Жұмекен Нәжімеденов. "Сен ақылды болсаң екен" өлеңі
Құрманбаева Ұлбосын, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанкелдин орта мектебі, Сарға селосы, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
Пәні: Әдебиет
Сыныбы: 5 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Жұмекен Нәжімеденов. «Сен ақылды болсаң екен» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен
шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып,
«Сен ақылды болсаң екен» өлеңінің мазмұнын
меңгерту;

Дамытушылық: оқушылардың әдеби
дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша
тіл мәдениетін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ақын өлеңін оқыта
отырып, адал, ақылды, саналы, тәрбиелі ұрпақ
болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, СТО стратегиялары ;
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, ақын кітаптарының көрмесі, электронды оқулық , презентация, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу
Ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ «Қайталау - оқу анасы» (Үй тапсырмасын сұрау)
«Бәріміз туыспыз», «Түбі бір туыспыз»,
«Қозыкүреңнің жерге оралуы» тақырыбында эссе
жазу, «Ер қанаты - ат» тақырыбында сурет салу;
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық. Болжау стратегиясы бойынша жаңа сабақтың тақырыбын білу. (Бейнетаспадан әнұранымыз орындалады.)
- Балалар осы «Менің қазақстаным» әнінің авторы кім екенін білеміз бе?
- Балалардың жауабы:
Сөзін жазған : Жұмекен Нәжімеденов пен Н. Ә. Назарбаев, әнін жазған Ш. Қалдаяқов.
1955 жылы «Менің Қазақстаным» - әні дүниеге келгенде ақын Ж.Нәжімеденов күндердің күнінде осы әннің ән ұранға айналарын білді ме екен? «Менің елім, менің жерім» деп жырлаған Тәуелсіздік тұғырына отырар күн боларын білді ме екен? Заман ағымына қарай ән ұран автордың бірі елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Менің Қазақстаным» әнінің кейбір шумақтарына өзгерістер енгізіп, әнұран авторы атанды.
(Жаңа сабақты бастамас бұрын, оқушылар үш топқа бөлініп отырады да, «Сиқырлы қоржыннан» асық таңдап алып, өз топтарының атын оқып танысады.)
ІV Жаңа сабақ. Мағынаны тану стратегиясы.
Ж. Нәжімеденов - көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері. Ол 1935 жылдың 28-қарашасында Атырау облысы, теңіз ауданының Қошалақ деген жерде дүниеге келген. Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтың бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөзбен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалаптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау мен оның әпкесі Қосуан туралы сыр шертетін. Жұмеккен мектепті бітіргеннен кейін Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптар факультетінде оқыған. Сондай ақ Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірген. Ол еңбек жолын Қарағанды көмір шахтасында қара жұмыс істеуден бастаған. Содан кейін «Жазушы » баспасының редакторы, «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған.
Шығармашылығы жайында айтатын болсақ, Ж. Нәжімеденовтің алғашқы лирикалық өлеңдер жинағы «Егіс» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін, 1965 жылы «Жоқ ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты.
Ж. Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973ж ), «Кішкентай» (1975 ж) , «Атақ пен дақпырт» (1978 ж) атты үш романы басылды. Ақын өлімінен кейінде,жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары , мақалалары жарыққа көрді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып басылды. Ж. Нәжімеденов өзінің 48 жасқа толуынаалты күн қалғанда, 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеден озды.
1. «Кітап – досың, ақылшың»(Оқулықпен жұмыс)
«Сен ақылды болсаң екен» өлеңін мәнерлеп оқимын. Екі оқушыға мәнерлеп оқытамын. Өлеңнің мазмұнын сұрап, бірге талдаймыз.

2. Сөздікпен жұмыс. (Әр топтан 1 оқушы шығып, сөздерді керекті орнына қойып, мағынасын түсіндіріп береді. Қалған оқушылар дәптерлеріне жазып отырады.)

Түңілу - Қорқу, үрейлену
Жамандар- қазба байлықтар
Үңіл- Ыңғай,ниет, бағыт
Емеурін - Қасиеті жаман адамдар
Қауіптену- Күдер үзу, безу
Табиғаттың асылы - Барлап қарау,үңілу

3. Пысықтау сұрақтары:
• Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесің?
• Ақын тілегін қалай жеткізген?
• Жақсы адам болу қиын ба?

4. Сергіту сәті.
Мынау – менің жүрегім, бәрі осыдан басталған,
Мынау – басым ақылды, бар жақсыны басқарған,
Мынау – менің оң қолым, мынау – менің сол қолым,
Барлық істі басқарған.
Жақсы адам боп өскенде, жақсылықпен мақтанам!

V Бекіту кезеңі.
І «Ақыл» тобының тапсырмасы: Ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау.
ІІ «Тілек» тобының тапсырмасы: «Менің адамдарға тілегім» ойтолғау
ІІІ «Жақсылық» тобының тапсырмасы: Ақыл, жақсылық,туралы мақал айту.

VI Қорытынды. «Бүгінгі сабақта» ойыны. (Оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты өз ойларын парақша түсіріп алып, орнынан тұрып оқып білдіреді)
VIІ Үйге тапсырма: Міндетті деңгей. Жұмекен Нәжімеденов. «Сен ақылды болсаң екен» өлеңін жаттау.
Мүмкіндік деңгей: «Адамның тізгіні -ақыл» тақырыбында эссе жазу.
VIІІ Оқушыларды бағалау. «Алма ағашынан» жеміс үзіп беру арқылы бағалау.
Қызыл алма –«өте жақсы»
Жасыл алма-«жақсы»
Сары алма –«орташа»
������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру