Окушылардын озиндик реттелуи
Оқушылардың өзіндік реттелуін қалай дамыту керек

Бекмолдина Р.К.
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Айыртас негізгі орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, үй телефоны,

Мұғалімге арналған нұсқаулықта: « ...оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен көзқарастар бейімділіктің кешенді үйлесімі» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012, 16-бет) деген анықтама берілген. Оқу тәуелсіз сипат алып, өздігінен реттелу дәрежесіне жету үшін, әуелі орта мерзімді жоспар барлық оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз ететіндей ептілікпен жан-жақты терең ойластыру керек екеніне көз жеткізілді. Олардың дамуына ықпал ететін факторлар айқындалу керек. Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталатындай түрлі әдіс-тәсілдер қамтылған мақсат-міндеттер анықталады. Сындарлы оқыту арқылы құзіретті тұлға қалыптастыруда оқушының оқудағы үш міндетін анықтауда Блум жүйесін пайдалану өте тиімді екені анықталды: 1-білу, түсіну; 2-қолдану, талдау; 3-жинақтау, баға. Мысалға 8-сыныпта өткен «Себеп-салдар салалас» тақырыбын алсам: 1-міндет – себеп-салдар салаластың функционалдық қызметін зерделеумен жасалу жолын түсіну; 2-міндет – жаттығу тапсырмаларын орындауда себеп-салдар салаластың жасалу жолдары ережесін қолдану, салыстыру және тәжірибеден өткізу; 3-міндет – топтық жұмыста алынған ақпараттан тұжырымдалған өнім жасау және қорытып түйіндеу. Жаңа тақырыпты меңгеруде «миға шабуыл» әдісімен педагогикалық жағдаятты қолдану (жоспарланбаған импровизация) сабақтың сәтті болуына бастау болды:
Мұғалім: Назым, өткен сабақта неге жоқ болдың?
Оқушы (сасқалақтай күмілжіп): Ауырып қалдым...
Мұғалім: Ал, балалар, Назым екеуміздің диалогімізден екі контекстен тұратын хабарлы салалас құрмалас сөйлем құрап көріңдерші.
Оқушы «Б»: Назым ауырып қалғандықтан, сабаққа келмеді.
Мұғалім: Жарайсың, ойың жинақы, жақсы шықты. Дегенмен бірінші сөйлемің қалай, тиянақты ма?
Оқушы: Ой, сабақтас болып кетті ғой...
Мұғалім: Тағы кім айтады өз ойын?
2-оқушы: Назым ауырып қалды, сондықтан сабаққа келмеді.
3-оқушынікі екі жай сөйлем болды. Осы тәріздес бірнеше ашық сұрақтар қойылып, идеялармен эксперимент жасалды. "Әркімнің пікірі құнды" ұстанымымен қателесу оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып зерттеушілік диалогта ынтымақтаса отырып қатемізді түзедік, екінші оқушының ойын үздік деп бағаладық. Бұл сөйлемдеріміздің алдыңғы сабақта өтілген «Ыңғайлас салалас» тақырыбына мағынасы жағынан келмейтінін ажыратылды. Қызығушылығын оятып, енді оқулықтан ойшақыруды оқумен келтірген мысалдарымыз жаңа тақырыппен байланысты екені анықталды, оның себеп-салдар салалас деп аталатынын білді. Күнделікті қоғамдық қарым-қатынас құралының ажырамас бөлігі ретінде жиі қолданатынымыз мойындалып, функционалдық қызметі зерделенді.
«Сырыңды досыңа айтпа, оның да досы бар» мысалы түрлі позицияда қаралып, тақырыптың жасалу жолы талданды және осы мақалға әр оқушы сыни тұрғыдан өз көзқарасымен баға берді. «Салдар» сөзінің синонимі «нәтиже» ұғымын беретінінің зерделенуі оқушыларға келесі қадамдарда аналогиялық пайымдаулар жасауына түрткі болды. Ал ұқсастық бойынша ой жүгірту – проблемалармен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әртүрлі мәнмәтіннен алынған түрлі ақпараттарды пайдалану арқылы оқыту мен білімді жаңа жағдайға орайластыру қабілеті (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012, 81-бет). Білім қаншалықты түсінілгенін анықтауда 150-жаттығу жұмысы (қазақ тілі, 8-сынып, «Арман-ПВ» 2012, 141-бет) орындалды. Онда мәтіннің мазмұнына байланысты себеп-салдар салаласқа 5 сөйлем құраңдар деген материалды меңгеру тапсырмасы берілген. Топта кезектесе дауыстап оқыла мазмұны түсінілді. Бар-жоғы 3 оқушы болғандықтан мәтіндегі 3 абзац үшеуіне жеке тапсырма етіп берілді, олар бір-бір сөйлем құрастырды. Тапсырмамен жұмыста өздігінен бағытталды да, логикалық қорытындыдан сәтті жаңа өнім алынды. АКТ мүмкіндігімен сергіту сәті ұйымдастырылылғаннан кейін, білімді қолданумен алынған өнімді (сөйлемді) талдауға көштік. Жаңылтпашқа ұқсаған қиын тақырыпты талдап үйренуде ЖАДА аясында көпірше міндетін атқарған мұғалім тарапынан өз мысалы үлгіге алына түсінік-нұсқау берілді.
тапсырма мысалдар
Салдар-себеп Сырыңды досыңа айтпа, оның да досы бар.
Себеп-салдар Оның да досы бар: сырыңды досыңа айтпа.
Жалғаулықты себеп-салдар Сырыңды досыңа айтпа, өйткені (себебі, неге десеңіз) оның да досы бар.
Жалғаулықты салдар-себеп Оның да досы бар: сондықтан (сол себепті) сырыңды досыңа айтпа.
Осы тұрғыда оқушы проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындап, әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауға бағытталды, «рефлексивті агенттік» мақсатыма жеттім. Бұдан шығар қорытынды: олар әуелі тапсырмамен танысты, мәтінді интерпретациялап, тапсырма негізінде қалай орындауға болатын мүмкіндікті бақылады (анықтады); іштей сыннан өткізе іріктеп, тәжірибе жасады; салыстырып, контексті орналастыру ретін ойластырды; сызбаға қалай қондыруды талқылап, нәтижесінде алынған ақпарат – өз еңбектерінің қаншалықты құнды шыққандығын ойлап, бағалап, өз өнімдерін басқа топ мүшелеріне талдап (қорғап) ұсынып, тұтастыққа қол жеткізе алған білімдерінен жаңа өнім (нәтиже) жасап шықты. Бос отырған оқушы болмады. Оқушылар бұл тапсырмада физиологиялық болмыстарын мақсатқа бағындырып, әлеуметтік сенім арту арқылы өзінің де қолынан келетініне көзі жете пішіндеуге қатысты. Топтасып нәтижелі (тәжірибе) жұмыс атқарды. Бандураның тиімділік компонентінің 4 факторы осылай айқындалды. Формативті бағаланып отырған «қара жәшіктің» ішіндегі әр қадам келесі кезекте шағын тест орындаумен суммативті бағаланды. Бұл үш оқушымның біреуі «А», екеуі «Б». Әзірге жоғары жинақтау, жоғары баға деңгейіне жету мүмкіндігі өз дәрежесінде емес, келешектің үлесінде деген үміттемін.
Бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейін шығармашылық деңгейге жеткізуді көздейтін Блум таксономиясы бір сағаттық қана емес, 3-4 сағаттық тақырыпқа жоспарланған тақырыпты әлеуметтік-сындарлы оқу мен оқытуда тиімді тәсіл екені практикада айқындалуда. Бұл жағдайда да оқушылардың өзіндік реттелуіне молынан мүмкіндік туады екен. Мысалға, 5-6-біріккен сыныптардағы 5-сыныптың 3 сағатқа жоспарланған «Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Бірінші сабаққа білімді қабылдау, түсіну және түсіндіру, оқушылық деңгейде анализдеу міндеті жоспарланды. Екінші сабаққа алгоритмдік деңгей, яғни алған білімді мәнмәтіндік интерпретациялаумен талдау, саралау, салыстыру және синтездеу мүмкіндігі қарастырылды. Үшінші сабаққа өз білімін бағалау мақсатында эвристикалық, шығармашылық деңгейге жету міндеті көзделді. Мұғалім тарапынан АКТ мүмкіндігін пайдаланып, «Сөзмерген» интеллектуалдық ойынының презентациясы әзірленді. Бұл жұмыста жағдаят түсініксіз, оны оқушы бар біліміне сүйене өзі толықтырады, табады, шешеді.
1,2-сабақта оқушылар ынталандырыла отырып диалог пен дәйектеу, талқылауға тартумен алгоритмдік деңгейді толық меңгерді. 3-сабақтың эвристикалық деңгей тапсырмалары қызығушылықпен бақылап отырған 6-сынып оқушыларының көмегімен меңгерілді. Бұдан қандай қорытынды шығады? Бір ұжым болғандықтан, өзара көмектесу міндетті парыз екені түсіндіріліп, 5-сыныпта өз білім деңгейі үшін күдік-күмән қалыптасуы мүмкін комплекске тосқауыл қойылды. Яғни аффективтік кедергі жойылды. Нәтижесінде бүгінгі таңда екі сыныпта да бір-бірінің сабақтарында еркін диалогта пікір алмасады. Екіншіден, жоғары жинақтау мен жоғары бағалау деңгейінде жұмыстар атқаратын 6-сыныбым ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, менің көпіршелік міндетімді жеңілдетті әрі бұрынғы алған білімдерін жаңғырту мүмкіндігіне ие болды. Белгілі мақсатқа ынтымақтасқан топтарда жас ерекшелігі де, әлеуметтік фактор да кедергі болмады, эвристикалық деңгейді меңгерді. Оқушылардың өзара критериалды бағалауында жас ерекшеліктеріне сәйкес Кохлбергтің өнегелі даму (моральдік пайымдау) теориясындағы 1-деңгейдің 2-кезеңі - тұлғалық ерекшелену және дара әрекеттесу анықтамасына сәйкес көзқарастары анықталды.
5-сыныптың шығармашылық деңгейді көздеген шығарма жұмыстары шығармаға қойылатын талаптарға сай болмай, суммативті бағалауда өз дәрежесінде бағаланды. Бұл сыныпта екі оқушы: біреуі – зияткерлігі қабілеті жоғары, бірақ тіл мүкісімен. Екіншісі – үнсіз оқушы. Ал 6-сыныптың біреуі «Б», екеуі «С» оқушылар. Осындай инклюзивті топпен жұмыс істеу әрі қызықты, әрі қиын. Бұл сыныптарда оқыту мен оқытудағы ең басты қиындық – уақыт тапшылығы. Көп тақырыптар кіріктіріп оқытуға, әсіресе, әдебиет пәні келе бермейді. Одан 6-сыныптағы талантты, дарынды оқушыларымды қосымша оқытып, тығырықтан шығуға тырысамын. Оқушылар тобы көп болса, білім бәсекесі туындап, оқыту бұдан да қызықтырақ болар ма еді деген арман да қылаң беріп қояды.
Қорыта келгенде, 3-деңгейлі бағдарлама негізінде курста оқу кезінде өте қызыққан модуль – талантты және дарынды балаларды оқыту модулі болды. Тапсырма неғұрлым күрделенсе, соғұрлым талантты және дарынды балаларды анықтау мүмкіндігі ашылатыны мәлім. Ол үшін оқушы бойында метатаным дағдылары қалыптасуы керек емес пе? Осы мақсатқа жету жолында жүйелі қолданылған Блум таксономиясы нәтижелі болады деген көзқарас қалыптасты, шешім қабылданды. Жаңашыл идеялар негізінде өзгерген ұстанымым іс-әрекетте бірде ақсап, бірде оң нәтиже берумен машықтанып жатырмын. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
себеп-салдар

себеп-салдар

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Айыртас негізгі орта мектебі, Бекмолдина Р.К. 16.01 2015 Сыныбы: 8-сынып Пәні: қазақ ...
22 қыркүйек – Тілдер мерекесі

22 қыркүйек – Тілдер мерекесі

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылы «Балтабай орта мектебі – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік менкемесінің...
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану

Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану

Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда...
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ С. Г. ДОСУМБЕКОВА

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ С. Г. ДОСУМБЕКОВА

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ С. Г. ДОСУМБЕКОВА №1 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, Ақсу қ....
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ Тарбақов Бауыржан Айдарұлы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектебі...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру