Күні: 24.04.2014
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 5 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық талдау жұмысы. (2 – сағаты) Нәсіреддин Серәлиев «Аңсау» әңгімесі бойынша
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақтың белгілі журналисі әрі қаламгері Нәсіреддин Серәлиевтің «Аңсау» әңгімесі бойынша алған әдеби білімдерін бекіту және идеялық тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, еркін ойлауға, өз бетімен шығармашылық ізденіске үйрету. Шығарманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды әңгіменің сюжеті арқылы адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке баулу, жақсылық жасауға, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: талдау сабағы
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, инсерт әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі қағаздар, плакат сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Оқушылармен амандасу, түгендеу Ә) Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Нәсіреддин Серәлиев туралы оқып келген деректері бойынша «Күн көзін ашу» ойынымен жүргіземін. Бұлт үлгісінде жасалған кеспе қағаздарды күн көзіне жапсырамын. Онда сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушы бұлтты алып, күн көзін ашады.
Бұлттардағы сұрақтар.
1. Н.Серәлиев қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданды, Қашқансу ауылы. 1930 жылы)
2. 1952 жылы «Кішкене үйшілер» атты әңгімесі қандай журналда басылды? («Пионер»)
3. Қай мектепте оқып жүрген кезіне қабырға газетіне өлең жазып «ақын бала» атанды?
(Абай атындағы жетіжылдық мектепте)
4. 1969 жылы шыққан балалық шағын таршылық, қайғы қасіретпен өткізген балалар жайында жазылған повесі? («Ыстық күлше»)
5. Серәлиевтің шығармаларының басты тақырыбы қандай?
Топтастыру.
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Аңсау» әңгімесі бойынша сұрақтар
1. Қария қалаға неге келді?
2. Қаладан қайта алмай қалған соң, қайда түнеп шықпақ болды?
3. Бала кімді аңсап жүр еді?
4. Ермек қартты неге үйіне ертіп келді?
5. Ермектің қазақшаға шорқақ болуына кім кінәлі деп ойлайсыңдар?
6. Қалалық келіншектің бойынан қандай қасиеттерді көре алдық?
IҮ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, бүгін біз Нәсіреддин Серәлиевтің «Аңсау» әңгімесінің 2-іш сағатын өтеміз. «Шығармашылық талдау сабағы». Сонымен, «Аңсау» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы қандай?
- Тақырыбы – сағыныш, күту, аңсау
- Идеясы – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу, қонақжайлылық.
- Балалар, композиция дегеніміз не?
- Композиция (латын тілінен аударғанда - құрастыру, қиыстыру) - көркем шығарманың құылысы
А) Композициялық жоспар құру
Оқиғаның басталуы. Кешкі қала бейнесі
Оқиғаның байланысуы. Қарияның қалаға келуі
Оқиғаның дамуы. Қарияның баламен кездесуі, атаға сағыныш
Оқиғаның шиеленісуі. Ермектің қарияны үйіне ертіп баруы, оған бауыр басуы
Оқиғаның шарықтау шегі. Қарияның ауылға сағынышпен аттануы
Оқиғаның шешімі. Ұйқы құшағындағы Ермектің түсі
Ә) Инсерт әдісі
Кімді оқыдым Танысқан шығармам Берген тәрбиесі Менің көзқарасым
Б) Топтастыру
V.Сабақты бекіту.
«Менің атам» тақырыбында ауызша ойтолғау
Мұғалімнің «Аңсау» әңгімесі бойынша қорытындысы.
Сонымен, оқушылар бүгінгі сабақта біз адамдар арасындағы ізгі қарым – қатынастарды үйрететін әңгімені талдадық. Ересек адам мен кішкентай баланың арасындағы байланысты көрдік. Ермек қаланың баласы болып, тілі шорқақ, көп нәрсені тереңірек түсінбесе де, көңілі пәк, адамгершілік пен мейірімділікті кішкентай жүрегіне сыйғызған жан. Атасына деген ықыласы, сағынышы ерекше.
Қалымбет қарт болса өмірдің ащы-тұщысын бірдей татқан ақсақал. Өз немересі болмаса да бала көңілін қимай кішкентай Ермекпен бірге ойнап балаша мәз болады.
Осы әңгіме арқылы халқымыздың үлкенге құрмет көрсету мен кішіге ізет білдіру салты көрсетілген.
VІ. Үйге тапсырма
«Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында эссе жазу.
VIІ. Бағалау
- nursulu
- 20 мая 2015
- 2707
- 0



