Сабақтың тақырыбы: Бізді қоршаған орта
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың білімін әрі дамыту, тереңдету, ізденгіштігін арттыра отырып, ой-өрісін кеңейту,
2. Тәрбиелік: оқушылардың юойына адамгершілік қасиеттерін дарыту, өзара сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі: проблема қоя іздендіру, салыстыру, мәтін құрастыру.
Сабақтың түрі: танымдық, тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ПроПП картасы, шарлар
Сабақтың эпиграфы:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
ІІІ. Жаңа сабақ
Бұрынғы өткен заманда бір үйдің Асан, Үсен атты егіз балалары өмір сүріпті. Асан – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады екен. Ал Үсен білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен депті. Білуге құмар Үсенді көп сұрақтар мазалап, ол Қыдыр атаға жолығады. Үсен атадан:
- Қыдыр ата, бізді қоршаған орта дегеніміз не? – деп сұрапты. Сонда Қыдыр ата Үсенді табиғат аясына ертіп келіп:
- Балам, айналаңа зер салып қара! Не көресің, солардың барлығын бізді қоршаған орта дейміз. Атынан-ақ айтып тұрғандай, олар адамды айнала қоршап, адамға қызмет етеді! Мен саған жол сілтедім, қалғанын өзің ойланып тап! – дейді де Қыдыр ата көзден ғайып болады. Ал Үсен жан-жағына мұқият қарап, мыналарды көреді:
Жер, Күн, су, ағаш, бұлт, тау, жануарлар, құстар, аңдар, өсімдіктер. Мұның барлығын біз бір сөзбен «Қоршаған орта» дейміз.
Осылай Үсен қоршаған орта туралы алғашқы сұрағының жауабын табады. Бірақ осымен шектелу – Үсеннің табиғатына жат қылық. Ол енді: Осы бізді қоршаған ортаның ішінде қайсысы күшті, қайсысы мықты? деген сұраққа жауап іздейді. Бірақ еш жауап таба алмайды. Өйткені қоршаған орта туралы ешнәрсе білмейді екен. Қане, балалар, біз Үсенге көмектесейік. Оның сұрағына жауап тауып берейік. Ол үшін ПроПП қартасы деп аталатын мына сызбаны толықтырамыз. Көк үстелде отырған оқушылар бұлтты, ал сары үстелде отырған оқушылар күнді кейіпкер ретінде аламыз.
ПроПП картасы бойынша ертегі құрастыру
Жалған кейіпкер Қиын сұрақ Той
(Оқушылардың жауаптары салыстырылады).
Дұрыс балалар, сендер әрқайсысың өздеріңе берілген тапсырманы орындап шықтыңдар. Дегенмен, қоршаған ортаның ішінде мынау күшті, мынау әлсіз деп айта алмаймыз. Себебі әрқайсысының өз қызметі бар. Сендер күн мен бұлттың қызметі туралы айттыңдар. Ал қалғандарының қызметі ше? Қане, бәріміз бірлесіп тауып көрейік. Жер адамға өнім береді, қаншама нәрсені теңселтпей, құлатпай көтеріп тұрады. Сусыз адамның тіршілік етуі мүмкін емес. Біз кірді сумен тазалаймыз. Шөлімізді сумен қандырамыз. Ағаш, гүлдер ауаны тазартады. Лас ауаны жұтып, таза ауа бөліп шығарады. Құстар ағаштарды зиянкестерден қорғайды, табиғатқа көрік береді. Адамдар аңдардың бағалы терілерін, жануарлардың, етін, сүтін т.б. өнімдерін пайдаланады. Тау арқылы жер астындағы қысым сыртқа шығады. Міне, байқап отырғанымыздай, бізді қоршаған ортаның ішінде қажетсізі жоқ. Сондықтан біз олардың бәрін де күштілер қатарына қосамыз.
«Жасырынған сөздерді тап!»
«Ақ тілек» технологиясымен сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру: Табиғат туралы 5 мақал-мәтел жазып келу.
- Жанар Копбергенова
- 9 апреля 2015
- 1784
- 0


