Құрманбаева Ұлбосын, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанкелдин орта мектебі, Сарға селосы, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 5 «ә»
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: бұрынғы өтілген материалдармен
сабақты байланыстыру, сөз құрау, сөйлемді дұрыс
құру тәсілдерін меңгерту, өз ойын жинақтап әдемі,
көркем тілмен жеткізе білуге ұмтылдыру;
Дамытушылық: логикалық ойын дамыту,
дұрыс,анық сөйлеуге жаттықтыру,тапқырлық
ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылық
қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: мәтін арқылы жақсылыққа, ізгілікке
тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз
мағынасын келістіре оларды дұрыс қолдануға, дәл
түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы, ертегі сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, семантикалық картамен жұмыс, салыстыру;
Сабақтың көрнекілігі: дауыссыз дыбыстарға тірек сызба, семантикалық карта, парақшалар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасу,түгендеу
Ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ «Қайталау - оқу анасы» (Үй тапсырмасын сұрау) 253 – жаттығу.
Пысықтау сұрақтары:
1. Дауысты дыбыс дегеніміз не? Оларды ата.
2. Жақтың қатысты дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
4. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
5. Еріндік, езулік дыбыстарды ата.
6. Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды ата.
ІІІ Жаңа сабақ
Ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, аспан мен жердің арасында, сонау Жайықтың жағасында «Дыбыс хандығы» болыпты.
Дыбыс хандығын Фонетика деген хан басқарыпты. Хандықтың алып жатқан аумағы ұшқан құстың қанатын, жүгірген аңның тұяғын, адамның аяғын талдыратындай үлкен болыпты.
Фонетиканың қол астында дыбыстар қауымы өмір сүріпті.Қауым дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар ұлысына бөлініпті.
Дауыссыздармен көрші отырған дауыстылар ұлысын Дауысты ақсақал басқарыпты. Дауысты қария табиғатынан сөзге шешен, әнге ұста, жезтаңдай күміс көмей, рухани мәдениеті зор қария екен. Оның бұл жақсы қасиеті барлық ұрпақтарының бойында бар екен.
Бұлардың ішінде жат адам көрсе шүйіркелесіп,сөйлесіп кететін «ашықтар» да,бөтенді көргенде бұйығатын «қысаңдар да» бар.
Дауыссыздар ұлысын жасы жүзге таяп қалған Дауыссыз қария басқарыпты.
Дауыссыз ақсақалдан тараған жиырмадан астам ұрпағы болыпты. Ақсақал туысынан сөзге шорқақ, тұйық болған өзінің балалары да сөзге сараң болып ержетті.
Ақсақал Қатубай, Кендірбай,Пернебек, Фазылбек сияқты мінездері қатаң, алған беттерінен қайтпайтын бір сөзді қайсар да алғыр ұлдарын елдің қорғаны болсын деп алға бір бөлек қойыпты.
Ал, орташа Бәтібек, Вагонбай, Ғалымбектер алдыңғы буын ағаларына қарағанда, мінездері өзгешелеу, ұяңдау, жұмсақтау екен.
Кіші Ризабек, Лазыбек, Нарбай, Меңдібек ұлдары алдыңғы ағалары сияқты қайтпас қайсар, тұйықта емес,жиын тойда «әу» деп айтарлық дауысы бар, «ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін» шешен де емес, бірақ ешкімге сөзден есе жібермейтін «үнді» жандар болыпты.
Әр елдің бір тентегі болады дегендей, екі елдің арасында іріткі салып, не онда жоқ, не мұнда жоқ жүрген бір жан болыпты. Оның аты Ужан екен.
Ужанның қылығына шыдамаған ақсақалдар оның мәселесін талқыға қояды. Ақсақалдар Фонетика хандығы жүгініпті. Фонетика ханы мынадай шешім қабылдапты:
«Дауыссыз ағайынмен тіркескен де дауыстының, дауысты ағайынмен тіркескенде дауыссыздың сөзін сөйлеп , екі рулы елдің арасын бітістіріп жүретін бол» деп үкім айтыпты.
Бұл шешімімді Дыбыс атаның барлық ұрпақтары қолдапты. Содан бері қаншама жылдар, ғасырлар өтсе де, Дыбыс хандығы тұтастығы бұзылмай іргелі ел болыпты.
Ал, енді, балалар,Дауыссыз қария басқарған елмен, оларды мекендейтін дыбыстармен танысайық.
Ал ,енді , мынадай аталы сөз бар ия ,балалар!
«Жеті атасын білмеген жетесіз» дегендей, бәріміз жеті атамызды білеміз бе?
Ендеше біздер,Дауыссыздар елінде олардың жеті атасы өмір сүріп отырған ауылдарға саяхат жасайық.
І Ата ауылы. Жасырын әріптер. Бос тор көздерге тиісті дауыссыз дыбыстарды қойсаң, бір ақынымыздың «Ана тілі» туралы өлеңінен үзінді оқи аласыздар.
ІІ Бергі ата ауылы. 262-жаттығу. Көп нүктенің орнына жұп дауыссыздың тиістісін қою.
ІІІ Арғы ата ауылы. Достар, Тілек, Білім сөздеріне фонетикалық талдау жасау.
ІҮ Баба ата ауылы. Адасқан әріптерді орнына қойып, сөйлем құра.
1. А, б, л, ш, а, б, а, қ, а.
2. Ғ, л, м, а, м, ұ, і.
3. М, а, л, а. қ.
Ү Ұлы ата ауылы «Аспан», «Жер» сөздеріндегі дауыссыз дыбыстарды талда.
Ү І Түп Ата ауылы. Венн диаграммасы
ҮІ Тек ата ауылы.
«Тізбектен шығып қалма »ойыны. Әліпби тәртібімен сөздер айту,мүдірген оқушы ойыннан шығып қалады.
Үй тапсырмасы: 261- жаттығу. Дауысты дыбыстың астын сызу.
Бағалау. Сабақтағы белсенді оқушылардың біліміне қарай бағалау.
- nursulu
- 27 мая 2015
- 1010
- 0

