Қазақ тілі 4 сынып. Күнделік сабақ жоспары. (Атамұра) Барлығы -136 сағат, аптасына 4 сағат

Қазақ тілі 4 класс.  Атамұра.  

 

№ 1. Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Мақсаты:  3-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;  дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:       қайталау сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары

Сабақтың көрнекіліктері:   тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір — біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ  Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ  Жаңа материалмен жұмыс:   а) өткенді еске түсіру   жай сөйлем дегеніміз не? Айтылу мақсатына қарай түрлерін ата. ә) оқулықпен жұмыс    1-жаттығу (Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.Мәтіннен хабарлы,лепті, сұраулы сөйлемдерді тап. Ауызша орындау.)б) дәптермен жұмыс    Күн ретін жазу.  Көркем  жазу А а А а  Алма.

2-жаттығу Сызбаға қарап,қандай қорытынды шығаруға болады?

Жай сөйлем. Жалаң сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады.Жайылма сөйлем бастауыш,тұрлаусыз,баяндауыштан тұрады.

1-жаттығудағы қарамен жазылған сөйлемдерді сызба бойынша талдау.(Қарамен жазылған сөйлемдер Жайылма сөйлемдер  себебі олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден тұрады.)4-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз. (Жұлдыздар тізілді,ай үңілді)

5-жаттығу Сергіту жаттығуы(терең ойлау тапсырмасы сызбадағы жай сөйлем түрлерін салыстырып, олдардың ұқсастығын  мен айырмашылығын дәлелде.)

6-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындату Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір. Жалаң сөйлем: Жаңбыр қаңқылдады.Жайылма сөйлем Жолдасты жол айырады.Екі дос мектептен қайтты.т.б

IV.Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік?  І қатардың балалары жалаң сөйлемдер айтады(МысалыБауыржан келді.) ІІ қатардың балалары жайылма сөйлемге айналдырады(Бауыржан сабақтан келді).ІІІ қатардың балалары жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдейді Сөйлем түрлерін ата.

V.Үйге тапсырма: 3— жаттығу 4-бет. . Оқушыларды бағалау

 

№ 2     Тақырыбы:  Сөйлем мүшелері және олардың байланысы

Мақсаты: сөйлем мүшелері  туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;  дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:       аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары.Сабақтың көрнекіліктері:   мазмұнды суреттер, тірек сызбалар

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір — біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3-жаттығуды тексеру ІІІ. Білімді тексеру: 1)Ақ түйе боталады.2)Сәуле киім үтіктеді.3)Ара гүлге қонды.4)Бүгін күн жылынды.

 IV Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

    V Жаңа материалмен жұмыс:   а) өткенді еске түсіру.  Мына сөздерді жайылма сөздерді жалаң сөйлемге айналдырыңдар Балалар балық аулады.т.б Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырыңдар Айару келді.Жаңбыр жауды.т.б

ә) оқулықпен жұмыс  7-жаттығуды(терең ойлау тапсырмасы) Жайылма сөйлемдерді оқы.Үш сөзден құралған жайылма сөйлемдерге керекті сын есімдерді қосып,төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.(оқушылар атақты шопанмен кездесті.) б) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем  жазуға Б б Б б Б б  Бауыржан жаздырту.

8-жаттығу в) Сергіту жаттығуы Рбусты дұрыс шешсең,мақал шығады.(Ерді намыс өлтірер.Жайылма сөйлем

9-жаттығуСызбаны толықтыр.                       Сөйлем мүшелері

 

 

Тұрлаулы мүше

 

Бастауыш

 

 

Тұрлаусыз мүше

 

Баяндауыш

11- жаттығу ауызша орындау(Терең ойлау тапсырмасы) жаттығудағы сөйлемдерді төмендегі қай себетке салуға болады? 1) себет жалаң сөлем/Жаңбыр жауды./  2)себет жайылма сөлем /Лаура кітапханаға ткелді.1,2,3,4сөйлдерді саламыз/

13- жаттығу1)Мақалды түсініп оқы.2)Мақалды сөйлем мүшесіне талда.3) Сөйлем мүшелерінің байланысын тап. Ағынды су арнасын табады.

  1. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Тұрлаулы мүшені атаңдар. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді қандай сөйлем дейміз?

VII Үйге тапсырма: 12— жаттығу 6-бет. VІІІ Оқушыларды бағалау

 

������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Қазақ тілі 3-сынып. Күнделік сабақ жоспары. 4 сағ/апта. 136 сағ.

Қазақ тілі 3-сынып. Күнделік сабақ жоспары. 4 сағ/апта. 136 сағ.

Қазақ тілі № 1.     Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы Мақсаты: Сөз және оның мағынасы  туралы 2-кластағы алған білімін...
Қазақ тілі 4 сынып. ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлар ҚМЖ Атамұра Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан

Қазақ тілі 4 сынып. ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлар ҚМЖ Атамұра Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Сабақтың атауы 3-сыныпта өткенді қайталау Жалаң және жайылма сөйлем      Сілтеме Қазақ тілі...
Қазақ тілі 3 сынып жоспар

Қазақ тілі 3 сынып жоспар

№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1. Екінші сыныпта өткенді қайталау 1   2. Дауысты у дыбысы 1   3. Түбір және қосымша 1   ...
Бастауыш сынып қысқа мерзімді жоспар

Бастауыш сынып қысқа мерзімді жоспар

Атырау облысы Индер ауданы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің жоғары санатты, І деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған бастауыш сынып...
жалаң жайылма сөйлем

жалаң жайылма сөйлем

Сабақтың .тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем. Білімділік мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін бекіту, жалаң...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру