Бекишева Кульзия Есеновна[center][/center]
[center]Астана қаласы
№56 мектеп-лицейдің информатика пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты: GIMP программасының интерфейсімен таныстыру
Оқушылар білуі тиіс: GIMP программасы интерфейсінің ерекшеліктерін
Оқушылар үйренуі тиіс: GIMP программасы жұмысын бастау мен аяқтауды, берілген параметрлер бойынша бейнелеулер жасауды, оларды әртүрлі форматта сақтауды, әрекетті қайтаруды
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
II .Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
III. Білімді өзектендіру
-Қандай графикалық редакторлармен сендер таныстыңдар? (растрлық — Paint, векторлык -Inkskape. Окушылар басқа да таныс редакторларды атаулары мүмкін, мысалы, Coreldraw -векторлык, Photoshop - растрлық және т.б.)
Сонымен, бүгінгі сабақтан бастап, растрлык графикалық редакторда жұмыс істеудің тәсілдерін оқып үйренеміз.
IV. Жаңа материалды оқып үйрену
Жетелей сұрақ қою арқылы жаңа материалды түсіндіру:
-Қалай ойлайсыңдар, растрлық графикалык редакторлар бейнелеудің қандай іс-әрекеттерін жасауға- арналған? (сурет салу, фотосуреттерді өңдеу: ұсақ ақуларды жою, түсті жақсарту, ақ-қара түсті өзгерту және т. б.).
-GIMР программа терезесінің негізгі элементтерін көрсетіп, атап беріңдер.
-GIMP программасының төл форматына назар аударыңдар - ХСҒ (eХperimental Computing Facility). (Оны бейнелеулермен жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет болғанда пайдаланады. Басқа графикалык редакторлар бұл форматты қолдамайды.)
Оқушыларға А деңгейінің практикалық тапсырмасын орындауды ұсыну. Қажет болған жағдайда мұғалім немесе басқа оқушылар көмек көрсете алады.
V. Жаңа материалды бекіту
Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды
VI. Қорытындылау
Практикалық жұмыстардың орындалуын бағалау
VII. Үй тапсырмасы
§27 оқу, бақылау және тест сұрақтарына жауап беру, тапсырмалар орындау.
Келесі сабақта практикалық жұмысты орындауға арналған кез -келген фотосуреттің электрон-
дық нұсқасын дайындап келу.
- kulzia
- 10 апреля 2015
- 2049
- 0

