Оқшау сөздер
Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқшау сөз туралы түсінік беру. Оқшау сөздердің мағына-
лық ерекшелігін, тұлғалық белгілерін, сөйлем ішінде
орналасу тәртібін ұғындыру. Түрлеріне тоқталу. Тыныс белгі-
лерінің қойылу ережесін түсіндіру.
2. Тәрбиелілігі: Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу. Ұлттық
құндылықтарды қастерлеуге үйрету.
3. Дамытушылығы: Оқушыларды таза әдеби нормаға сай сөйлеуге
дағдыландыру, сауаттылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың әдіс-тәсілі: тірек сызба арқылы және мысалдар арқылы
түсіндіру, «топтастыру» стратегиясы,сұрақ-жауап,
деңгейлік тапсырмалар орындау, СТО, тест
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Тәуелсіздік жолында жанын
қиған қазақ боздақтарының суреттері ,тест сұрақтары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ж о с п а р:
1. Мағынаны ажырату:
«Оқшау» деген сөздің мәнін таратып түсіндіру/- бөлек, дара, жалғыз,саяқ,оңаша, бөтен,басқа,бөлініп тұрған,дербес, қоршалған/
Мысалдар арқылы оқшау сөзге тән белгілерді ұғындыру.

Мағыналық түрлерін ажырату



2. «Топтастыру» стратегиясы бойынша оқшау сөздерге тән белгілерді жинақтап көрсету.

Сөйлем мүшесі Сөйлемнің басқа мүшелерімен
бола алмайды. байланысқа түспейді


Сөйлемге әр түрлі Сөйлем ортасында тұрып
мағына үстейді. үтірмен оқшауланады.


3. Тұжырым жасау:
Оқшау сөз дегеніміз не? / анықтама құрастыру/
Сөйлемнің құрамында өзге сөздермен байланысқа түспейтін,сондықтан
сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркестерін
оқшау сөздер деп атаймыз.
4. Түсіну:
Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіру.
5. Қолдану: Деңгейлік тапсырмалар орындау
І деңгей тапсырмасы: 66-жаттығу / ауызша/
ІІ деңгей тапсырмасы: 67-жаттығу /жазбаша/
ІІІ деңгей тапсырмасы: Тірек сөздерді пайдалана отырып мәтін құрау.
ІҮ деңгей тапсырмасы: Тест сұрақтарына жауап беру.


Деңгейлік т а п с ы р м а л а р:

1 – деңгей тапсырмасы :
66 – жаттығу / ауызша /
А) Мына қыстырма сөздерді мағыналық түріне қарай ажыратыңдар:
Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөздер: біріншіден,екіншіден,
Айтылған ойдың кімнен,қайдан шыққанын білдіретін қыстырма
сөздер: меніңше,сеніңше,оның айтуынша,біздің байқауымызша,
сіздерше.
Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту
ретінде айтылатын қыстырма сөздер: қорыта айтқанда, қысқасы.
В) Қаратпа сөздердің жануарларға,құстарға,не басқа да жансыз заттарға
айтылғанына байланысты ақын-жазушылардың шығармаларынан
мысалдар келтіріңдер
/Махамбет «Қызғыш құс» , «Тарланым» ; Абай «Сап-сап ,көңілім,сап
көңілім»; Ыбырай «Кел,балалар, оқылық!»/
С) Одағай сөздерге мысалдар келтіру.

2 – деңгей тапсырмасы:
67 – жаттығу / жазбаша/
А) Мәтінді түсініп оқу. Оқшау сөздерді табу, түрлеріне ажырату.
/Флиипп, тарихшылардың мәліметіне сүйенсек, соған қарағанда, сөйтіп/
Ә) Қарамен жазылған сөздердің мәнін ашу:
Олжа - пайда,үлес .
Кермек тату – ащы, бұл жерде аяушылық жоқ екенін, өздеріне де шабуыл
жасайтынын ескертіп тұр.
Қабынып келіп, қамығып қайтарсың - ойлағаныңдай болмай,өкінерсің.
Жасақ – әскер,қол,сарбаз.
Үлгі –өнеге ісі, өсиет сөзі
Б) Атейге мінездеме беру
Скифтердің ұлы патшасы. Б.з.д. ІҮ ғасырда өмір сүрген. Ер жүректілігімен,
батылдығымен , ақылдылығымен, асқан көрегенділігімен, шешендігімен
ел басқарған, мемлекетінің бірлігін, бүтіндігін сақтай білген дана басшы,
өткір сөзі мен өнегелі ісімен елге қорған болған батыр, парасатты жан, өз
елінің нағыз патриоты.
Қазақ халқының тәуелсіздік жолында өз басын ажалға тіккен батырлыры
туралы әңгімелеу.

3 – деңгей тапсырмасы:
Оқшау сөздерді пайдалана отырып мәтін құрастыру:
Тақырыбы: Тәуелсіздік
Тәуелсіздік, сірә,жамағат,әрине, жә, біріншіден, әттең, сөз жоқ, бағымызға
қарай, тәйірі,кім біледі, шіркін, ақырында,бір жағынан, олай болса, қазағым!

4 – деңгей тапсырмасы:

Тест сұрақтары
1. Оқшау сөздер кездескенде сөйлемде қандай тыныс белгі қойылады?
А) нүкте В) нүктелі үтір С) қос нүкте Д) тырнақша Е) үтір
2. Қыстырма сөз қатысқан сөйлемді тап
А) Қап, құртатын болды ғой!
В) Негізінде, жағдайымыз онша жақсы емес.
С) Қалың елім, қазағым, қайран жұртым.
Д) Тәйт, тыныш отыр.
Е) Арман – тәрбиелі оқушы.
3. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгіле.
Балалар, біз тірі тұрғанда апам кедейшілікті ойлайтын адам емес.
А) қыстырма сөз В) қаратпа сөз С) одағай Д) бірыңғай мүше
Е) айқындауыш мүше.
4. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді тап.
А) Сірә, бүгін күн суытар. В) Ауа райы қандай тамаша!
С) Тыңда, дала,Жамбылды. Д) Күмбірлеген домбыра даусы естілді.
Е) Жолдастар тынышталыңыздар.

5. Тыныс белгісі дұрыс қойылған оқшау сөзді тап
А) Күмбірлей бер домбырам. В) Ән – көңілдің ажары. С) Беу шіркін,
таудың күйі,тастың күйі. Д) Бұлар берілген тапсырманы,сірә ұмытпаса
керек. Е) О, келгенің жақсы болды.
6. Одағайды тап
А)Бай-бай,Нұржан-ай,тіліңіз қандай ащы! В)Ол әуелі сылқ-сылқ күлді.
С) Мағаш,Кәкітай асығыс аттанды. Д) Дұрыс, ұмытпаған екенсің.
Е) Қайдан шықтың сен?
7. Қаратпа сөзі бар сөйлемді тап
А) Сапарың құтты болсын,қарағым! В) Шынын айту керек, өте оңай
жеңдіңіз. С) Меніңше, Сариев кемшіліктерді тауып айтты.
Д)Мүмкін, Баймақан бабын тапқан болар. Е)Апырау,Сүгірәлі ғой мынау!
8. Қаратпа сөз белгілі бір сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр ма?
Балалар, сабаққа дайындалыңдар.
А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш
Е) сөйлем мүшесі бола алмайды.

Бекіту: - Оқшау сөздердің сөйлем ішіндегі рөлін әңгімеле
Үй тапсырмасы: 1. Көркем әдебиеттен оқшау сөздерге байланысты
5 мысал жазып келу.
2. 68 –жаттығу./орындалысын түсіндіру/
Бағалау. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру