...
Біржан сал Қожағұлұлы

Біржан сал Қожағұлұлы

Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы I. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Біржан Қожағұлұлы өмірі мен шығармалары туралы мәлімет бере отырып,...
Құрманғазы Сағырбайұлы

Құрманғазы Сағырбайұлы

Шымкент қаласы № 72 жалпы орта мектеп Музыка пәнінің мұғалімі: Жунисова Нурсауле Кенжеевна...
Ғылыми жоба: Мағжан Жұмабаевтың

Ғылыми жоба: Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" өлеңінің тәрбиелік мәні

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Маңғыстау облысының білім басқармасы «Үстірт орта мектебі» ММ Авторы: Елубаева Жұлдыз...
Ғылыми жоба: “Ерлік ешқашан ұмытылмайды”

Ғылыми жоба: “Ерлік ешқашан ұмытылмайды”

Қызылорда қаласындағы Нағи Ильясов атындағы № 9 мектеп-гимназыясының оқушысы Дайрабай Абылайхан Бексұлтанұлы Сынып: 8 “А” Ғылыми жетекшісі:...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру