Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы
Х.Наубетов атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қуанышева Майра Ізбасарқызы
Күні: 21.01.15 ж.
Сыныбы: 5 «д»
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Өткен материалдарды тереңдету ойда қалғандарды нақтылау, теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді
қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденістерін, ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тілдік талдау, жаттығу,топтық жұмыс, жеке жұмыс, кроссворд, семантикалық карта;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Оқушының назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру
ІІІ. Лексикадан өткенді қайталау.
Лексика тарауын қайталап, пысықтауға арналған сұрақтар.
1. Лексика ғылымы нені зерттейді?
2. Омоноим дегеніміз не?
3. Синоним дегеніміз не?
4. Антоноим дегеніміз не?
5. Мақал-мәтел дегеніміз не?
6. Табу дегеніміз не?
7. Эвфемизм, дисфемизм дегеніміз не?
8. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
9. Кірме сөздерге қандай сөздер жатады?
10. Термин дегеніміз не?
11. Көнерген сөздерге қандай сөздер жатады?
12. Сөздік қор дегеніміз не?
Оқушылардан сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Ережесі сұралады, әр топқа семантикалық карта таратылады. Әр топ алдындағы ашық кестені толтырады.
Тура мағынасы Ауыспалы мағынасы
Адамның аяғы
Күннің көзі
Қоянның құлағы
Сөздің төркіні
Жылы киім
IV. Топтық жұмыс.
1-топқа.
Берілген сөздер бойынша синоним жазу.
көрікті С
ақылды И
тура Н
тоғай О
түйе Н
тазы И
ұстаз М
2- топқа
Берілген сөздердің антонимін тауып жазыңдар.
к е ң
а р а з
ж а қ с ы
а қ ы л д ы
е л г е з е к
ж а қ с ы л ы қ
3-топқа
Берілген сөздерді қатыстырып омонимді сөйлемдер жазыңдар.
Жүз. Арық. Түс. Жаз. Қара.
V. Оқулықпен жұмыс.
І топ. 221-жаттығу.
ІІ топ. 229-жаттығу.
ІІІ топ. 230-жаттығу.
VI. Деңгейлік тапсырма.
1-топ
І деңгей
Табу сөздер дегеніміз не?
ІІ деңгей
Мына сөздерден табу сөзін көрсет.
-Ойбай, Тентекжан, жүр, ауылдың адамдары жүгіріп келеді,-деп
шелегін жерден көтеріп-ақ алды.
(Б.Майлин)
2-топ
І деңгей
Эвфемизм және дисфемизм дегеніміз не?
ІІ деңгей
Берілген сөздерден эвфемизмді тауып жаз.
Мылжың, сараң, аузы жеңіл, өлді, қолынан түк келмейді, қолының жымысқысы бар, ұрлықшы, құлағының мүкісі бар, ақсақ, қоспай айт, ақ саусақ, саңырау, қолды болды, сөзуарлау, бақиға аттанды.
3-топ
І деңгей
Мақал-мәтел дегеніміз не?
ІІ деңгей
Үзінділерден мақал-мәтелді тап.
Жарлыны көрсе мысқылдап,
Кекесін сөзбен ысқылап.
«Аузы қисық болса да,
Бай баласы сөйлесін!»
Барын жоқ деп құрынған,
Жұлдызды жатқа санасақ,
Қисап етіп қарасақ.
«Мың асқанға бір тосқан»
VII. Сергіту ойыны.
Оқушылар мен сендерге тұрақты тіркестерді оқимын, соның қандай мағына беретінін бір сөзбен айту керек.
1. Тайға таңба басқандай (анық)
2. Жұмған аузын ашпау (сөйлемеу)
3. Қырық пышақ болу (араздасу)
4. Ит арқасы қиянда (алыс)
5. Жанын қоярға жер (таппау)
6. Бауыр басу (үйрену)
Келесі ойын – «Қалай дер едіңіз?» (керісінше)
1. Айтпау (тіс жармау)
2. Көмектесу (ат салысу)
3. Өкіну (бармағын тістеу)
4. Жалқау (ақ саусақ)
5. Батыр (жүрегінің түгі бар)
6. Момын (қой аузынан шөп алмас)
VIII. Триз технологиясы.
Ойлап, қиялдап, байланыспайтын нәрселерді бір-бірімен байланыстыруға бағыттайды.
Ит тауықтың артынан жүгірді...
Оқушылар серуенге бармай қалды.
IX. Тест сұрақтары.
1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
А. Синтаксис. В. Морфология. С. Лексика.
2. Тұрақты сөз тіркесін ажырат.
А.Ашық жер. В. Қоян жүрек. С. Хат жазу.
3. Мақал-мәтелді тап.
А. Бала шаба жөнелді. В. Білімді бол. С. Ақылды бала-арлы бала.
4. Антонимді ажырат.
А. Қызыл-ақ. В. Ақ-қара. С. Қызыл-көк.
5. Омоноим сөздер қатысқан сөйлемді тап.
А.Ел үмітін ер ақтар. В. Көк алманы алма. С. Қарақұс-жыртқыш құс.
6. Дұрыс жазылған сөз.
А. Жыуу. В. Жуу. С. Жуыу.
7. «Жалығу» сөзінің синонимін тап.
А. Зерігу, құмар болу. В. Еріну, көшіру. С. Зерігу, іш пысу.
8. Неологизм сөзді белгіле.
А. Несие. В. Гарантия. С. Процент.
9. Көнерген сөзді тап.
А. Саяжай. В. Найза. С. Сәулет.
10. Табу сөзді көрсет.
б. В. Бауырмал. С. Қайратты.
Архаизмдердің қазіргі атауын атаңыз.
Ескі атауы /архаизм/ Жаңа атауы /неологизм/
Аэропорт
Адрес
Таможня
Станция
Реклама
Планета
Пенсия
Парк
Документ
Әр пәнге байланысты термин сөздерді жазыңдар.
Қазақ тілі – синоним, антоним, омоним, эвфемизм, дисфемизм т.б.
Әдебиет – поэма, драма, поэзия, фантастика т.б.
Математика – куб, квадрат, коэфицент, дециметр т.б.
Жаратылыстану – глобус, карта т.б.
X. Сабақты бекіту.
Лексика бөліміндегі кірме, диалект, кәсіби сөздер, термин сөздерге тоқталу барысында оқушыларға семантикалық карта таратылып беріледі. Дұрыс жауап бере отырып, оны теориялық жағынан дәлелдеу.
Сөздер
Кірме сөздер Диалект сөздер Кәсіби сөздер Термин сөздер
Жәшік +
Сым +
Пышқы +
Глобус +
Ұжым +
Бәдірен +
Қоза +
Эвфемизм +
Үйге тапсырма.
1. Ережелерді қайталау.
2. 228-жаттығу.
Бағалау. Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!
- Куанышева Майра
- 1 апреля 2015
- 5897
- 0

