Сәрсекеева Рыскүл Қасымқызы
Петропавл қаласы
«БЭСТ» гимназиясы» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық -зор байлық
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Денсаулықты сақтау мен нығайту, жүйелі тамақтану мен гигиеналық талаптар туралы білім беру.
2.Дамытушылық.Оқушылардың танымдық ой – өрісін, іс-әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушыларды тазалыққа, дұрыс тамақтана білуге, салауатты өмір салтын сақтап, денсаулықтарын шынықтыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ -жауап, баяндау
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, суреттер, кестелер, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Кезекшімен сөйлесу
II.Үй тапсырмасын тексеру:
III.Жаңа сабақ:
(Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру)
Мұғалімнің сөзі:
Балалар, шағын көрініс көрейік:
Терапевт қабылдайтын бөлмеде:
-ҚАЙ ЖЕРІҢ АУРАДЫ?
-БАСЫМ, ТАМАҒЫМ АУРАДЫ.
-ҚЫЗУЫҢ БАР МА?
-ТАҢЕРТЕҢ ӨЛШЕГЕНДЕ ҚЫЗУЫМ ҚАТТЫ БОЛДЫ.
-ҚАНЕ , ҚЫЗУЫҢДЫ ӨЛШЕЙІН. ИӘ, ҚЫЗУЫҢ БАР ЕКЕН. АЛ ЕНДІ АУЗЫҢДЫ АШ, ТАМАҒЫҢДЫ КӨРСЕТ. СУЫҚ ТИІПТІ ҒОЙ. ҚАЗІР ЖҮРЕГІҢДІ, ӨКПЕҢДІ ТЫҢДАЙМЫН.
-МЕН ТЕЗ ЖАЗЫЛАМЫН БА?
-БҰЛ САҒАН БАЙЛАНЫСТЫ. ДӘРІГЕРДІҢ КЕҢЕСІН ОРЫНДАСАҢ, ӘРИНЕ ТЕЗ ЖАЗЫЛАСЫҢ. ҚАЗІР РЕЦЕПТ ЖАЗЫП БЕРЕМІН. ДӘРІХАНАДАН МЫНА ДӘРІЛЕРДІ САТЫП АЛАСЫҢ, ОЛАРДЫ КҮНІНЕ ҮШ РЕТ ІШЕСІҢ. ТӨСЕКТЕ ЖАТЫП ЕМДЕЛУ КЕРЕК, ӘЗІРШЕ МЕКТЕПКЕ БАРА АЛМАЙСЫҢ. БАЛ ҚОСҚАН СҮТ ІШ, ТҮЙМЕДАҚТЫҢ ТҰНБАСЫН ІШ.
ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЖАСТАН САҚТАУ КЕРЕК. ДЕНСАУЛЫҚ-БІРІНШІ БАЙЛЫҚ. ЖҰМА КҮНІ ЕМХАНАҒА ТАҒЫ КЕЛЕСІҢ. ТЕЗІРЕК ЖАЗЫЛ. САУ БОЛ!
-РАХМЕТ! КЕШІРІҢІЗ, МЕКТЕПТЕ САБАҚТЫ НЕГЕ БОСАТТЫҢ ДЕСЕ НЕ ДЕЙМІН?
-МЕН САҒАН ДӘРІГЕРЛІК АНЫҚТАМА ЖАЗЫП БЕРЕМІН.
-САУ БОЛЫҢЫЗ!
Оқушыларды топқа бөлу:
Сергіту сәті:
Грамматикалық тапсырмалар:
1-топ
«Дәрігер» сөзін септеу.
2-топ
Дәріханадан мына дәрілерді сатып аласың.
Жұма күні емханаға келесің.
(Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдау.)
3-топ
«Денсаулық» сөзін тәуелдеу
Үй тапсырмасы: жаңа сөздер, жаңа сөздердің көмегімен шағын мәтін құрастыру
- Balgn
- 15 мая 2015
- 859
- 0

