Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестені есептеулерге қолдану кестедегі
формулалар. Функцияларды қолдану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Функциялардың мәндерін кесте ішінде есептеуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой еңбегін дағдылауға, өз бетімен жұмыс істеуге,
еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойлау шеберлігінің, түйсіктің және естің дамуы; дамыта оқыту
негізінде оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: дербес компьютерлер, интерактивті тақта, тест тапсырмалары т.б.
Пәнаралық байланыс: экономика, математика, орыс тілі т.б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесемін. Кезекшіден оқушылардың бар жоғын сұрастырып, түгендеймін. Түгендеп болған соң оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп қадағалаймын. Оқу құралдарын, компьютерлерді қосып дайындауларын сұраймын.
II. Үй тапсырмасы.
«Терезені құрастыру( ойынын ойнайық)
Терезенің әр элементінен таныстыра отырып тезені құрастыру қажет: толық терезені құрастыру арқылы жаңа сабаққа көшеміз.
III. Жаңа сабақ
Ms Excel бағдарламасы қарапайым есептеулерді оңай орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Алу, қосу, азайту және бөлу амалдарынан басқа, бұл бағдарлама мәндер жинағының орташа арифметикалық амалдарын математикалық финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың ауқымды жиыны ендірілген.
Өрнек- бұл Excel бағдарлаасы орындайтын жазылған есептеулер. Ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны еске сақтап қалады, бірақ ұяшықтың өзінде есептеу нәтижесі ғана көрініс табады.
Ехсеl бағдарламасында өрнектің барлығы «=» теңдік таңбасынан басталады.
Өрнекті көру үшін осы өрнек орналасқан ұяшықты шерту керек. өрнек өрнектер өрнектер жолағында көрініс табады. Өрнекті енгізу аяқталғаннан кезде ұяшықта оның өзі емес, осы өрнек бойынша
Ехсеl бағдарламасындағы өрнектерді өңдеуге болады. Мысалы, өрнектегі қатені түзету үшін өрнекті шертіп, өрнектің жолындағы Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады және мынадай түрде жазылады:
Бірқатар функциялар
МАКС (тізім) - тізімдегі ең үлкен (максимум) шаманы табады.
СУММ(тізім) -көрстеілген тізімнің қосындысын есептейді.
Мысалы, СУММ(А1:А300) функциясы А1.А300 аралығындағы ұяшықта орналасқан мәндердің қосындысы табады.
Қосу функциясы өте жиі қолданылатындықтан, оған саймандар тақтасында yавтоматты түрде қосу батырмасы меншіктіеліп қойылған. Қосу амалын жылдам орындау үшін осы батырманы пайдалануға болады .
Формулаға Excel программасында қолданылатын кез келген функцияны енгізу үшін, Енгізу, Функциялар (Вставка,Функций) командасын орындаймыз немесе саймандар тақтасындағы fx. Батырмасын шертеміз.
ІҮ. Компьютермен жұмыс
1- жаттығу
Мына кестеде орналасқан ақпараттарды толықтыра отырып АВТОТОЛТЫРУ көмегімен және функциялардың түрімен жұмыс жасау
Студенттер туралы ақпарат
№ Студен/дің Мекен-жайы Байланыс Тобы Қызығушылығы Қандайбағд/да
аты-жөні телефон жұмыс жасай аламыз
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
2-жаттығу..
Дүкенде, прайс-листе көрсетілгендей компьютер бөлшектері сатылады. Олардың бағасы долларда көрсетілген. Осы кестені пайдалана отырып теңге валютасына ауыстырып, тауардың құнын есептеңіз.
1. Келесі кестені құр:
A B C D E
1 Доллардың курсы 182
2
3
4
5 Прайс-лист
6 Товардың аты бағасы ($) саны бағасы (теңге) құны (теңге)
7 3,5" дискеталар 0,3 21
8 5,25" дискеталар 0,25 56
9 3,5" дискет үшін қорапша 2 3
10 5,25" дискет үшін қорапша 2,5 6
11 Тышқан 8 1
12 Тышқан 13 0
13 Тышқанға арналған кілемше 2,5 1
14 Парақты ұстаушы (холдер 1 0
15
16 Жалпы құны (теңге):
17 Жеңілдікті есептегендегі
сумма:
2. «Баға (тенге)», «Құны (тенге)» бағандарына формула енгізе отырып толтырыңыз.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
1-Тест
1. Microsoft Office Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?
Я) Пуск – Программалар – Стандартный-MS Word командаларын орындау арқылы
И) Файл – Программалар – Microsoft Office-MS Word командаларын орындау арқылы
Ф) Пуск – Программалар – Microsoft Office-MS Word командаларын орындау арқылы
2. Пішімдеу дегеніміз не?
Н) Мәтіндерге қандайда бір жүргізілетін әр түрлі әрекеттер
Р) құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтін
Е) суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақта
3. мына қатар не деп аталады:
П) қатарлар жолы
М) құжаттардың құрылымы
К) Бағандар
4. Кесте дегеніміз не:
У) Мәтіндерге қандайда бір жүргізілетін әр түрлі әрекеттер
Ц) бағандар мен қатарлардың реттеліп берілуі
Т) суреттері бар батырма
5. Құжатты сақтау командасы:
Е) Правка-Сохранить
Л) Вид-сохранить
И) Файл-Сохранить
6. Microsoft Excel бағдарламасының ұяшықтарының саны:
Я) 16777216*
А) 1987565
У)
2-Тест
1. Microsoft Office Excel мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?
Е) Пуск – Программалар – Стандартный-MS Excel командаларын орындау арқылы
И) Файл – Программалар – Microsoft Office-MS Excel командаларын орындау арқылы
Ф) Пуск – Программалар – Microsoft Office-MS Excel командаларын орындау арқылы
2. Пішімдеу дегеніміз не?
Н) Мәтіндерге қандайда бір жүргізілетін әр түрлі әрекеттер
Р) құжаттардың кез келген түріне өзгеріс енгізу жолдары
Е) суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақта
3. мына қатар не деп аталады:
П) қатарлар жолы
М) құжаттардағы беттер
К) құжаттар тізімі
4. Баған дегеніміз не:
У) Латын әріптерімен белгіленген қатарлар
Ц) бағандар мен қатарлардың реттеліп берілуі
Т) суреттері бар батырма
5. Құжатты баспаға шығару командасы:
Е) Правка-Печать
Л) Файл-Печать
И) Файл-Сохранить-печать
6. Microsoft Excel бағдарламасы қанша қатардан тұрады:
Я) 16777
А) 65536
У) 256
3-Тест
1. WordPad мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?
Я) Пуск – Программалар – Стандартный- WordPad командаларын орындау арқылы
И) Файл – Программалар – Microsoft Office-MS WordPad командаларын орындау арқылы
E) Пуск – Программалар – Microsoft Office-MS WordPad командаларын орындау арқылы
2. Ақпарат дегеніміз не?
Н) Мәтіндерге қандайда бір жүргізілетін әр түрлі әрекеттер
Р) құжаттардың кез келген түріне өзгеріс енгізу жолдары
Е) сандар және таңбалармен берілетін ақрпарат
3. мына қатар не деп аталады:
П) формулалар қатары
М) құжаттардағы беттер
К) құжаттар тізімі
4. Қатар дегеніміз не:
У) Латын әріптерімен белгіленген қатарлар
Ц) бағандар мен қатарлардың реттеліп берілуі
Т) Сандармен белгіленген сандар тізбегі
5. Сақталған құжаттарды ашу командасы:
Е) Файл-Открыть
Л) Файл-сохранит
И) Файл-Создать-Открыть
6. Microsoft Excel бағдарламасы қанша бағаннан тұрады:
Я) 16777
А) 65536
У) 256
ҮІ. Оқушыларды бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма
Тақырыпты кең көлемді оқып келу


