Ғылым таппай мақтанба
Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы
Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лекеров Аймырза Лекерұлы
Күні________ Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9д
Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба». Қара сөздер.
Сабақтың мақсаты: Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік
беріп, өлеңдері мен қарасөздерін салыстыра отырып, оқушы
санасына сіңіру, өлең мен қарасөздердің мазмұн бірлігін, сабақтастығын түсіндіру.
Әр оқушының өзіндік ой- қиялына ерік беріп, өзінше ой
қорытуына баулу, шығармашылық жұмыстарға жұмылдыру
арқылы таным- түсініктерін дамыту.
Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін салыстыра отырып
оқушыларды адами қасиеттерге баулып, азаматтық бейнесін
қалыптастыру.

Көрнекілігі: Абай портреті, слайд.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу. Сұрақ- жауап. Салыстыру. Талдау.

Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу.Түгелдеу. Оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Ә) Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Балалар, бүгінгі сабақты халқымыздың дана да, дара ұлдарының бірі Абай Құнанбай ұлына арнамақпыз. Жыр алыбы Ж.Жабаев Абай суретін көргенде:

Мыны тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?- деп айтқан екен.

Абай туралы бар білетінімізді ортаға салып, Абай өміріне шолу жасайық.
Абай кім ? Ол қай жерде туған? Қай жерде оқыған? Абайдың әкесі кім, ол қандай адам болған? Абай ертегі, жырларды кімдерден тыңдап өсті? Абай тек өлең жазумен ғана шұғылданды ма?

Абай 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс тауының баурайында (қазіргі ШҚ облысының Абай ауданында) дүниеге келді.