Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін пысықтау,тиянақтау,сауатты сөйлеуге дағдыландыру.
Дамытушылық :Оқушылардың ой-өрісін дамыту,сөздік қорын молайту,өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету,сауатты,таза жаза білуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың халық мұрасына,тіліне өз көзқарасын қалыптастыру,оларды қазақ тілін ардақтауға,қадірлеуге,сүюге,тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу.
Әдісі:Дамыта оқыту технологиясы. Сыныптан тыс жұмыстың түрі:сайыс.
Барысы: Мемлекеттік әнұранмен шараны ашу. Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі күн сіздер үшін тек жақсылық пен ізгілікке толы болсын! Жетік білсең тіліңді, Боларсың сонда білімді. Қазақ тілін құрметте, Талапқа сай бүгінгі,-дей келе сіздерді «Білгірлер сайысын» тамашалауға шақырамыз. Топтарды ортаға шақырамыз. 1-топ.Қазына. Ұраны: Ана тілім,әрекетім, азығым, Бар ғаламды тануымның қазығы. 2-топ.Шапағат. Ұраны:. Дұшпаның да бас иетін, Тілің-ұлттық қасиетің. 1-сайыс.Мақал-мәтелдер сайысы .Мақал-мәтелдер оймен тілдің көркем құралы. Сондықтан тіл туралы кім көп мақал-мәтел біледі,соны ортаға саламыз,әділқазылар бағалайды. 2-сайыс.Жұмбақтар шешу сайысы. Кел,балалар,ойнайық, Ойнайық та ойлайық. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық ,-дей келе жұмбақтар шешуге кірісеміз.
1.Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса,аттама.(кітап)
2.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза,жаза арықтаған (бор)
3.Қуантады ол сені, Ұялтады ол сені. Осы затқа көрінер Біліміңнің мөлшері (күнделік)
4.Қайта жазсам кейде мен, Болмайды деп өкініш, Сөзді жоқ қып бейнеден Жібереді ...(өшіргіш)
5.Ізінде сан сөз қалып, Байытады санаңды, Ойыңа ерер қозғалып, Баптап ұста ...(қаламды)
6. Суреттерді салады,
Икемі бар дарын жас.
Тез өшіп тек қалады,
Көмескі ізі ...(қарындаш) (Әділқазылар бағалайды) 3-сайыс «Дода» сайысы.1-минут ішінде сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
1.Қазақстан Республикасының әнұранының авторы кім?
2.Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды?
3. «Полиглот» деген кім?
4.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
5.Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік тіл дәрежесін алды?
6.Қазақстанның рәміздер күні қай күн?
7.Екі ақынның сөз өнерімен сайысы қалай аталады?
8.Тіл туралы заң бірінші рет қай жылы қабылданды?
9.Басты байлық не?
10.Төл теңгенің айналымға енген күні қашан?
(Әділқазылар бағалайды)
4-сайыс. Мақал-мәтелдердің орысша баламасын табу,
Орысша мағыналас мақал-мәтел атау
1) Жолдасы көптің-олжасы көп.(Друзей много, шире дорога.)
2) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. (Семь раз отмерь, один раз отреж.)
3) Еңбексіз тапқан мал, есесіз кеткен мал.(Что легко наживается, легко проживается.)
4) Отансыз адам, ормансыз бұлбұл. (Человек без Родины, что соловей без леса)
5) Көз-қорқақ, қол батыр. (Глаза боятся, руки делают.)
6) Көп тыңда, аз сөйле. (Больше слушай, меньше говори.)
7) Айтқан сөз, атылған оқпен тең. (Слово не воробей, выпустишь не поймаешь.)
8) Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын. (Не имей сто рублей, а имей сто друзей.)
(Әділқазылар бағалайды)
5-сайыс. «Аударып көр» ойыны.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін-ел гүлі.
Бақытты елде туғаның,
Есіміңнен белгілі.
(Қағазға есімдерді жазып, әр топқа береміз, олар оның аудармасын береді.)
1.Алмагүл(яблочный цветок)
2.Досбол(будь другом)
3.Айжан(лунная душа)
4.Тілек(пожелание)
5.Жадыра(веселая)
6.Қуат(сила)
7.Айсұлу(лунная красавица)
8.Салтанат(торжество)
9.Бақыт(счастье)
10.Үміт(надежда)
11.Қайрат(сила)
12.Айгүл(лунный цветок)
(Әділқазылар бағалайды)
6-сайыс. Логикалық сұрақтар.Бұған өте мұқият болу керек, тапқырлықты қажет етеді.
1) Ағашта 40 қарға отырды. Орманға аңшы келіп, 5 рет құстарға қарай мүдірместен атты, сонда қанша құс қалды? (қалмайды)
2) Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалмақ неше алма?(Қайыңда алма өспейді!)
7-сайыс.Қалай қарай оқыса да, бірдей мағына беретін, басқы және соңғы дыбыстары бірдей сөздерді кім көп табады?
(ата, ана, ене, керек, қазақ, қырық, тат, тот, іні, іші, шаш)
8-сайыс. «Қазақстан» деген сөзден бірнеше сөз құра.
(қаз, ақ, қазақ, қаза, азан, азат, ат, тақ, тақа, зат, зат, сан, нас, аз, сат, тас)
9-сайыс. Монолог. Ой-толғау сайысы. Алдын ала үйге берілген тапсырма. Берілген тақырыпты ашу.
«Шапағат»тобы – «Қазақстан» тақырыбы
«Қазына» тобы – «Қазақ тілі» тақырыбы
Сайыстың әр бөлімін әділқазылар бағалайды.
Қай топ ең көп ұпай алса, сол топ жеңеді.
(Ұпайларын қорытқанда, сайыскерлердің киімдері, эмблемалары,
сайыс бойы өзін қалай ұстағандары, сөйлеу мәдениеті, тапқырлығы, жылдамдығы – бәрі есептеледі.)
Қорытынды:
-Міне, балалар, сайысымыз өз мәресіне жетті.
Әділқазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысыңда,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(әділқазылар ойынды қорытындылайды.)
-Қазақ тілін әлемге танытар болашақ ұрпақ сендер
болатыңдарыңа сенімдіміз. Осымен сайысымыз аяқталды.
Сау-сәлемет болыңыздар.
- Айгуль
- 14 мая 2015
- 3554
- 0



