«Менің Отаным- Қазақстан». 4сынып
Ж.Р.Кужамратова,қазақ тілі мұғалімі
«Рудный қаласының №10
мектеп-гимназиясы»КММ

Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным- Қазақстан».
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау. Оқушыларды 16 желтоқсан – ҚР-ның тәуелсіздік күніне байланысты алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, тапсырмалар жазылған плакаттар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын

Сабақтың әдісі: топтық сайыс

Сабақтың құрылымы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру. (Әнұранды айту)
1кезең: «Бәйге» ойыны.
2 кезең: «Көкпар» ойыны.
3 кезең: «Әуен толқынында» «Қара жорға» биін қосу.
4 кезең: «Ой толғау»
ІІІ.Қорытынды. («Атамекен» караоке).

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Армысыз, қайырымды Күн ана!
Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз, қайырымды Жер ана!
Армысыз, ұстаздар!
Армысыз, достар!

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаган.
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қандай күн деп ойлайсыңдар? Дұрыс, 16 желтоқсан – ҚР-ның тәуелсіздік күні. Мерекеміз 4 кезеңнен тұрады., үш топ болып сайысқа түсеміз. (Кезеңдермен таныстырып өту).

Келе жатқан мерекемізді ҚР-ның Әнұранынан бастайық! (Әнұран айту, видеоны қосу).

1кезең: «Бәйге» ойыны. Бұл ойында үш топ қатысады. Қойылған сұрақтарға жауап алу.

1-топ
1.Қр-ның елбасшысы кім? (Н.Ә.Назарбаев).
2.ҚР-ның рәміздері қалай аталады? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
3.Тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)

2-топ
1. Сенің Отаның қалай аталады?( Қазақстан)
2.Елтаңбаның авторлары кімдер?(Ш. Уалиханов, Ж.Малибеков)
3.Қазақстан қандай мемлекет? ( Тәуелсіз мемлекет).

3-топ
1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды? ( 1991 жылы)
2.Әнұранның авторлары кімдер? (Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нажимеденов, Ш.Калдаяков).
3.Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)

2кезең: «Көкпар» ойыны.

Үш топтан үш қатысушы тақтаға шығып бағдар бойынша Отан туралы өлең жолдарын оқып шығуы керек, ал өлеңнің соңғы жолын барлық оқушылар қосылып аяқтайды.

Оқушылар: Отан- менің туған қалам, Отан – менің ауылым, Отан – біз...т.б. жалғаса береді.
3 кезең: «Әуен толқынында» «Қара жорға» биін қосу.
4 кезең: «Ой толғау» ойыны.
1.Әр топтан 3 қатысушы шығып мақал – мәтелдерді сәйкестеңдіреді, оқиды.
2. Тағы да үш топтан үш қатысушы шығып ребуста жасырынған мақал-мәтелдерді оқиды.
3. Үш топ түрлі тапсырмаларды орындайды.
1. Үлестірілген қима қағаздардан мақал-мәтелдерді сәйкестендіріп оқиды.
2. Қиылған қағаздардан сурет құрастыру.
Сергіту. «Мерген» ойыны.
Әр топтан үш-үштен оқушылар шығып ойнайды, қаншалықты мерген екендерін сынап біледі.

ІІІ. Сабақты қорытындылау.
Әр топ алдарындағы әріптерден сөздер құрастырып «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» деген сөзбен ортаға шығады. Атамекен деген әнді хормен орындау. Осымен, бүгінгі «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне » арналған мерекеміз де аяқталды. Сау болыңдар, балалар! ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Менің Отаным

Менің Отаным

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой...
Менің Отаным - Қазақстан

Менің Отаным - Қазақстан

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан. Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық. Бөлімдері: Көркем әдебиет, құрастыру. Мақсаты: Балаларды Отан...
Азаттықтың ақ таңы

Азаттықтың ақ таңы

Батыс Қазақстан облысы , Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қасымова Гүлназ...
Мен және менің міндеттерім, құқықтарым

Мен және менің міндеттерім, құқықтарым

Мен және менің міндеттерім, құқықтарым «Мен және менің міндеттерім, құқықтарым» Мақсаты: 1) адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу; 2) дұрыс...
16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН  «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАНЫМ» ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ

16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАНЫМ» ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ

16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАНЫМ» ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру