
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Құланды орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шораева Бибигул
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «Аягөз қайда барасың?»
Мақсаты:Ақынның өмірінен шығармашылығынан түсінік беру, білімдерін одан әрі жетілдіру.Оқушының ой-өрісін кеңейту.Оқушылардың өз отангын сүюге туған жер табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, талдау , мәнерлеп оқу.
Көрнекілігі:Ақын суреті, кестелер, интерактивті тақта.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасы.
ІІІ. Жаңа сабақ..
ІV.Сабақты бекіту.
V.Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.
І.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,Сыныпты сабақты даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасы. Шешендік сөздерді жаттап келгендерін сұрау.
Қосымша сұрақтар: айтқан пікірлерін тыңдау.
1. Қай би «Қарлығаш әулие» атанған?
2. Тағы қандай би шешендерді білесіңдер?
3. Билер бойындағы ортақ асыл қасиеттері туралы пікірлеріңіз қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Атамекен – адамның ата – бабаларынан кіндік қаны тамған, өсіп-өнген жері екендігін, сондықтан адамның туған жерді дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысын анасына балаған.
ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары елді құт қонысынан ысырған тұста шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкенсуреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің «Аягөз қайда барасың?» өлеңінде тамаша, осы жердің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып «осынау, атамекен, құт берекелі көркем қоныс еді, енді кімдікі – деп сұрақ қояды.
Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі жағдайын шамырқандырмақ болды?
1.Ақын Аягөз өлеңімен оның шүйцген де жемісті өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлеп, құлпырған суреттермен тыңдаушыны елітіп кенет сөз ағысын бұзып
Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?
Жер сауырын жайлайды
«Ел сауыры » деп еді; -
Деп Аягөздің сол кездегі күніне оралтады. Өлеңді оқып ғажайып жердің табиғатына табиғатына тәнті болған да, «осы өкінішке кінәлі, жауапты кім?» – деп сұрақ қояды.
Бұған кінәлі би, старшын ұлықтарға жағымды болған аға – сұлтан қазылар екенін айтады:
Жеріңнің алды шұрайын,
Дуал салып жайласып!
Датыңды айтсаң майырға
Сібірге кеттің айдалып – дейді.
Бейнең қандай болды екен
Қарасаңшы бір мезгіл
Қолдарыңа айна алып - дейді.
Бұл жерден туған жерге деген тарихи мәнді, тәрбие құндылықты көреміз.
Оқушыларға оқыту.
Өлеңнен үзіндіні талдау.
Сабақты қорыту:



