АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ МҮМКІНДІКТЕРІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ІЗДЕНІСТЕРІНЕН
Құлахметова Бақтыгүл Бодыбайқызы
Шиелі индустриалды-аграрлы колледжінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Шиелі кенті, Қызылорда облысы.
Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі – қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.
Шет тілін игертудегі міндеттер:
- сабақ барысында жаңа технологияларды қолдану арқылы әрбір тіл
үйренушінің ойлау қабілетінің дамуына, пікір алмасуға,еркін сөйлеу
әрекеттерін жандандырып, сауатты жазуына толығымен мүмкіндік туғызу;
- тіл үйренушілерді шет елдердің салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары мен
күнделікті тыныс тіршілігімен таныстыру;
- оқыту технологияларына қатысты оқу құралдарын зерттеу, оны
тәжірибеге енгізу.
Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат.
Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын орындаудың бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз. Мәселен, жолдауда білім саласына айырықша көңіл бөлінген.
Жолдауда білім саласы туралы Президентіміз былай дейді: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет», – дейді. Осыған қарай отырып, Елбасы Назарбаев Зияткерлік мектептері қазақстандық білім көшін бастап келе жатқанын және өзгеге үлгі екендігін айтып отыр. Бұл біз үшін қуанарлық жағдай. Бірақ біз осы межені місе тұтып тұрып қалмай, ел страгегиясын қолдап, оның одан әрі дамуына үлес қосуымыз қажет.
Әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаһандану процесі қазіргі білімге құштар жастарға арнап ағылшын тілін және басқа да халықаралық тілдерді оқыту және танымал ету үшін алуан түрлі оқу-әдістемелік өнімдерді бүкіл әлемге таратуда. Аудио және бейне материалдарға көпшіліктің қолдары жетерлік, ал интернет сайттарының өзі көз сүріндірерлік екені белгілі. Бүкіл медиа (радио, телевизия, интернет, газет-журналдар және т.б.) тіл үйретуге жұмылдырылған. Сан салалы білім беруге арналған теле және радио арналары тағы бар. Қазақстандағы жағдай осы процесті игеру жолында аласапыран.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Қазіргі кезде тіл үйрету саласында жаңа ақпараттық және қатысымдық технологияларды қолдану қажеттігі бүкіл әлемнің білім беру жүйесінде өзекті мәселелердің бірі. Осыны ескере отырып, ЮНЕСКО-ның 1998 жылғы «Оқытушылар мен оқыту ісі шапшаң өзгермелі әлемде» атты баяндамасында және ЮНЕСКО-ның 2005 жылғы «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар оқытушыларды даярлау ісінде» тақырыбындағы баяндамасында дәстүрлі білім беру үрдісіне ақпараттық және қатысымдық технологияларды енгізудің мақсаттары мен оның салдары талданған [1, 20 б.].
Жаңа технологиялардың пайда болуымен тілдерді оқыту әдістемесіндегі оқытушының ролі басым дәстүрлі дәрістік бағыттан білім алушыға бағытталған интерактивті оқыту ортасын жасау қажеттігі туды делінген. (UNESCO. Teachers and Teaching in a Changing World. 4 p.19-20)
«Жаһандық біліктілік қоғамы» делінген баяндамада келесі ерекшеліктерімен сипатталады:
- әлемдік қоғамдастық туғызған білім мөлшері әр 2-3 жыл сайын екі есе ұлғаяды;
- күн сайын әлемде 7000 ғылыми және техникалық мақалалар жарыққа шығады;
- жердің жасанды серіктері арқылы жеткізілетін ақпараттың екі апта ішіндегі мөлшері 19 миллион томды құрайды.
Индустриалды дамыған елдерде орта мектеп бітіретін оқушылар ата-әжелерінің өмір бойы алатын ақпаратын алып шығады деген түсінік бар.
Канада ұлттық мектептер кеңесі ассоциациясының жүргізген зерттеулерін алатын болсақ, келесі отыз жылдықта күтіліп отырған өзгерістер көлемі жағынан соңғы үш ғасырда болған өзгерістермен тең болады. [National School Board Association, 2002. 3p. 47]
Осы сияқты құжаттарды басшылыққа ала отырып, шет тілін, оның ішінде ағылшынды оқыту әдістемесінде ең алдымен, осы саладағы оқытушылардың медиа сауаттылығы мен медиа біліктілігін дамыту мәселесі қолға алуды қажет етіп тұрғаны өз өзінен белгілі. Білім алушыларға бір факторды жақсы түсіну керек, ол – бір ғана медиамәтіннің медиа саласында сауаты жоқ адамнан гөрі, белсенді және медиа сауаттылығы бар адамға берері мол екенін түсіну. Сондықтан ағылшын тілі екінші немесе үшінші тіл ретінде оған қоса, оқытудың мультимедиа құралдардын тиімді қолдану әдістемелерін қалыптастыру мәселесі қазіргі таңда ағылшын тілін оқыту мүмкіндіктерін жалпы модернизациялауға апаратын бірден бір жол екендігін білу және басшылыққа алу жайы білім алушының ұстанымы болуы тиіс.
Адам баласы қашанда жаңа технологиялар диапазонын өздері мен дүниеден алған сезімдік әсерлері арасындағы дәнекер ретінде пайдаланып келгені белгілі. Статистиканың құрғақ сандары мен зерттеулердің нәтижесі сананың эмоционалды механизмдеріне тиіспейді. Ал біздің ішкі санамыз эмоционалды еместің бәрін маңызды емес деп білетіні белгілі болды.
Жазу, баспасөз, электронды пошта, радио, телевизия мен компьютер күнделікті өмірде қатысымды жақсартуға және тілдік қатысымның төрт психологиялық әрекеттерін (тыңдау, оқу, сөйлесу, жазу) дамытуда көмекші болып табылатыны да аян.
1. Тыңдап түсіну.
Тыңдап түсінуге арналған жаттығулар жеке сөздерді түсініп, оларды оқушының суреттерге қарап табуын дамытуға әсер етеді. Тыңдап түсіну тапсырмалары әндер мен тақпақтардан өлеңдерден құралады. Оқушылардың тақырып бойынша берілген негізгі сұрақтарға жауап беріп, әңгімелеп айта білуі керек. Тыңдап түсіну ұзақтығы 5 минут.
2. Оқу.
Оқытуға үйретудің негізгі мақсаты оқушылардың оқу техникасын қалыптастыру. Оқушылар сөздер мен қысқа сөйлемдерді үн таспаға жазылған материалға қосылып, ішінен және дауыстап оқуға үйренеді. Оқушыларға жеңіл сұрақтар қойылып, олардың ақпаратты іздеп табу дағдыларын жетілдіреді. Оқуға кішігірім мәтіндер беріледі, оқушыларға әр түрлі мәнерде оқытылады, негізгі мазмұнды іздеп табуға, сұрақтарға нақты жауап іздеп табуға арналған жаттығулар беріледі. Оқушылар минутына 130 – 150 таңба оқулары керек.
3. Сөйлеу.
Оқушыларға ауызекі сөйлеу дағдыларын жеке, жұппен және кішігірім топтарды жетілдіруге иүмкіндіктер қарастырылады. Олар сұрақ қойып, жауап беру, сынып алдында қысқа қойылымдар қойып, оқиғалар мен диалог жасау сияқты жаттығуларды жасай алады. Диалогтар баланың жылдам сөйлеуге төселуіне көмектесе отырып, ауызекі тілде жиі қолданылатын сөз тіркестерін игеруін қамтамасыз етеді. Және айта кететін жай, сөйлеу дағдысы сөйлеу шапшаңдығымен өзінің сенімділігін арттырады. Ол үшін оқушының монологтік және диалогтік сөйлеуде көбірек тәжірибеленуі қажет.
4. Жазу.
Жазуға үйретудің негізгі мақсаты оқушылардың жазу орфографиясын қалыптастыру. Оқушылар ағылшын әліпбиінің кіші және үлкен әріптерін жазуды меңгереді. Оқушылар жеке сөздер мен толық сөйлемдерді мұғалімді тыңдай отырып жазады. Жазуға арналған тапсырмалар әр деңгейге байланысты беріледі. Оқушылар жеке сөздер мен сөйлемдер жазу, сондай – ақ естігенін жазуды меңгереді. Тақырыпқа байланысты шағын әңгімелер жазуға төселеді. Қорыта айтқанда, жұмысты өз бетінше аяқтаулары керек. Жазу дағдылары оқыған лексика мен грамматикалық тақырыптарға негізделіп жасалады. Үлгімен тексерілетін дұрыс жазуға үлкен назар аударылады. Жазбаша тапсырмалар 10 – 12 сөйлемнен тұрады.
Ағылшын тілін екінші, үшінші тіл ретінде және шетел тілі ретінде оқыту әдістемесіндегі негізгі бағыт, ол - интерактивтілік. Бұл біздің қарым-қатынастар орнату мен оларды қолдау үшін қолданатын тіліміз. Бұл әдетте, мазмұны хабардан тұратын іскерлік тілмен салыстырғанда, мақсатқа жету тілі болып табылады. Өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін сөз сөйлеуші интерактивті стратегияларды қолданады.
Сонымен, шет тілін білу, оның ішінде ағылшын тілі - әлемдік жаңалықтарға атсалысуға дайындалу үшін немесе жалпы өз біліми-танымдық деңгейін көтеру үшін және т.б. толып жатқан мәдени-ғылыми мұқтаждықтар үшін болсын, мультимедиа материалдар арқылы алатын білім аса тиімді әрі нәтижелі меңгеру үшін аса қажет.
Мультимедиа форматындағы құралдар (аудио және бейнемәтіндер және т.с.с.) ерекше методологиялық үлгілерден және лингвистика мен әдістеме теорияларына сай тілді оқыту мақсаттарына байланысты сұрыпталып алынады. Қатысымдық біліктерді дамыту үшін сұрыпталып алынған материалдың мақсаттары анық болуы тиіс. Мультимедиалық оқытуда ақпарат өте көрнекті түрде ұсынылады. Лексиканың аудармасыз семантикасын, яғни табиғи, натуралды әдісті оп-оңай жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар. Тағы бір маңызды құрал ол:
Интерактивті тақта. Интерактивті тақта – бұл компьютер мен проекторға қосылған үлкен интерактивті кешен болып табылады. Оқытушы мен тіл үйренуші оқушы материалды көрсету компьютер арқылы басқарылады. Мысалы, белгілі бір сөздің фонемалық символының айтылуын тексереді, аудармасыз сурет арқылы лексикалық қорды байыту жұмысын іске асыруға болады және тағы сол сияқты толып жатқан оң мақсаттарға қол жеткізуге болады.
Ағылшын тілін үйрену сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың артықшылықтары: сабақтағы уақыттың үнемделуі, сабақ материалының мейлінше тығыз ұсынылуы, аз уақытта көп ақпарат көзіне қол жеткізе білу және т.с.с.
Әр жаңа технологияның артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де болуы әбден заңды. Сондықтан интерактивті тақта қолданылып өтілетін сабақтарда көп жұмыс мұғалімге байланысты болғандықтан, жиі сынға ұшырауда. Демек, бұл да ғылыми-әдістемелік зерттеулерді қажет ететін тың бағыт.
Ағылшын тілін үйрену мүмкіндіктерінде өте маңызды бағыт: мультимедиалық презентациялар. Мультимедиа алуан түрлі ақпараттық объектілердің бірлігінен, мысалы, мәтін, графика, бейне (video) анимация және дыбыстан тұрады. Ағылшын тілінде презентациялар дайындағанда білім алушы жоспарлау, жобалау және мультимедиалық өнімді жасау үрдісінде жаңа білім мен білікке ие болады. Мультимедиалық презентациялардың кейбіреулері, мәселен, интернет сайт жасау, бейнефильмдер түсіру, фильмді монтаждау, гипермедиалық құрылымдар жасау, радио, телевизия бағдарламаларын қолдану, мультимедианы қолданып, презентациялар дайындау және тағы сол сияқты. Сөйтіп, трансляциялық оқытудан интерактивті оқытуға көшу мүмкіндігі өз-өзінен шешіледі деп ойлаймыз. Бірақ бұл ретте мотивацияның ролін де жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар маңыздылығы артып келе жатқан әрекет түрі – ол қашықтықтан оқыту әдістемесі.
Мысалы, қашықтықтан бірлескен жобалық жұмыс жасау әрекетін алуға болады. Оны ағылшынша «telecomputing» деп атайды. Бұл оқыту үлгісі дүниежүзілік өрмек арқылы бір оқу орны мен басқа бір оқу орнының оқу байланысын іске асыруға мүмкіндік беретін тәсіл.
Осы жұмыстың нәтижесінде:
- пікір алмасу;
- тәжірибе алмасу;
- ақпарат алмасу;
- мәселелер шешу әдістерімен алмасу;
- жеке және бірлескен жобалар нәтижелерімен алмасу және тағы сол сияқты сан алуан амал-тәсілдерді жүзеге асыруға мүмкіндік бере алады. Әртүрлі қатысым құралдарын пайдалана отырып, білім алушы мен білім беруші сарапшылармен және өз қатарластарымен чат, электронды тақталар, электронды пошта араласа алады. Нақты реалды және виртуалды уақыт жағдайларында араласу қатысушыларға еш кедергісіз ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Әңгіме шегерілген уақытта да өтуі мүмкін. Ондай жағдайда ойланып-толғануға уақыт болады, уақыт айырмашылықтарын өтеуге де болады.
Ішкі сана сырттан келіп түскен ақпаратты эмоцияға айналдырады. Осы «эмоциялық архивтің» негізінде аз ғана секундтің ішінде әрекет етудің қарапайым да шұғыл шешімдерін интуитивті түрде береді.
Осы дана, тиімді сезімдер тілі жүйесіне біраз уақыт ғалымдар сенбей келді. Берлиндік ғалым, психолог Герд Гигеренцер осы жайында былай дейді: «Біздің миымыз ғасырлар бойғы эволюцияның нәтижесінде азғантай ғана ақпараттан шапшаң әрі дұрыс шешімдер шығаруға үйренген». Шешім қабылдау шет тілі әдістемесінде рольдік ойындар арқылы жүзеге асатын және тіл үйрену үрдісін белсендендіруші стратегия болып табылатынына тәжірибеде көз жеткізілді. [2, 9 б.].
Выготскийдің теориясы бойынша, адамның үйреніп жүрген тілін дамыту үшін оны сол әлеуметтік ортаға орналастыру керек. [3, 115 б.]. Ал медиақұралдар тіл үйренушіні сол әлеуметтік және әдеби тілдік ортамен тиімді қамтамасыз ете алады деп есептейміз.
Мультимедиалық қорларды пайдаланып оқыту үрдісіне деген жаңа қөзқарастардың теориялық негізін құрайтындар:
- мәдени-әлеуметтік теория;
- оқу үрдісінің конструктивистік үлгілер теориясы;
- таным үрдістерінің жағдаяттық үлгілері;
- «таратылған сана-сезім» үлгісі (Salomon және басқалары, 1993);
- проблемалық бағытталған оқыту теориясы (ЮНЕСКО қабылдаған Вандербильт университеті ұсынған «Сана мен технология» үлгісі);
- «шебер және шәкірт»үлгісі;
- танымдық икемділік теориясы;
- рефлексивті оқу;
- белсенді зерттей оқу және т.с.с.
шет /ағылшын/ тілін үйретуге арналған медиа құралдардың кемшілігі:
- Интерактивті тәртіпте бағдарламалауға болмайтын шынайы қатысымның болмауы;
- Электрондық қордың аздығы: алуан түрлілікке қол жеткізбегеніміз;
- Олардың ролінің қосымша құрал ретінде ғана болуы;
- Сапасының сын көтермейтіндігі;
- Лексика-грамматикалық бағытта болуы;
- Дизайнының кедейлігі;
- Қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптаспауы;
- Мультимедиа құралдар жасау тәжірибесінің жоқтығы.
Медиа білімді тек қазіргі техникалық құралдарды (компьютер, Интернет, видео, DVD және т.б.) оқу үрдісінде қолдану деп қана түсінуге болмайды. Нағыз медиа біліктілік түрлі жанрлардағы медиа мәтіндерді сыни тұрғыдан талдай білмейінше мүмкін емес екенін ескеру жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. UNESCO. Teachers and Teaching in a Changing World. p.
2. Евсеева Н.А. Язык и межкультурная коммуникация // Вестник МГУ. – 2000. - № 2.
3. Выготский Л.С. Полное собрание сочинений. 1982, 1 т.
- Asya
- 9 апреля 2015
- 1436
- 0

