Абай Құнанбаев
Абасилова Ләззат Бақытбекқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Астана қаласы, №56 мектеп-лицей

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік – Абайдың қоғамдық қайраткерлігі мен ақындық, адамгершілік қасиеттерін
ашып көрсету.
Тәрбиелік – Оқушылардың белгілі тұлғаға деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалып-
тастыру
Дамытушылық- Оқушылардың тарихи тұлғаға көзқарасы мен пікірін білдіріп тұжырым–
жасай білу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі – Аралас сабақ
Сабақтың әдісі – Ауызша баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі – Слайд, Құнанбай, Абай, А С Пушкин, И Крылов суреттері.
Пәнаралық байланыс – Қазақ әдебиеті, музыка.

Сабақ жоспары:
1. Ақынның өмір жолы.
2. Абайдың шығармашылық қызметі.
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі ( Оқушыларды түгендеу, сыныптың тазалығы, оқушылардың
сабаққа дайындығы)
2. Кіріспе – « Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мың мен жалғыз алыстым, кінә қойма.»
Әр ұлттың бетке ұстар тұлғасы болады, мысалы А С Пушкин десек орыс халқы, Гете
десек неміс халқы, Ш Айтматовты айтсақ бауырлас қырғыз халқы ойға оралады. Ал
қазақ десек ұлы Абай еске түседі. Қазақта ойшылдар, данышпандар көп бірақ Абай
жалғыз. Кезінде сол жалғыздықтан зардап шекті. Қайғысы мен қасіреті мол, тар жол
тайғақ кешу заманында өмір сүрген Абай өз мұңын осылай білдірді.

Ой-талқы: Халық үшін қан жұтқан Абай кім? Ойланайық , ойымызды ортаға салайық.
А) Туған жері, ата-анасы
Ә) Абайдың нақыл сөздері
Б) Әндері мен өлеңдері
В) Бізге қалдырған өсиеттері
3. Абайдың өмір жолына шолу а) Құнанбай, Зере, Ұлжан, Ибраһим ( суретпен жұмыс)
ә) Ауыл молдасы, Семей қаласы
б) Ел билеу ісіне араласуы ( Слайдпен жұмыс)
116 бет, 3,4 тапсырма
4. Ақынның шығармашылығы
5. Бекіту кезеңі: 1. Топтастыру стратегиясы
2. Қоржынқалта сұрақтары
3. Абайдың қанатты сөздері ( Нүктенің орнына қажетті сөзді қой)
6. Оқушы білімін бағалау
Қорытындылау: З Қабдолов « Абайды мақтамайық, Абаймен мақтанайық»
Ән « Желсіз түнде жарық ай» Оқушылар сынып болып орындайды. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру