Қостанай облысы
Аманкелді ауданы
«Жұпар» балабақшасы
Ағылшын маманы
Немзорова Светлана Андреевна
Сабақтың тақырыбы:Fruits
Сабақтың мақсаты:Балаларға жаңа тақырып бойынша жаңа сөздер меңгерту.Көкеністер мен жемістерді ағылшын тілінде атауын үйрету.Есте сақтау қабілеттерін дамытып ,пәнге деген қызығушылығын таныту.
Сабақтың көрнекілігі:Жемістер,Алтын қақпа ,күміс қақпа,қола қақпа,алтын сандық ,картотекалар жиыны,жемістер салынған себет.
Сабақтың әдіс –тәсілдері:Ойын сабақ,түсіндіру,сұрақ-жауап,диалог құру.
Билингвалдық компонент: аpple-алма,cherry-шие,orange-апельсин,banana-банан,pear-алмұрт.
Сабақтың барысы:
Мотивациялық қозғаушы кезең:
Good morning , good morning!
Good morning to you
Good morning , good morning!
We are glad to see you!
-Good morning children!
-How are you?
-Sidawon pleas!
-Балалар бүгінгі біздің сабағымыз «Алтын қақпа » ойыны түрінде өтеді.Біз ол сайыстың ережесімен танысып алайық.Бұл сайыс күрделі үш кезеңнен өтіп «Алтын сандық» құпиясын ашып тапсырмаларын орындаймыз.
Олай болса біз өткен сабақты еске түсіріп алайық.
Біз өткен сабақта қандай тақырыппен танысып едік?
-Отбасы туралы family
-Жарайсыңдар балалар!Very good!
-Олай болса «Қола қақпа» тапсырмасын орындайық.
«Қола қақпа» тапсырмасы
1 тапсырма.Балақай сен ағылшын тілінде мама,папа деген сөздің баламасын айтып бер.Mother,Father
2 тапсырма.Балалқай сен ағылшын тілінде 1ден 5ке дейін санап бер.
one-бір,
two-екі,
three-үш
four-төрт,
five-бес
3 тапсырма.Балалар өлең щумақтың ішінен ағылшын тілінде отбасы мүшелерін атаған кезде қолымызды шапалақтаймыз.
Сергіту сәті:»Listen to the numbers»
One,two,tree
Hop,hop,hop
One,two,tree
Top,top,top
Балалар сенгіту сәтін іс-қимылмен көрсетіп жасайды.
«Күміс қақпа » тапсырмасы:
1 тапсырма .Жаңа сабақ меңгерту.
-Балалар мынау менің қолымдағы себетте нелер бар?
Жемістер дегеніміз Fruits .Себеттегі жемістер таныстыру. Жемістермен таныстыру.
аpple-алма,cherry-шие,orange-апельсин,banana-банан,pear-алмұрт
2 тапсырма.Балалар бүгінгі біздің сабағымызға дәрігер апайымыз келіп қалыпты.Олай болса дәрігер апайдың бізге айтары болса назар салып тыңдайық.
Жадыра апайдың сөзі. Адам ағзасына жемістердің өте пайдалы екенін айтып өтеді.
«Алтын қақпа » тапсырмасы
Дидактикалық ойын :»Себеттегі жемістер»
Балалар мына себетте жемістер салынған.Осы жемістерді сипаттап ағылшын тілінде баламасын атап береміз.Көімізді байлап ,қолымызбен себеттен жемісті алып ,оның қандай жеміс екенін айтамыз.
«Алтын сандық» тапсырмасы
-Балалар мен сендерге өлең шумақтарын оқимын,сол өлеңнің ішінен ағылшын тілінде аталған жемістерді естігенде қолымызды жоғары көтереміз.
Фрукты и овощи
На доске рисую мелом
Грушу, pear, дыню melon,
Если захотите, вам
Нарисую сливу, plum
Груша, дыня и слива
Вам признаюсь откровенно:
Я люблю банан, banana.
Больше брюквы, больше репы
Ананас люблю, pineapple.
Балалар мен сендерге жемістің суреттері салынған парақшалар таратам осы суретті Бибігүл апайларының бейнелеу сабағында бояп келесіңдер.
Қорытындылау.
Балалар осымен бүгінгі біздің Fruits атты ашық сабағымыз аяқталды.Сабағымызда тамамдай отырып бүгінгі сабаққа жақсы ат салысқан балаларға арнаған сыйлықтарым бар.
Good bye ,children!
- cветлана
- 18 апреля 2015
- 1689
- 0


