Әдебиет әлемінде (танымдық сайыс)
Құрманбаева Ұлбосын, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанкелдин орта мектебі, Сарға селосы, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы.
«Әдебиет әлемінде» (танымдық сайыс)
5 – сыныптар арасында

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін саралау, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру; ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту, тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу; тілін құрметтеуге және әдебиетті сүюге баулу, өз халқын бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Армысыздар , қатысушылар мен ұстаздар!
Бүгінгі 5 – сыныптар арасында өткізгелі отырған сыныптан тыс шарамыз «Әдебиет әлемінде» танымдық сайысы . Халық ауыз әдебиетінен білімдерімен күш сынасуға 5 а, 5ә – сыныптар келіп отыр.
Сіздердің білімдеріңізді әділқазылар бағалайтын болады.
Сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.(аттарымен ,ұранымен таныстыру).
1- ші топтың аты - «Бірлік»
Ұраны: «Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады»

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетіміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

2- ші топтың аты - «Достық»,
Ұраны: « Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дауды алмайды »

Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз келед кемеміз
Білімменен қаруланған тобымыз
Қарсыласты шаң қаптыру межеміз.



Сайысқа қатысушы топтармен таныстық , ендеше , балалар

Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,
Сұрақтарға нақты жауап беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - дей келе біз алғашқы сайысымызды бастаймыз.

Сайыстың кезеңдері:
І. Бәйге
ІІ. Тапқырлық
ІІІ. Полиглот
ІV. «Өтірік өлеңдер»
V. « Бұл - қай шығармадан?»
VІ. «Ерте, ерте, ертеде»

Сайысымыздың І айналымы « Бәйге» деп аталады. Таңдалған сұрақтарға жауап беру (екі топ мүшелерікезекпен ұяшық таңдайды, сұрақка жауап береді) Әр дұрыс жауап он ұпай.

Сұрақтар:

1. Мақал - мәтелдер дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиеті ғылымда қалай аталады?
3. Ертегілер қандай түрлерге бөлінеді?
4. Тұрмыс салт жырларына қандай жырлар жатады?
5. Халық ауыз әдебиетінің қай түрінде сөздер ұйқасып, әр сөзі тез айту үшін құрылады?


ІІ. «Тапқырлық» Бұл кезеңде берілген мақал - мәтелді жалғастыру.

І топқа:
1. Кеңесіп пішкен тон ..................
2. Атаңа не қылсаң.........................
3. Ұлдың ұяты әкеге......................
4. Ауруын жасырған.......................
5. Жақсы сөз-......................................
6. Кім еңбек етсе..............................
ІІ топқа
1. Еңбек қылсаң ерінбей.............................
2. Білекті бірді жығар.................................
3. Жалғыздың үні шықпас..........................
4. Шешесін көріп .........................................
5. Әлін білмеген әлек...................................
6. Алыстағы ағайыннан................................


ІІІ. Полиглот. Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын беру керек үш тілде,
Қазақ, орыс, ағылшынша білсеңіз,
Жақсы баға, шәкірт саған несібе.
І топқа:
1. Қабат, қабат, қаптама
Ақылың болса, аттама.(Кітап, книга,book)

2. Көзге көрінбейді,
Жұтсаң білінбейді.(Ауа, воздух,air)

3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл, язык,language)

ІІ топқа

1.Тілден ұшып, құлаққа қонады.(сөз, слова, words)

2.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн, солнце,sun)
3. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп,школа, school)

ІV. «Өтірік өлеңдер» (Топ оқушылары белгілі уақытпен ойларынан өтірік өлеңдер шығару тиіс)

V. « Бұл - қай шығармадан?»
(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт -дәстүрдің бар екенін анықтау керек. )

• «Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын », деп бай қандай салт- дәстүр түрін жасап келіпті?
Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?

• «Мен айыптымын, менен бір қателік болды , шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп мына уәзірлер. Бұлар енді я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш, -деп, хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?

• «Балаға таңсық болып жүрген байғұс,
Үйіне алып келіп қылды тойды.
Туғандай тумаса да қылайын деп,
Ұлтан деп ол баланың несін қойды? »

Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?

• «Балталы, Бағаналы, ел аман бол,
Бақалы, балдырғанды ,көл аман бол
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап- күліп, ер жеткен жер аман бол!»
Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?

VІ. «Ерте, ерте, ертеде» Слайдта берілген ертегінің суреті арқылы тауып көрініс қояды.
Әділқазылар сайыстың нәтижесін айтады. Жеңген топ марапатталады. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру