Қара жәшік
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№13 бастауыш мектептің информатика пәні мұғалімі Маржан Турмагамбетова

Өтетін сыныбы: 4 «А» гимназия

Сабақтың тақырыбы: «Қара жәшік»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін
тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
ә) дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін
дамыту, өзара көмектесу, қабілеттерін дамыту,
шығармашылық қабілетін арттыру.
б) тәрбиелілік: Жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу,
ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Оқушылар білуі керек: Компьютер кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін
Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: Математика, қазақ тілі.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық. Оқушыларды түгендеу. Кітап
дәптер, қаламдарын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Циклдік алгоритм.
(Үй тапсырмасын сұрап, дәптерін тексеремін).
Жарайсындар балалар, барлықтарыңда үй тапсырмасын орындап, жақсы дайындалып келіпсіңдер.
1. Алгоритм дегеніміз не? Олар нешеге бөлінеді және аттарын ата?
2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Оған бір мысал келтір?
3. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не? Мысалды орында.
Бiрiншi шама Таңба Екiншi шама
2 сағ 120 мин
4 см 45 мм
3200 г 3 кг
8 бит 1 байт
16 бит 2 байт
12 бит 2 байт
20 бит 2 байт
4. Циклдік алгоритм дегеніміз не? Мысалды орында?
1-Сөз 2-Сөз А -нәтиже
Ала тау
Көк жиек
Қара қат
Сая хат
Жол барыс
Көркем сурет


5. Сөздік алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм – бұл атқарушыға арналған әрекеттер тізбегі. Командалар жүйесі – бұл атқарушыға түсінікті әрекеттер. Командалар бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады. Әрекеттерді атқарылу реті белгілі бір шарттарға байланысты түрде орындалатын алгоритм тармақталу алгоритмі деп аталады. Командалары бірнеше рет қайталанатын алгоритм циклдік алгоритм деп аталады. Әріптер тізбегін сөздер көмегімен сипаттау сөздік алгоритм деп аталады.

Жаңа сабақ:
Оқушылар біз бүгін алгоритмдерді қайталап өттік. Ендігі бүгінгі өтетін тақырыбымыз атқарушы алгоритм «Қара жәшік» - алдын – ала орындайтын алгоритмі мен құрылғысы белгісіз болып келетін атқарушы.
Қара жәшікке Кіріс ақпараты беріледі.
Қара жәшіктен Шығыс ақпараты нәтиже ретінде алынады.
Егер атқарушы алгоритмді орындай алмаса, жәшіктен ЖАСАЙ АЛМАЙМЫН деген нәтиже алынады.
Қара жәшік алгоритмін анықтауда алдымен бірнеше тәжірибелер жасалып, оның жұмысы туралы мәліметтер жинақталады. Жәшікке белгілі бір мәлімет беріліп, оны өңдеу барысында қандай нәтиже шығатыны тексеріледі. Тәжірибелер осы тексеру арқылы мәліметтер жинақтайды.
Сергіту сәті: Мына менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
1. Тапсырма Алгоритмді шеш.
Кіру 1 3 7 А 2 5 10 14 100
Шығу 2 4 8 ЖАСАЙ АЛМАЙМЫН
Атқарушы кіру санына 1-ді қосады.
2. Тапсырма Алгоритмді шеш.
Кіру 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Шығу 0 1 2 3
Атқарушы кіру санынан 1-ді алып тастайды.
3. Тапсырма Алгоритмді шеш.
Кіру 10 12 13 15 24 25 26 11 40 45
Шығу 11 13 12 14
Бірінші екуін қосасын, келесі екеуін азайтасын, дәл осылай соңына дейін қайталайсын.
4. Аруна мен Әлiмге атқарушы “Қара жәшiктiң” алгоритмiн орындауға көмектес.

а) Сөздегi әрiптер саны.

Кiрiс БЛОК СКАНЕР МОНИТОР ПРОЦЕССОР ТЫШҚАН
Шығыс

б) Кіру саны 2-ге көбейтiледi.

Кiрiс 2 4 8 16 32 64
Шығыс 4 8


в) Кіру саны 2-ге көбейтiлiп, нәтижесiне 1 саны қосылады.

Кiрiс 23 31 5 132 27 38 64 178
Шығыс 47 63

Шығармашылық тапсырма:



5 ұпай: Кіріс нені білдіреді?
5 ұпай: Қара жәшік дегеніміз не?
10 ұпай: Қара жәшік дегеніміз не?
10 ұпай: ЖАСАЙ АЛМАЙМЫН қай кезде, не шығады?
20 ұпай: 20 ұпай:
Сематикалық кесте
Сабақтан алған әсерің, не үйрендің? Сабақ барысында не ұнады? Сабақ барысында не ұнамады? Сұрақтарыңыз
Қорытындылау: Сонымен балалар бүгінгі сабақта не түсіндіңдер. Атқарушы қара жәшік дегеніміз не? Қара жәшіктің кірісі мен шығысы нені білдіреді?


Үйге тапсырма: Атқарушы қара жәшікке арналған есептер.

а) сөздегі дауысты дыбыс саны есептеледі.

Кiрiс БЛОК СӨЗ ТЫШҚАН СҮТ ПРОЦЕССОР
Шығыс

ә) сөздегі буындар саны есептеледі.

Кiрiс ҮСТЕЛ ДИВАН СУРЕТ СЕБЕТ ҚАҒАЗ
Шығыс

б) сөздегі дауысты және дауыссыз дыбыстар саны есептеледі.
Кiрiс ШАР КІТАП ДЕРЕК КӨЗІ АҚПАРАТ
Шығыс

Бағалау: Үй жұмысын айтқан оқушыларды бағалау, сабаққа жақсы белсене
араласып отырған оқушыны бағалау. ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������
Ұқсас мақалалар:
Циклдік алгоритм

Циклдік алгоритм

Сабақтың тақырыбы: «Циклдік алгоритм». Сабақтың мақсаты: - Алгоритм, циклдік алгорим, алгоритмнің түрлерін, анық түсіндіру;...
Информатикадан сабақ жоспарлары

Информатикадан сабақ жоспарлары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ, ҚҰЛАН АУЫЛЫ Т. РЫСҚҰЛОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ, ИНФОРМАТИКА ПӘН МҰҒАЛІМІ АБЕЗОВА АЛИЯ ӨМІРБЕКҚЫЗЫ Адам ақпаратты...
Циклдық алгоритмдер

Циклдық алгоритмдер

Сабақтың тақырыбы: Циклдық алгоритмдер Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылар циклдық алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеуді және программа...
Модель және модельдеу

Модель және модельдеу

Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат...
Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері

Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері

Пәні: Информатика және есептеуіш техника негіздері Тақырып: «Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері.» Бақытта. Бақытқа қалай қол...
Пікірлер: 0
Пікір қалдыру