Тұрлаушы мүшелері. Бастауыш
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаушы мүшелері. Бастауыш
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлем мүшелері туралы білімін тереңдету, бастауыш туралы түсінігін кеңейту, бастауыштың жасалу жолын түсіндіру.
Оқушылардың синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру.
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, шексіз сүюге тәрбиелеу.
Сүйемін туған тілді –анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағымда сіңірген таныс үнің.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау, талдау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кесте, тірек-сызба, тесттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, оқушының сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру.
Үй тапсырмасын сұрау:
1.Сөйлем дегеніміз не? Негізгі белгілері қандай?
2.Сөйлем түрлерін атаңдар? Жасалу жолдары қандай?
3.Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Негізгі белгілерін атаңдар?
4.Сөйлем мүшесі бола алмайтындар?
5.Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді? Дара, күрделі, үйірлі мүше дегеніміз не?
Бастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. Бастауыштарға қойылатын сұрақтар кім? не? Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік жалғаулары жұмсалуларына қарай сұрақтары да сол жалғауларда айтылуы мүмкін. Бастауыш төменгі сөз таптарынан жасалады.
Сөз табы
Мысал
Зат есім
Есімдік
Сын есім
Сан есім
Етістік
Тұйық етістік
Үстеу
Одағай
Еліктеуіш сөздер Кештетіп Қожаш үйіне келді
Өзіміз де жүргелі отырмыз
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын
Сыпайы тоңбайды, қалтырайды.
Үшеуі сыртқа шықты. Жиырма бес үшке тең бөлінбейді.
Іздеген жетер мұратқа
Оқу инемен құдық қазғандай.
Еріншектіңертеңі бітпес
«Ә, құдай!» - күйзелгеннің белгісі
Тарс-тұрс еткендер жақындағандай болды.

Жалпы алғанда, бастауыш бола алмайтын сөз жоқ. Тіпті өз алдына сөйлем мүшесі болмайтын шылау сөздер де, сөз емес сөз құрау үшін жұмсалатын дыбыстар да сөйлемде бастауыштың қызметін атқарады. Бастауыштар құрылысына қарай былайша бөлінеді.
Құрылысына қарай
Мысалдары
Дара

Күрделі
Үйірлі Олар қырман басында жүр.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Күле беру ыңғайсыз
Білегі жуан бірді жығады.
Жұмысы жоқтық аздырады адам баласын

Талдау –табыс кілті.
Адам баласы ғасырлар бойы мәдениет байлығын жасап келеді. Бұл мұра қазақ елі үшін бағады. Кең байтақ қазақ жері бабаларымыздың өз ұрпақтарына қалдырған мұрасы. Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік. Еліміздің болашағы жарқын. Қазақстанда бүгінде жүзден астам ұлттар ауызбірлікте, ынтымақта өмір сүруде.
Оқулықпен жұмыс. 49-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бастауыштарды тауып, астын сызыңдар.
Қайталау – білімнің анасы. (Фонетикалық талдау).
СӨЗ
Айтылу, жазылу жолдарына қарай:
Жуан, жіңішке, аралас
Буын: ашық, тұйық, бітеу
Тасымал
Екпін
Буын үндестігі
Дыбыс үндестігі:
Ілгерінді ықпал
Кейінді ықпал
Тоғыспалы ықпал
Кітаппен сөзіне сатылай кешенді талдау жасау.
50-жаттығу. Төменгі үлгі бойынша бастауышы бар сөйлемдер құрап жазыңдар.
Тесттік жұмыс.
1-нұсқа
1.Қайсысы қосарлама сөзгежатады?
А)бірде-бір ә)көре-көре б)сүт-мүт в)жолдас-жора
2.Қайсысы бірге жазылады.
А)әр нәрсе ә)әр кім б) әр жерде в)әр күні
3.Қайсысы тұрақты тіркес?
А)Құлақ салу ә)Құлақ ауру б)құлағын емдету в)құлағын шұқу
4.Кейінді ықпалды көрсет
а)кек алған ә)әлі кету б)қазы-қарта в)жаяу жүрдек
5.Көнерген сөзді табыңдар
А)ауру балгер ә)емхана, сұлтан б)келбет, көрік в)көнек, қауға
2-нұсқа
1.Орфоэпиялық нормаға сай сөз қайсы?
А)өлең ә)құндыз б)жұлдыз в)көпір
2.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсет.
А)балалық шақ ә)оның даусы б)тау қыраны в)жеміс теру
3.Омоним бола ламайтын сөзді табыңдар
А)ою ә)ерін б)ренжу в)малшы
4.Диалект сөзді тап
А)еңбек, арман ә)әйдік, пәс б)барлық, күллі в)гүрс-гүрс
5.Дара сан есімді анықтаңдар.
А)жүз ә)он бір б)екіден бір в)бір жарым
Сабақты бекіту: өтілген сабақты топтастыру стратегиясы арқылы бекіту.
Үйге тапсырма: 51-жаттығу. Көркем әдебиеттен бес сөйлем жазып, сөйлем мүшесіне талдау ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
қазақ тілі пәніне арналған орта мерзімді жоспары

қазақ тілі пәніне арналған орта мерзімді жоспары

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 13 жалпы білім беретін бастауыш мектептің III деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған бастауыш сынып...
жалаң жайылма сөйлем

жалаң жайылма сөйлем

Сабақтың .тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем. Білімділік мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін бекіту, жалаң...
Дара сөздер мен күрделі сөздер

Дара сөздер мен күрделі сөздер

12.09.2014 Қазақ тілі 6- сынып Сабақтың тақырыбы Дара сөздер мен күрделі сөздер. Күтілетін нәтиже Сөздердің құрамы жағынан өзара бөлінуі туралы...
Көп мағыналы сөздер

Көп мағыналы сөздер

Қазақ тілі 4сынып "Көп мағыналы сөздер". Атырау облысы Исатай ауданы, Жаңа Жанбай бастауыш мектебінің мұғалімі Қуынышева Шолпан Қазақ тілі 4 сынып...
Тұрлаулы мүшелер

Тұрлаулы мүшелер

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Элмира Джолдасбаевна Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру