Бай баласы мен жарлы баласы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: әңгіме сюжетімен тереңірек танысып,әңгіменің тақырыбы мен жазушының негізгі идеялық мұратын шығармасына сүйене отырып ашу. Кейіпкерлер жүйесін талдауға жаттықтыру.
2.Дамытушылық: оқушыларда өзіндік талдау,жинақтау жасауға,ойлай білуге дағдыландыру,өз ойын анық,толық жеткізе білуге төселдіру.
3.Тәрбиелік: әңгіме арқылы оқушыларды адамгершілікке,еңбексүйгіштікке,достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі: Ойшақыру, топтастыру, сұрақ – жауап, СТО стратегиялары.

Көрнекіліктер:Ыбырайдың портіреті,интерактивті тақта, видиоролик

Сабақтың ұраны:
- Әрбір адам?
- Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ?
- Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісім?
- Тірлік,тірек, адамдық.
- Әрбір сөзім?
- Шындық, бірлік, адалдық


Физминутка өткізу: Две половинки 2мин
Мақсаты: екі адам арқашанда бір-біріне тірек,көмекші.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы:Ы.Алтынсарин- шағын әңгіме шебері.Бай баласы мен жарлы баласы
Мақсаты:Әңгіменің сюжетімен тереңірек танысып,шығарманың негізгі идеясын ашу. Басты кейіпкерлерді талдап,жазушының шеберлігін анықтау.
3. Ой шақыру.
-Балалар ,біз Ыбырай Алтынсарин туралы және оның жалпы еңбектері туралы өткен сабақта
айтып өттік..Енді Ыбырай Алтынсарин кім,қандай адам болған,қандай игілікті істер атқарды? Міне,осы туралы ойымызды жинақтап,ортаға салайық.
Ассоциация:


І. Мұғалім:-Үйде «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесін толық оқып,танысып келеді.
Әңгімені мұғалім толық оқиды,түсініксіз жерлеріндегі сөздерді оқушылар анықтап отырады.

ІІ.Сөздік жұмысы:




Кейіпкерлер
1. Асан
2. Үсен
3. Үсеннің әкесі
4. Малшылар
 Мақсаты: оқушылар әңгімені қаншалықты түсініп оқығандарын анықтау .



ІІІ. «Мәтін бөліктері»-оқушылар 4 топқа бөлінеді. Түстер арқылы
1- «Кіріспе»; 2-«Негізгі ой»; 3-«Қорытынды»; 4-«Толықтыру» .Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастайды. «Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін сөз алады.
Дайындыққа – 10минут уақыт беріледі.
 Топқа бөлу –
 Топ ішінен тағайындалады:
-хатшы
-баяндаушы
-таймер

А) мәтінді пайдалана отырып,жауап беріңіздер.

«Екі жақты жазба күнделігі» стратегиясы
Оқиғалар


Кейіпкерлердің іс-әрекеті
( действия героев)

Үсен Асан
Мысалы: Ең маңызды жерлерін түртіп алу.
1.Ауылдың көшіп кетуі
2.Балалардың үйрекке кез болуы
3.Түскі тамақ
4.Балық аулау
5.Далада өткен түн
6.Балалардың ауылға келуі


Бұл әңгімеде екі баланың басынан өткендері айтылған.Олар-Асан мен Үсен
Асан-бай баласы.Үсен -жарлы баласы.Ел көшіп кеткенде,Асан не істерін білмей,жылай бастайды.Ал Үсен жыламай,дереу іс-әрекетке көшеді.
Еңбекке үйренген кедей баласы Үсен өте тапқыр болып суреттеледі.Ол малдың ізі,тезегі арқылы көш қайда кетті,соны табады.Ескі жұрттан ине,пышақ,қыл тауып алады.Қарны ашқан Асанды тамақтандырады.Ептілігі сондай-үйрек ұстайды,от жаға біледі,балық аулайды.
Асан болса: «Үйректі тірі алып,ойнап барайық»-дейді.Қалай пісіріп жеуді білмей абыржыды.Далада жатқанына қарамай,үйдегі қалыбынша қатты ұйықтап қалады.
Көшті таба алмай,шаршаған кезде молаға тап болады.Әкесінің айтқандары есіне түседі,мола бар жерде су болатынын,ал сулы жерге ел қонатынын аңғарады.Үсеннің ақылдығымен,еңбекқорлығымен олар жұртты табады.
Егер Үсен болмаса,Асан далада қалар еді
Ойынның соңында:
 берілген кестеге қарап шығу
 берілген ақпаратпен салыстыру
 қай топ неғұрлым анық айтқанын анықтау
 бағалу ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру