Ертегілер елінде
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде.
Сабақтың мақсаты: жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білімділік: оқушылардың өзі жайлы мәліметтерді қазақ тілінде сауатты айта және жаза білуі.
Дамытушылық: ауызекі сөйлесуде жаңа сөздерді қолданып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: білімге құрметпен қарауға, ізденгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: көрнекіліктер көрсетіп сөздік жұмысын жүргізу, сұрақ жауап, сөздік ойын, тақпақ жаттату.
Сабақтың көрнекіліктері: тақырып бойынша суреттер, ойыншықтар, оқулық суреттері;
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, ойын-жаттығулар орындату.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
- Сәлеметсіздер ме!
2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
3. Сөйлесу.
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін қай ай, қай күн?
- Бүгін ауа райы қандай?
II. Сөздік жұмысы.
1.Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, окушылар қайталайды.
2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.
3.Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
III. Тапсырмалармен жұмыс.
1 -тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша ойын өткізуге дайындалыңдар.
1.Фонетика-тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, сондай-ақ үндестік заңы қарастырылады.
Фонетика-раздел науки о языке, который исследует звуки языка, ударение и слоги, а также закон сингарманизма.
2.Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар.
3. Түркі тілдер тобына жатады.
4.Қазақ тіліне тән дыбыстар 9 (ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ)
5.Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс (гласные звуки) бар. (а,ә,о,ө,ы,і,ұ,ү,е,и,у,э)
6. Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс (согласные звуки) бар.
7.Қазақ тіліне тән 4 дауыссыз дыбыс бар. (ң,ғ,қ,һ)
8.Қазақ тілінде екпін (ударение) соңғы буынға түседі.
9. Мысалы: құмырсқа, өрмекші, өмір, қаһарман
10. а-на, ә-ке, те-ре-зе
12. өрт, ақ, ән
14. тіл, қыз, құс

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендерін жазу. Мәтінге жоспар құру.
3-тапсырма. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқуға жаттығу. Сабақты бекіту.
IV. Сабакты корытындылау. Окушылардын білімін бағалау.
V. Үй тапсырмасын беру. 1-тапсырма бойынша фонетиканы қайталау. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру