MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері

Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторын терең ұғындырып, берілген тапсырмаларды жазуды үйрету.
Білімділік: Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларға мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа,
шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы
Пәнаралық байланыс: сурет, ағылшын, орыс, қазақ тілдері
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сәлемдесу.
2) Оқушыларды түгелдеу.
3) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
4) Компьютерлерді қосу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Word» файлында жасырылған сұрақтарға жауап беру

Сұрақтар слайдтармен көрсетіледі. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, жауаптарың қате болса қызыл түске боялады
1. Құжаттарды құру, өңдеу, өзгерту және басып шығару үшін арналған кеңселік бағдарлама
1. MS Word қандай редактор?
2. Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою... деп аталады
3. Мәтін бөлігінің көшірмесін алу
4. Құжаттың әрбір бетінің жоғарғы немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет
5. Баған мен жолдан және олардың қиылысуында орналасқан ұяшықтан турады. Бұл -
6. Кесте ішіндегі қозғалыс қандай пернелер көмегімен орындалады
7. Кесте қою тәсілдерін ат

II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа тақырыпты жазбас бұрын оқушылар тақырыпты сұрақтарға жауап беру арқылы ашып аламыз. Ол үшін бізге ағылшын, қазақ тілдерінен біліміміз керек болады.
1. Мәтіндік редактор? – WORD
2. Септік жалғауы? – тың
3. Ағылшынша «grapho» сөзінің қазақша, орысша аудармасы қандай? – графика
4. Сын есім тудыратын жұрнақ? – лық
5. «Возможности» - сөзінің қазақша аудармасы қандай? - мүмкіндіктер

Жауабы: (Word - тың графикалық мүмкіндіктері)

Microsoft word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
• құжаттарды құру және теру;
• қаріптер жиынын пайдалану;
• кестелер, графиктер пайдалану
Мәтіндік процессордың кемшіліктері:
• Математикалық формулаларды енгізу күрделі;
• Растрлық графикаларға арналмаған
Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін Вставка - Рисунок - Картинки... командасын орындау қажет.
А) суреттер...( ClipArt программасы обьектілерінен );
Б) файлдар...( файл түрінде сақталған обьектілер );
В) автофигуралар;
Д) сканерленген;
Е) диаграммалар (Excel электрондық кестесі арқылы тұрғызылған диаграммалар).
Вставка - Рисунок - Картинки... командасын таңдағанда Microsoft ClipGallery диалогтық терезесінде Картинки қосымшасынан және Рисунок категориясын таңдаңдар.
Суретті таңдағаннан кейін Вставить батырмасын шерту қажет. Суретті орналасуын тағайындау үшін Динамикалық менюден Формат рисунка – Положение командасын таңдау қажет. Вид – Панель инструментов - Рисование командасы арқылы түрлі дайын геометриялық фигуралар мен түрлі графикалық әрекеттерді орындауға болады.
Түрлі автофигуралар мен WordArt коллекциясын пайдалануға болады. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау

Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау

Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау...
WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау

WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға WordPad мәтіндік...
Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу

Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және...
Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру

Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру жайлы мәліметтер беру. Құжатқа суреттер енгізу әдіс - тәсілдерін...
Мәтін үзінділерімен жұмыс

Мәтін үзінділерімен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Мәтін үзінділерімен жұмыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Word Pad мәтіндік бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру