Бағдарлама
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы- өзінің ісі,өмірін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол,мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.Ал ойла-пайымды,білімді,мәдениетті,іскер,еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениеттің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оның бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік,білім-танымдық рөлі орасан зор.
Өзге халықтар сияқты,қазақ елінің тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар.Аға буын өз бойындағы ізеттілік,қайырымдылық,кішіпейілділік,әдептілік,елін-жерін ,Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп,қаны мен жанына сңіріп келеді.Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап,оның есейіп,қартайып,о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті,басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы-салт-дәстүрлерден өзекті орын алып,адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі.Өз ұрпағының «сегіз қырлы,бір сырлы»,өнегелі,өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен нәсихаттады.
Әсіресе,«Өнер алды-қызыл тіл»,»Жер астында жатқанды-қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді құралы,ақыл-ойдың асыл қоймасы дер таныды.Қазақтың айтыс өлеңдерінде,терме-толғауларында, бесік жырларында,ертегі,аңыз-әңгімелерінде,мақал-мәтел, нақыл сөздерінде ел тағдыры,келер ұрпақ қамы,бас бостандығы,адамгершілік,ар-ождан мәселелері жан-жақты сөз болып,дидактикалық ақыл-өсиет,насихат түрінде айтылып,ол халықтың кыз ұзату,келін түсіру,шілдехана,баланы бесікке салу,өлікті жөнелту сияқты дәстүрді жиындарында марапатталып келді.Сол арқылы көпшілік қауымға,әсірісе жастарға өнег айту,тәлім-тәрбие беру көзделді.
Елімізді ежелден дәріптеп,қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу,болмысын тану,оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп,өнеге тұтпай тұрып,жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес.Себебі Л.Н.Толстой айтқандай:»Өткенді жақсы білмейінше,келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеуі соқпақ іздеп адасумен пара-пар».
Қазақ халқының салт-дәстүрлері үйірме бойынша оқу жүктемесі; аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
I тоқсанда – 9
II тоқсанда – 7
III тоқсанда – 10
IV тоқсанда – 8
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар .
Үйірме :Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
6-сынып
Тақырып Әдебиет Автор Грамматика Күні
1.Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Ұрпақ тәрбиесі-ұлағатты іс. Ф.Қ.Берікболова Көптік жалғау
2.Сәбидің бір жасқа дейінгі кезеңі. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. С.Қалиев,М.Оразаев,
М.Смаилов Алматы “Рауан”1994 Жіктік жалғау
3.Жеті,тоғыз,он екі,қырық сандарына байланысты ырымдар. Қазақтың ою өрнектері.
Қазақша мал атаулары. Т.Парлак
А.Әбдрахманов Тәуелдік жалғау
4.Баланың дене бітіміне байланысты сындар мен тыйым сөздер. Шығармалары Абай Құнанбайұлы Алматы “Жазушы”1968 Сұраулық шылаулар
5.Тұрмыс салт-дәстүрлері. Таза бұлақ Ы.Алтынсарин Алматы “Жазушы”1988 Етістік
6.Қазақтың баспанасы-киіз үй Әдептен озбайық М.Аасамаа Алматы “Рауан”1990 Зат есім
7.Киіз үйдің жиһаздары және ұлттық киімдер Шығармалары Ж.Аймаутов Алматы “Жазушы”1989 Сын есім
8.Қазақтың зергерлік қол өнері Кун мен көлеңке С.Ақатаев Алматы”Жалын”1990 Есімдік
9.Қазақтың тағамдары,дастарқан мәзірі. Ақ сандық,көк сандық Алматы,”Жалын”1988 Етіс
10.Шаруашылыққа қатысты салт-дәстүрлер. Қазақ халқындағы отбасы мен неке Х.А.Арғынбаев Алматы,”Ғылым”1973 Есімше
11.Ата кәсіп Асыл сөздер Б.Ысқақов Алматы,”Жалын”1987 Көсемше
12.Жылқы-малдың патшасы Шуақты күндер З.Ахметова Алматы “Жалын” Үстеу
13.Туйе,түйе, түйелер! Әдебиет тарихы М.Әуезов Алматы “Ана тілі”1991 Фразеологизмдер
14.Сиыр бақтым,садақ қақтым. Шығармалары А.Байтұрсынов Алматы жазушы 1989 Стильдер туралы түсінік
15.Арпа,бидай-ас екен Қазақ халқының ауыз әдебиеті Алматы “Мектеп”1987 Сөз тудыратын жұрнақтар
16.Балық жеген бағыспас Шығармалары М.Дулатов Бастауыш пен баяндауыш
17.Аң аулау саят құру Аламан Х.Досмұхамедұлы Сөз құрамы
18.Әлеуметтәк-мәдени салт-дәстүрлер Алматы.”Жазушы”1991 Кеңсе стилі
19.Қазақ ауылы-рулық қоғамдағы бірлестік Есіміңіз кім? Т.Жанұзақов Алматы “Жазушы”1989 Заң терминдері
20.Туыстық қарым-қатынас Шығармалары М.Жұмабаев Алматы”Жазушы” 1989 Қазіргі қолданыста ғы жаңа сөздер
21.Өнер алды-қызыл тіл Шығармалары М.Жұмабаев Алматы “Жазушы”1989 Шешендік сөздер
22.Ақындар айтысы Қазақ халқының Фонетика
23.Қазақтың музыкалы аспаптары Салт-дәстүрлері С.Калиев,М.Оразаев, Екпін түспейтін қосымшалар
24.Үйлену және үй болуға байланысты салт-дәстүрлер М.Смайылова Алматы “Рауан”1994 Лексика
25.Құда түсу Қазақ тілі Ш.К.Бектұров,Ш.К.Бектұрова Алматы 1998 Сөз құрамы
26.Жаушы жіберу Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде Республикалық ғылыми-педагогикалық басылым Морфология
27.Құдаларды қарсы алу Қазақ тілі мен әдебиеті Республикалық ғылыми-әдістемелік Етістіктің шақтары
28.Есік-төр көрсету Орта мектепте Және педагогикалық журнал Сөз таптары
29.Қалыңмал мен кәделер Қазақ тілі мен әдебиеті Республикалық ғылыми-әдістемелік Салалас құрмалас сөйлем
30.Жасау Қазақ,орыс сыныптарында Және педагогикалық журнал Сабақтас құрмалас сөйлем
31.Келін түсіру тойы Внеклассная работа в школе Республиканский педагогический журнал Тыныс белгілері
32.Наурыз мейрамы және бата-тілектердің мән-маңынасы Қош келдің Наурыз! “Ақ Орда” ”Өлке” баспасы Алматы қаласы1993 Үстеу
33.Діни мейрамдар Көркем сөздің Қуандық Машқұр Оқшау сөздер
34.Бүгінгі күннің салт-дәстүрлері құдіреті Жүсіп Павлодар университеті,2000 Еліктеу сөздер
- Жанара
- 24 февраля 2015
- 3854
- 0

