Қосымша1
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Айыртас негізгі орта мектебі,
Бекмолдина Р.К.
16.01 2015
Сыныбы: 8-сынып
Пәні: қазақ тілі, Г. Тұрсынова, А. Қасымбек, А. Нұрғазы, «Арман-ПВ» 2012
Тақырыбы: Себеп-салдар салалас.
Мақсаты: жаңа тақырыпты эксперименттеумен ынтымақтаса меңгеру;
Міндеті: - себеп-салдар салаластың функционалдық қызметін зерделеумен жасалу жолын түсіну; -жаттығу тапсырмаларын орындауда себеп-салдар салаластың жасалу жолдары ережесін қолдану, салыстыру және тәжірибеден өткізу; -топтық жұмыста алынған ақпараттан тұжырымдалған өнім жасау және қорытып түйіндеу.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Стратегиялар: «Шаттық шеңбері», «Өрмекші торы», «Бір қадам артқа», «Миға шабуыл», «Жұмыр қылыш», «Венн диаграммасы», «БҮБ».
Уақыты
кезеңі Мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Бағалау Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек
Кіріспе
3-5минут «Шаттық шеңбері»
Мақсаты: Психологиялық көңіл-күйді реттеу.
«Өрмекші торы»
Мақсаты: ынтымақтасқанда бір мақсатқа жететіндерін сезіндіру. Әр әрекеттеріне сыни тұрғыдан қарау, кері байланыс жасауға қалыптасу. Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру. Ұстанымды еске түсіруді ескертеді. Жіпті оқушыларға ұсынып: Синтаксистің қандай тарауын бастадық? Құрмалас сөйлем деген не? Түрлері? Салаластың түрлері? Мағыналық түрлері? Ыңғайлас салаластың түрлері? Қандай жалғаулық шылаулары бар? Қолданылатын тыныс белгісі? 1.Оқушылар ынтымақтаса бір-бірін қолдайды: Құрмалас. (Ережесін еске түсіреді). Салалас. Сабақтас. Аралас. Жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас. Ыңғайлас салалас. Және, да, де, та, те, әрі,-деген ықтимал жауаптармен тор жасауы керек.
2. Сыни тұрғыдан ойлана, «жауапқа не себепті бір жіптің ұшынан ұстай өрмектеумен жауап берілді?» сұрағына жауап береді. Тамаша!
Бәрекелді! Жіп.Ұстаным.
«Бір қадам артқа»
Мақсаты:үй тапсырмасын тексерумен, өткен тақырыпты бекіту. «Менің сыныптас достарым» тақырыбындағы әңгімелерін тексереді, суммативті бағалайды. Әңгімелерін оқиды, қолданған ыңғайлас салалас сөйлемдерін талдайды, жазбаша бағалауға ұсынады. Суммативті бағалау. Оқулық, ереже.
Жаңа білімді игеру.
Тұсаукесер. «Миға шабуыл»
Мақсаты: метакогнитивтік тұрғыдан өзін-өзі реттеу мен бақылауды қалыптастыру (білу, түсіну). Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге бағыттау. Жасалу жолына көмекші нұсқау кесте әзірлейді. Ойшақырумен танысады, өз пікірін білдіреді. 2. Ережемен танысады. 3. Жасалу жолымен танысады. Жеке жұмыс.
Өзін-өзі бағалау. АКТ, слайд1
Қосымша1
«Жұптас, ойлан, бөліс» стратегиясы.
Мақсаты: жаңа білімді қолданып, талдауда ынтымақтасу «А,Б,С» бақылайды
150-жаттығуды орындауда сыни тұрғыдан ойлана диалогпен әрекеттесуін қадағалайды. Сөйлемдерді эксперименттеу үлгісін ұсынады. 150-жаттығудағы мәтінмен танысады. 2. Үш оқушы 3 абзац бойынша мазмұнына байланысты бір-бір салалас құрмалас сөйлем құрайды. 4. үлгі бойынша эксперименттеп, сөйлемдерін түрлендіреді. Мұғалім түрлі көңіл-күйдегі смайликтермен топ жұмысын бағалайды. Қосымша2 және жаттығудан таратпа
Сергіту сәті: «Жұмыр қылыш»
Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту. Ұйымдастырып, балалармен бірге сергумен ынтымақтастық атмосферасын орнатады. Бейнетүсірілімдегі қимылды қайталап сергиді. Тамаша! АКТ
«Венн диаграммасы»
Мақсаты: алған білімдерін жинақтау, бекіту. Ыңғайлас салалас пен себеп-салдар салаластың ұқсастығы – айырмашылығын ажырату тапсырмасын ұсынады. Бірін-бірі оқыту, дамытуға атсалысу.Топтасады.
Салыстырады, қорғайды,бағалайды. Жапондық бағалау. желім, стикер,музыка, флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы.
«Тест»
Мақсаты: алған білім дәрежелерін анықтау. 5-6 сұрақтан тұратын тест әзірлейді. Тестпен жеке жұмыс. Суммативті бағалау. Қосымша3
Рефлексия «БҮБ»
Бағалау парағын толтырту. Бағалау парағын толтырады. жазбаша бағалау Кері байланыс парағы.
Үйге Ереже, 154-жаттығу. Өлең мәтінімен танысып, осы бағытта өлең не шағын әңгіме жазу.
Қосымша2
тапсырма мысалдар
Салдар-себеп Сырыңды досыңа айтпа, оның да досы бар.
Себеп-салдар Оның да досы бар: сырыңды досыңа айтпа.
Жалғаулықты себеп-салдар Сырыңды досыңа айтпа, өйткені (себебі, неге десеңіз)оның да досы бар.
Жалғаулықты салдар-себеп Оның да досы бар: сондықтан (сол себепті) сырыңды досыңа айтпа.
Қосымша3
Тест
1) Ержан қаламымды қиылып сұрап алды, сондықтан естігенімді қарындашпен түсіруге мәжбүр болдым. Салалас қалай орналасқан? А) себеп-салдар; Б) салдар-себеп.
2) Бұл шаруа Керімге тапсырылды... ол жер жағдайын жақсы біледі. Салалас қалай орналасқан және қандай шылау қоюға болады? А) себеп-салдар, шылауы - сондықтан, сол себепті; Б) салдар-себеп, шылауы – өйткені, неге десеңіз
3) Бұл шаруа Керімге тапсырылды... ол жер жағдайын жақсы біледі. Қандай тыныс белгісін қоюға болады? А) үтір; Б) қос нүкте.
4) Ол жер жағдайын жақсы біледі... бұл шаруа Керімге тапсырылды. Қандай тыныс белгісін қоюға болады? А) үтір; Б) қос нүкте.
5) Қай шылау қолданылады? Себеп мәнді жай сөйлем.....салдар мәнді жай сөйлем. а)сол себепті, сондықтан; б) себебі, өйткені, неге десеңіз
6) Қай шылау қолданылады? Салдар мәнді жай сөйлем........себеп мәнді жай сөйлем. а)сол себепті, сондықтан; б) себебі, өйткені, неге десеңіз
Таратпа2, 150-жаттығу
Шешемнің замандасы еді. Біздің үйдің қыр жағында тұрады.Ақарлы-шақарлы, бала-шағасы көп адам.Ерінен ерте айырылған. Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт жоғалған. Тастай батып судай сіңіп кеткен. Әйтеуір, ұлдары ересек, үлкені үйленген, одан үш-төрт немересі және бар. Ертеден қара кешке дейін есік көзінде көзі басқышта, тулақтың үстінде ұршық иіріп отыратын Күлпәштің екі көзі біздің үйдің түтінінде.
Табиғатынан қыдырмашы адам болған соң, көрші-қолаң оны жақтыра қоймайтын. Бірақ сумақайлығы, ауыл үйді бір-біріне айдап салар айтақшыл өсек-аяңы жоқ әйел. Тек біреудің үйінде жаңалық болса естімей, алыстан ағайындары келіп жатса, барып есендеспей отыра алмас еді. Жіп иіретін ұршық – Күлпәштің жан жолдасы, түнде басына жастап ұйықтайды екен. Қашан көрсеңіз де, шынтағын шошайтып, созақтата жіп иіріп шаншылып отырғанын көресің.
Дегенмен, түтін шыққан үйді аңдып, ыстық тамағының үстіне дәл түсетін әдеті бары рас. Жұрт Күлпәштің осы мінезінен зәрезап болатын. Бағзы заман емес, қазіргі ағыл-тегіл тоқшылық уақытта, бала-шағаңнын ортасында оңашаланып, аузына енді ала берген асыңа бір емес, екі емес, ортақ бола берген адамды-атаң болса да жақтырасың ба,тәйірі.Бірақ жұрттың күңкілін, қыржың-тыржың теріс қабағын Күлпәш қаперіне де алмайтын.
- bekmoldina.roza
- 16 марта 2015
- 3270
- 0

