М.Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Сүйемін».
Сабақтың мақсаты: Жазушы – ақын өмірінен мағлұмат беру.
Дамытушылық: Өлеңдегі негізгі ойды түсіне білуге, ой қорытуға, бейнелі сөздерді таба білу дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: М. Жұмабаевтің өлеңдері арқылы еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Отанын сүю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету.
Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтің портреті, слайдтар, шығармалар жинағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаңа тақырыпты түсіндіру, мәнерлеп оқу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.
ІІ.Жаңа сабақ:
-Оқушылар, қазақта ұлы бес ақын бар. Оларды біз «Бес арыс» деп атаймыз. Себебі, тәуелсіздігіміз үшін өздерін құрбан еткен бес асылымыз.Сталиндік рефрессия кезеңінде қуғын-сүргінге ұшырап еш жазықсыз ату жазасына кесілген азаматтар. Соның ішінде Мағжан біздің жерлес ақынымыз.Сендерге үйге тапсырма берілген болатын . Мағжанды «Кеше» , «Бүгін», «Келешекте» деген тақырыпта өздерің дайындаған материалдармен таныстыруларың керек.
І қатар. «Кеше» Мағжанның өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
ІІ қатар. «Бүгін» Мағжанды бүгінгі көзбен қарағанда қалай танимыз.
ІІІ қатар. «Келешекте» Мағжанды насихаттау үшін қандай іс-әрекет жасау керек. Өздерінің ұсыныстары.
ІІІ. М.Жұмабаевтің «Сүйемін» өлеңіне тоқталу.
а) Жаңа сөздермен танысу, жұмыс жүргізу
ә) Өлеңді мәнерлеп оқу
б) Өлеңді шумаққа бөліп оқыту
в) Өлең бойынша сөздік жұмысын жүргізу
г) Өлең бойынша кешенді талдау жүргізу
д) Сұрақ-жауап жұмысын жүргізу арқылы мазмұнын ашу
Жаңа сөздер.
Күлдей-как зола
Сұп-сұр көр - совершенно серый
Күрсіну – вздыхать
Жасау – пребывать в полном покое ( о скоте)
Мәңгі – вечный
Күңгірт – тусклый, темный
Тасбиық – четки
Нұр – луч син.сәуле
Өру –пастись син.жайылу
Сахара – пустыня
ҮІ. Сөздік жұмыс. Дәптерлеріне жазады.
Тасбиық- діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын моншақ тізбектері.
Алаш – ежелгі қазақ тайпаларының ең алғашқы қауым болып біріккен одағы.
Кебін – өмірден өткен адамды орайтын ақ матадан тігілген киім.
Ү. Сатылай кешенді талдау.
«Сүйемін» өлеңі.
1.Авторы:
2. Тақырыбы:
3. Жанр түрі:
4. Идеясы:
5. Өлеңнің тәрбиелік мәні:
6. Шумақ:
7. Тармақ:
8. Әдеби теориялық ұғымдар:
а) эпитет:
ә) теңеу:
-Әр қатардан бір-бір оқушыдан оқытамын.
ҮІ. Өлең бойынша пысықтау сұрақтары.
1. Ақын өлеңде нені жырлайды?
2. Ақын кімдерді, нелерді сүйеді?
3. Ақынның анасына деген сүйіспеншілігін көрсететін жолдарын тауып оқыңдар?
4. Ақын жары қай жолдарда суреттеледі?
5. Алашы жайлы ақын не айтады?
6. Ақын анасы, жары, елінен басқа нені сүйеді?
7. Өлеңде ақынның қандай қасиеті, тұлғасы, сезімі танылады?
8. Ендеше, Мағжан ақын қандай деп ойлайсыңдар?
9. Ақын өзінің махаббат сезімін не арқылы жеткізді?
ҮІІ. Топтастыру жүйесі.
-Ақын өзінің махаббат сезімін кімдерге ,нелерге арнады?
-Қарт анасына, адал жарына, алашына, Сарыарқасына.
-Ал,сендер махаббат деген сөзді қалай түсінесіңдер?
ҮІІІ. Салыстыру.
Мағжан «Сүйемін» Мұқағали «Үш бақытым»
• Қарт ана Халқы
• Адал жары Отаны
• Халқы Тілі
• Туған жері

ІХ.Қорытынды: Рефлексия.
Бұрыннан білемін Мен үшін жаңалық Кездескен қиыншылықтар

Тереңірек білгім келеді Қызықты болған не?


Х.Бағалау. ХІ. Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттау, әңгімелеу. Мағжанға хат жазу. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру