Асан қайғы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатын айту.
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуымен бірге көшпенділер әдебиеті, яғни жыраулар поэзиясы дүниеге келді. Жыраулар поэзиясы несімен құнды? Халқымыздың басынан кешірген тарихи оқиғаларды, қилы-қилы заманды, оның басына түскен ауыртпалықты жырлауында емес, елдің саяси- әлеуметтік дүниетанымын, ой-санасын көркем тілмен көрсете білуінде. Сондықтан да Ш.Уалиханов жыраудың ой-толғанысының тереңдігін бағалап, «Даланың ұлы философы» деп таныған.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Асан қайғы» деп аталады. Ғасырлар тұңғиығынан өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен бағалы еңбектерін ел аузынан жинап алып, жүйеге түсіру ісіне талпыныс ХІХ ғасырдың үлесіне тиді.Ал оны жинап, зер салу ғалым Ш.Уалихановтың маңдайына жазылған екен. Біз ғалымның берген осы анықтамасының дәлдігін сабақ барысында ашуға талаптанамыз.
- Қайғы, көшпелі деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Сөздердің мағыналары анықталады.
Енді, балалар, «...Таза мінсіз асыл сөз
Шер толқытса шығады» деп Асан атамыз айтқандай бұл толқытқан шер не еді? Оның асыл сөздерін тудырған қандай мұң еді?
- Жеке басының қайғысы ма?
- Жоқ.
Асан қайғысы – бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі болашақтың қиялын ойлағандықтан қайғы. Асан мұңы – өмір мен жалпы тіршілік атаулының өзекті мәселелеріне жауап іздеген заман сыншысының мұңы. Ондай болса, сендерге Асан атаның өміріне, толғауларына, аңыздарына зерттеу жұмыстарын жүргізіп келу тапсырылған болатын.
Зерттеу жұмысымызды бастамас бұрын, сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Жырау дегеніміз кім? Жыршы дегеніміз кім?...
ІІІ.Зерттеу тапсырмасы
І зерттеуші: Асан қайғының өмірі бойынша зерттеу жұмысы.

ІІ зерттеуші: «Еділ бол да, Жайық бол» толғауына тоқталу.

ІІІ зерттеуші: Асан атына «қайғы» сөзінің қосылуы туралы зерттеу жұмысы.
IV зерттеуші: Асан қайғы туралы аңыздарға тоқталу.
(Асан қайғының жүріп өткен жерлерін картадан көрсету).
Балалар, Асан тек бізге толғауларын ғана емес, күйлерін де қалдырып кеткен. Соның бірі, «Желмаяның жүрісі» күйін қысқаша тыңдап көрейік.
IV. Талдау
Енді, хрестоматия кітаптарыңнан Асан қайғының «Бұл заманда не ғаріп» толғауын мәнерлеп, түсіне оқи отырып, сатылай талдау жүргіземіз.
Тақырыбы: «Не ғаріп?»

Жанр түрі: толғау

Идеясы: әр нәрсенің өз қадірі, өз орны барын, сол барды бағалай білуі керектігі айтылады.

Тармақ саны: 18

Бунақ саны: 2

Буын саны: 7-8 буын

Ұйқас түрі: шалыс ұйқас

Түсіндірме сөздік:
«ғаріп» -араб сөзінен алынған – мүсәпір;
мүрит – діни лауазымды адамдарға қол тапсырып, соларды дәріптеуші
шәкірт, ізбасар;
азғын – азып-тозған, елге, жолдас-жораға опасыздық жасаған сатқын адам;
пір- діни сөз, қолдап-қорғаушы рух.
Толғаудың негізгі түйіні: әр нәрсенің өз қадірі болса да ер жігіттің өз халқымен, өз жерімен бірлікте болуына тілек қосады.Бүгінгі алған білімімізді мына кестені толтыру арқылы қорытындылаймыз.
Мысалдар Тапсырма Түсінік, сараптама
Білім
Түсінік
Қолдану
Ұғу
Баға
Бүгін жаңадан қандай жаңалық алдың?
Алған біліміңді түсіндің бе?
Түсінгеніңді немен дәлелдейсің?
Алған, түсінген біліміңді қалай қолданар едің?
Нені ұға алмадың, жете түсінбедің?
Өзіңе-өзің баға бер,шешіміңді білдір.
Үйге тапсырма: «Көлде жүрген қоңыр қаз» толғауын жаттау. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Бай баласы мен жарлы баласы

Бай баласы мен жарлы баласы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: әңгіме сюжетімен тереңірек танысып,әңгіменің тақырыбы мен жазушының негізгі идеялық мұратын шығармасына сүйене...
М.Жұмабаев

М.Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі

CҚО , Петропавл қаласы «БЭСТ» гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Таймуллина Бақытгүл Қайроллақызы Қазақ әдебиеті 7- сынып Сабақтың...
М.Жұмабаев

М.Жұмабаев "Сүйемін" өлеңі

CҚО , Петропавл қаласы «БЭСТ» гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Таймуллина Бақытгүл Қайроллақызы...
Қазыбек би мен Бұқар жырау

Қазыбек би мен Бұқар жырау

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шораева Бибигул Сабақтың тақырыбы: ...
Аяласаң, табиғатты аяла!

Аяласаң, табиғатты аяла!

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Игибаева Мандайлы Сабақтың тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла!...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру