ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары (слайдымен)
ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары

Сабақтың тақырыбы: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дербес компьютердің заманауи даму бағыттары және Джон фон Нейман принциптері жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды компьютердің қосымша құрылғылармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ («Өзіңді тексер!» тесттік жұмыс, тірек - сызбалар, «Әр сұраққа – бір жауап» ойыны, «Синквейн» әдісі, «Көңіл күй нысанасы»)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және тірек - сызбалар көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. «Сәттілік шеңберін құру» оқушылар бір - біріне сәттілік тілейді.
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Өзіңді тексер!» тесттік бақылау жұмысы көмегімен үй тапсырмасын тексеру.
1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?
А) Шоттар В) Арифмометр
С) Калькулятор Д) Серобян
2. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:
А) транзистор
В) интегралдық схема
С) электрондық лампа
Д) үлкен интегралдық схема
3. Алғашқы бағдарламашы кім?
А) Чарльз Беббидж
В) Герман Холлерит
С) Ада Лавлейс
Д) Блез Паскаль
4. Бірінші электрондық компьютер болған есептеуіш машина қалай аталады?
А) АВС В) ДВК
С) БЭСМ - 2 Д) ENIAC
5. Үшінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:
А) транзистор
В) интегралдық схема
С) электрондық лампа
Д) үлкен интегралдық схема
6. Төртінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:
А) транзистор В) интегралдық схема
С) электрондық лампа Д) үлкен интегралдық схема

III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Компьютер компоненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады.

Компьютердің сәулеті – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы.
Егер компьютердің аппараттық бөліктері (компоненттері) арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның сәулетін стандарттық деп атайды.
Компьютерлердің көпшілігі Джон фон Нейманның сәулетіне негізделген және құрастырудың модульдік (ашық сәулет) принципін пайдаланады.
Джон фон Нейманның принциптері:
o Екілік принципі – деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады.
o Программалық басқару принципі – программа бұйрықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі бір ретпен орындайды.
o Жадтың біртектілік принципі – бір жадта программалар да, деректер де сақталады. Деректерге қолданылатын амалдарды бұйрықтармен де орындауға болады.
o Жадтың мекенжай принципі – жады нөмірленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады.
o Тізбектеп программалық басқару принципі – барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң екіншісі орындалады.
o Шартты көшу принципі – программаның бұйрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды. Программада бұйрықтардың тізбектеліп орындалу тәртібін берілгендердің мәндеріне сәйкес өзгертетін шартты көшу бұйрықтары да болуы мүмкін.
Дербес компьютердің (ДК) сәулеті – прцессор, есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ), ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан құрылғылар мен енгізу - шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.
ДК - нің электрондық компоненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады. Ол 3 түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Шинаның сипаттамасы – разрядтылығы.
Аналық тақша – заманауи дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі – екі негізгі үлкен микросызбадан тұрады ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар

Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар

Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар Сабақтың тақырыбы: Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар. Программалық...
Модель және модельдеу

Модель және модельдеу

Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат...
Компьютердің қосымша құрылғылары

Компьютердің қосымша құрылғылары

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға компьютердің қосымша құрылғылары және ақпарат...
Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі

Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік жел. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға...
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі

Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі

Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі Сабақтың мақсаты: Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру