Paint графикалық редакторында сурет салу
Paint  графикалық редакторында сурет салу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторында сурет салу, сақтау
және ашу.


Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Графикалық редакторды не үшін қолданылатынын және оның мүмкіндіктерін түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Сурет салуды және оны редакциялауды түсіндіріп, көрсету арқылы ой-өрісін тереңдету.
б) Тәрбиелілік: Адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-мысалды әдіс

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Сабақтың типі: Практикум элементтері барын түсіндіріп көрсету

Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, ребустар, Paint терезесі салынған плакат, құрал-саймандары.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- амандасу
- түгендеу
- оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Графикалық редакторда өз бетінше еркін жұмыс істеуге үйрету.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
1. Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі бар. Нүктелік графикалық редакторларда кез-келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер(мозайка) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint – ағылшынша сурет, бұл нүктелерден тұратын бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Paint – Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редактордан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, суреттерді, сызбаларды, (чертеждар) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.
2. Редакторды іске қосу үшін:

ПУСК ПРОГРАММЫ СТАНДАРТНЫЕ PAINT
(Іске қосу) (бағдарламалар) (стандартты) (Paint)

Команда орындалғаннан кейін, экранға Paint терезесі шығады.



Терезе құрамында бізге осыған дейін таныс элементтер мен жаңа элементтер ( тақырып жолы, меню жолы, жұмыс аумағы, жалпы жағдай және құралдар тақтасы, палитра) кездеседі.
Жұмыс аумағы – салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы.
Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында құралдар тақтасы орналасқан. Paint редакторында 16 құралды пайдаланамыз. Кез-келген құралды таңдау үшін құрал белгісіне курсорды алып барып, бір рет шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған құрал бейнесі айқын түспен ерекшеленеді.
Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint –та бір уақытта екі түспен сурет алуға болады: қалам түсімен ( оны негізгі түс деп атаймыз), және фон түсімен (фондық). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі – негізгі, ал астыңғысы – фондық түстерді көрсетеді. Кез-келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар, ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып, негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы – фондық түсті өзгертуге болады.
Құралдар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болда. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:
- аэрозоль балонының сиясының ені,
- өшіргіш /ластик/ ені,
- бояуыш немесе қылқалам /кисть/ ені.
Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Айналдыру жолақтарын пайдалану арқылы терезенің төменгі, жоғарғы жақтарын көруге болады. Қалып-күй жолында меңзердің пиксельдеріндегі координаттарын пайдалануға болады.
Графикалық редакторында суретті сақтау үшін Paint Қалай сақтау бұйрығын орындау арқылы немесе жылдам қолжеткізу тақтасынан Сақтау батырмасын басу арқылы орындауға болады.
Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. Paint батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс жасаған болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер (последние изображения) тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйрығын таңдаңдар.

ІҮ. Тексеру сұрақтары.
1. Paint қандай редактор?
2. Paint редакторы іске қалай қосылады?
3. Paint элементтерін ата.
4. Бір уақытта неше түспен жұмыс жасауға болады?
5. Негізгі түс дегеніміз не?

Ү. Бекіту
Тапсырма -1. Құралдарды тап
Тақтаға 16 құралдардың аттары екі қатарға бөлініп жазылып қойылады. Әрбір оқушы өз қатарындағы жазылған сөздің жанына сол құралдардың суреттерін қойып шығуы керек.

Тапсырма – 2 Paint терезесін салу
Оқушылар элементтерді пайдаланып, Paint терезесін салып шығуы керек.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма. §14 тақырыпты оқу ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру....
Мәтін үзінділерімен жұмыс

Мәтін үзінділерімен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Мәтін үзінділерімен жұмыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Word Pad мәтіндік бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін...
PAINT графикалық редакторын қорытындылау

PAINT графикалық редакторын қорытындылау

Тақырыбы: PAINT графикалық редакторын қорытындылау Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Білім алушылардың PAINT графикалық редакторында жұмыс жасау...
Раіnt графиктік редакторы

Раіnt графиктік редакторы

Сабақтың тақырыбы: Раіnt графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал - саймандар тақтасы. Палитра. Сурет салу кезеңдері....
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері

Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері

Үлгілі сабақ Күні: 6.12.2014ж Пәні: Информатика Сыныбы: 6 «а,ә,б» Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. ...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру