Байтубетова Құндыз Каримжанқызы
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі
Бержан Қанатбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сынып: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі.
Мақсаты: Есімшенің түрлері мен жасалу жолы туралы алған білімді еcке түсіре отырып, оның түрлену жолын ұғыну.
Міндеттері:
1. Оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру.
2. Жаңа тақырып бойынша белгілі бір ой-тұжырым жасату.
3. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқу құралдары: 7-сынып оқулығы, дидактикалық материалдар.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Оқыту әдістері: Блум таксономиясы бойынша шығармашылық жұмыстар, жаттығу жұмыстары, графикалық диктант.
Сабақ барысы:
Уақыты Сабақты ұйымдастыру формасы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен амандасу.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару. Оқушылар амандасады.
5 мин Білу.
Ой шақыру.
- Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөз табы қалай аталады?
- Бұл, сол, анау қандай есімдіктер?
- Сөз қай септікте тұрса, анықтауыштың қызметін атқарады?
- Қалып қойған үнді дауыссыз дыбыс: л,н,ң,р,й,у...
- Сын есімнің түрленуі деген не?
- Зат есім, сын, есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы қалай аталады? Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Әр жауаптың бастапқы әрпінен жаңа тақырыптың атын шығарады.
Е С І М Ш Е
5 мин Түсіну.
Қызығушылықты ояту. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалатын еді?
Суреттерді пайдаланып мақалдарды толықтырыңыз.
Бастың суреті кес... болса да, тілдің суреті кес... жоқ.
Шоқпардың суреті ұстай білме... өзіне тигіз...
Иненің суреті ұстай білмеген көзіне тигіз...
Көрме... түйенің суреті де көрме...
Бол... баланың суреті — пысық,
Жау... күннің суреті — ыстық.
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:
1) - ған,- ген,- қан,- кен;
мысал: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен
2) - ар,- ер,- р және етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін – с;
мысал: бар - ар, кел - ер, оқы - р, айтпа - с, көрме - с
3) - атын,- етін,- йтын,- йтін;
мысал: айт - атын, кел - етін, тыңда - йтын, сөйле - йтін
4) - мақ,- мек,- бақ,- бек,- пақ,- пек.
мысал: бар - мақ, кел - мек, жаз - бақ, без - бек, шаш - пақ, төк - пек
Есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп, яғни септеліп, көптеліп, тәуелденіп есім қызметін атқарады. Есімше, яғни есімдер сияқты деп аталуының өзі осы қасиетіне байланысты.
Мақалды толықтырып шығарып, есімшенің жұрнақтары мен жасалу жолын еске түсіреді.
10 мин Қолдану.
Мағынаны тану. Әдебиет сабағында өткен тақырыптар бойынша сөйлем беріледі, сол сөйлемнің ішінен есімшені табу және оны түрлендіру.
Бұл қаланың бір жақсы жері – қазақтың оқыған балаларын сыйлайды. Балалары үлкендерін сыйлайтын болғаны ғой.
Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі.
Көңілі бос кәрінің,
көкейлерің ұғынар.
Көтермей жан жалынын,
Көзден жасы құйылар.
Ж. Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой».
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
С.Торайғыров «Шәкірт ойы»
Алғадайым, арлы едің
Ата сөзін сыйлаған.
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қимаған, Тәуелде.
Ж.Жабаев «Аттандыру»
Есімшенің түрлену жолдарын өз бетімен меңгереді.
10 мин Талдау. Жаттығу жұмысы. 183-жаттығу.
Есімшелерді тұлғасына қарай талдау.
185-жаттығу.
Мақал-мәтелдерді тауып, түбірі мен қосымшасын ажырату.
Жаттығу жұмыстарын орындайды.
5 мин Терме диктант Берілген мәтіннен есімше тұлғалы етістіктерді теріп жазу, түрлену жолын түсіндіру.
Сыналар ей, жігіттер, келді жерің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен –
Соны білсең әрнені білгендерің.
Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтып аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң әрнеден.
Өлді кейі, кейі жау,
Кімді сүйсе бұл жүрек.
Кімі – қастық, кімі – дау,
Сүйенерге жоқ тірек.
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Ауызша оқылған мәтіннен есімшені теріп жазып, түрленуін түсіндіреді.
5 мин Шығармашы
лық жұмыс.
«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» деген тақырыпта ой-толғаныстарын жазу немесе өлең шумақтарын шығару.
Суретке қарап мәтін құрастырып, есімшені талдайды.
3 мин Жинақтау.
Графикалық диктант.
Графикалық диктантты толтырып, дұрыс жауабымен тексереді.
2 мин Бағалау.
Рефлексия. Үйге тапсырма беру.
Оқушыларға стикер береді.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
184, 186-жаттығулар. Оқушылар сабақ бойынша екі жақсы жағын, 1тілегін не ұсыныс-пікірін жазып қалдырады.
- Карлыгаш
- 19 мая 2015
- 3342
- 0

