Бекишева Кульзия Есеновна
Астана қаласы
№56 мектеп-лицейдің информатика пәні мұғалімі
Сабақ жоспарының үлгісі
Сынып: 9
Астана қаласы
№56 мектеп-лицейдің информатика пәні мұғалімі
Сабақ жоспарының үлгісі
Сынып: 9
Сабақтың мақсаты:
• оқушыларды ақпараттық модель түрлерімен таныстыру, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жайлы түсінік беру;
• формальдау терминін түсіндіру;
• баска пәндерден алған білімдерін қолдануға үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: ақпараттық модель түрлерін, қандай мақсатта қолданылатынын, басқа модель түрлерінен айырмашылығын.
Оқушылар меңгеруі тиіс: ақпараттык модель түрлерін ажырата біліп, мысалдар келті-ре білуі керек.
Корнекіліктер: мұғалім таңдауы бойынша
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
ІІІ..Үй тапсырмасын тексеру
Негізгі түсініктер бойынша оқушылармен сұрақ-жауап арқылы сұхбат жүргізу. Мысалдар келтірту. Үйге жазбаша берілген қосымша сұрактар бойынша өздігінен жауап берем деген окушылардан сұрау. Үй тапсырмасын тексере отырып, білімді өзектендіру.
IV. Білімді өзектендіру
а) Модель түрлерін атау.
ә) Физика, биология пәндерінен статикалық,, динамикалық модельдерге мысалдар келтіру.
б) Осы пәндер курсынан келтірілген модельдердің қайсысын ақпараттық модельге
жатқызуға болады? Неге?
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазіргі кезде компьютерлер дыбыстық, бейне, анимация, мәтін, сызба, кесте, т.б. ақпараттармен жұмыс істей алады. Ғылымның әртүрлі саласында компьютерлік модельдеу күрделі жүйелерді зерттеуде қолданылады. Көне өсімдіктердің, жануарлардың, ғимараттардың образдарын кұруда компьютерлік модельдеудің маңызы зор. Компьютерлік модель¬деу ғылымды дамытудағы керемет құрал.
Абстракты (материалдық емес) модельдер көбінесе ақпараттык модельдер деп аталады. Ақпараттық модель — нысанның қасиеттерін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы ортамен өзара байланыс болып табылады. Бұл тәсіл қоршаған ортамен теориялық түрде танысу әдісі болып табылады.
Ақпараттық моделъдеудің негізі - формальдау! Ақпараттык модельдеу нысанды әртүрлі таңбалар түрінде сипаттайды: әріптер, сандар, картографиялық элементтер, математикалық немесе химиялық формулалар және т.б. Модельдеу нысанының нақты қасиетінен белгілі таңбалар жүйесі арқылы формальды түріне келтіру формальдау деп аталады. Ең формальды ғылым - математика ғылымы.
VI. Жаңа білімді бекіту
Формальдау терминіне тоқталып, оқулықтағы мысалдарды қарастыру арқылы талдау. Формальдау дәрежесі бойынша ақпараттық модельдер таңбалық және образды-таңбалық болып бөлінеді. Мысалы: образды-таңбалықтар геометриялық (сурет, сызба, сұлба, жоспар, көлемді сурет), структуралық (кесте, граф, сызба, диаграмма), алгоритмдік (нөмірленген тізбе, блок-схема, қадамдап жазылған нұсқа), ауызша (қарапайым тілдегі түсініктеме).
Таңбалық модельдер:
Математикалық - өлшемдер байланысы математикалык формулалар арқылы сипатталған.
VII. Қорытынды
Бүгінгі сабақта біздің білгеніміз:
• Акпараттық модель түрі;
Модельдердің компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінетінін;
• Формальдау түсінігі;
VIII. Үйге тапсырма
1. Конспект.
2. Тікбұрышты үшбұрыштың ақпараттық модельдерін ауызша модель, геометриялық модель, математикалық модель түрлеріне келтіру.
3. Компьютерлік жабдыктардың бағасын сипаттайтын кестелік модель құру.
4. Жанұяңның ата-баба-ұрпақ жайлы моделін құру.
5. Компьютерлік сыныптың локальді желісі туралы ақпараттық модель құру.

